Салатты - көкөністі, біреуінің тамаққа жас өркендері, тамырлары, тамырсабақтары, түйнектеріжуашықтары, ал басқаларының жапырақтары пайдаланылады. Негізінен бұл орамжапырақ, күрделі гүлділер, балдыркөк, лала гүлділер және т.б. тұқымдастардың өкілдері.
Жеміс-жидектік өсімдіктердің құрамында қышқыл, қант т.б. юолуына байланысты жидек, жеміс, тұқым мен басқа тамаққа пайдаланатын бөліктерін беретін өсімдіктер. Мұнда бөріқарақаттың, алма, алмұрт, бүлдіргент.б. түрлері жатады.
Жемістердің дәмі олардың сапалық құрамына және ондағы қанттың, органикалық қышқылдардыңклетчатка, хош иісті заттар дың т.б. сандық мөлшеріне байланысты болады, ал диеталық және дәрілік шикізат ретінде құндылығы құрамында аскорбин қышқылының, Р-белсенді полифенол, каратиноид және т.б. витаминдер, микроэлементтер, пектин заттарының сандық қатынасымен анықалады.
Жемістердің сапасы, олардың тамақтық және дәрілік құндылығы өсу ортасымен, вегетациялық дәуірдің жағдайларына байланысты болады.
Жаңғақ - жемісті өсімдіктер жабайы түрде өсетін жеміс, жидек, жаңғақтары бар өсімдік топтары кіреді. адамның тиімді тамақтануымен жаңғақ, тұқым, сүйегі бар өсімдіктердің топтары кіреді. Жабайы түрде өсетін жемістерде, жидектерде, жаңғақтарда жеңіл сіңірілетін қант, полисахаридтер, крахмал, минералды заттардың, органикалық қышқылдар адамның тиімді тамақтануы үшін бағалы болып саналады. Орманның жидектерінде көп мөлшерде фруктозалар мен глюкозалар болады. Қанттардың мұндай қосындылары өте пайдалы болып келеді.
Таңқурай, қара бүлдірген, қаражидек және қара қарақат құрамында пектин заттарының болуына байланысты құнды болып табылады. Олардың жемістері мен жидектерінің құрамында ас қорытуды жақсартатын және сонымен қатар бактериоцидтік әсері бар органикалық қышқылдар болады. Құрамында пектин заттарының, илік және әртүрлі хош иісті және бояғыш заттарының болуына байланысты жабайы түрде өсетін жемістер мен жидектер кулинария, кондитер, шарап-арақ өндірісінде, ал кейінгі жылдары алкогольсіз сусындар шығаратын өндірісте кеңінен қолданылуда.
Жүйелі түрде жидектік және жемістік, жаңғақжемістік, жапырақтық немесе көкөністік; тамырсабақтық, тұқымдық және дәмдік немесе тұздық өсімдіктер деп қарастырған дұрыс.
Алдымен экономиялы эффективті топ-жидектік және жемістік өсімдіктерден бастаймыз, өйткені оларды географиялық аймақтармен таратып зерттеген ыңғайлы.
Солтүстіктен-тундра және арктика аймағында бұл топтың өкілдері өте аз.
Тундрада және орманды тундрада түрлердің ерекше жиынтығы, мысалы көкжидек, немесепьяница, көкбұта тұқымдасынан гонобобельді айтуға болады. Бұл биіктігі 50 см, сопақша немесе дөңгелектеу келген жапырақтары бар, көк, көгілдір балауыз қабатымен жабылған және сопақша жидектері бар бұтақтанған бұташық.
Жидектері дәмсіз және татымсыз, іші ұсақ тұқымды жасылдау, құрамындағы қанттың жалпы мөлшері 6,5%, бос қышқылдардың тек іздері ғана бар-0,97%. Тамаққа балауса күйінде (свежий), сирек кептіріплген күйде немесе тосап жасап пайдаланады. Көкжидекпен бірге гүлдеген кезінде ауыр естен тандыратын иіс шығаратын қазанақ () та кездеседі. Пьяница деп аталуының да себебі осыдан шыққан.
Сужидек (Empetrum nigrum L.) сужидек тұқымдасының өкілі. Аласа, көбінесе жатаған бұташық. Жидектері ұсақ, шар тәріздес болып келеді. Олардың дәмінің шынында да суы бар, көкжидекке қарағанда аса тәтті емес.
Қызамық (Vaccinium vitis ideae L.) көкбұта тұқымдасының өкілі. Қатты мәңгі жасыл жапырақтары бар және төбесінде жерге жиылған ақшыл қызыл, піскен, қатты жидектері бар ұсақ бұта тектес өсімдік. Солтүстіктегі сүйікті және 000 жидегі, құрамында қанттың мөшері 8,9%, және бос қышқылдар-2,2% бар.
Мүкжидек (Оxycoccos) көкбұта тұқымдасының өкілі. Ланцет тәрізді мәңгі жасыл жапырақтары бар және қызыл шар тәрізді жидектері бар өрмелегіш батпақтық өсетін бұта тектес өсімдік. Орманды облыстарда сфагнумды батпақтарда әдетте ірі жемісті түрі, ал солтүстікте олардың жемісі ұсақтау болып келеді. Жидектері өте қышқыл, өйткені қант өте аз-2,3%. Ал одан басқа бос лимон қышқылы да бар.
Морошка (Rubus chamemorus L.) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 10-15 см, бүтін, дөңгелектеу келген, жиектері аздап қалақты болып келген жапырақтары, ақ гүлді және шеттері қызғылттау келген пішіні таңқурайға ұқсас, бірақөзіне тән иісі мен дәмі бар ашық сары жидекті көпжылдық өсімдік.
Сфагнумды батпақтарда және төбелерде, сол жерге тән түр болып бұталы тундрада өседі. Тамаққа жаңа піскен күйінде және тосап дайындауда пайдаланылады. Құрамында 4-5% қант болады.
Княженика, мамура, поленика (Rubus arcticus L.) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. 10-12 см, ұсақ, жатаған тамырларсабақты, үш құлақ жапырақты, қызыл жемісті және жидектерінің қошқыл-қызыл көкшіл-сұр қабаты бар, пішіні таңқурайға ұқсас, бірақ одан кішілеу келген көпжылдық шөптектес өсімдік.
Өте тәтті, иісі де ғажап және ананасқа ұқсас дәмі бар ТМД-ның жабайы жидегі. Жидектері тамаққа жаңадан піскен күйінде пайдаланылады, бірақта өте ғажап тосаптарды, тұнбаларды, шараптарды қайнатуға және кептірілген күйінде пайдаланылады. Құрамында 6-7%-ке дейін қант, 1-2 % лимон қышқылы болады.
Қаражидек (Vaccinium myrtillus L) көкбұта тұқымдасының өкілі. Биіктігі 40 см кеңқандауыр тәрізді, қыста түсетін жапырақтары бар және көкшіл-сұр қабатты жидектері бар, дәмі тәтті және шырынды болып келетін аса үлкен емес бұта тектес өсімдік. Жидектері тамаққа жаңа піскен күйінде, сироптар мен кисельдер , тосаптар, кейде жидек шарабын дайындауға пайдаланылады. Құрамында 5-6% қант, 1%-ке дейін лимон қышқылы болады.
Еуропа бөлігінің және Сібірдің орманда аймақтарының оңтүстігіне қарай жоғарыда аталған түлерді қосқанда ассортименті аздау, бірақ өседі. Оларға қосылады: Бүлдірген () раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Бұл бәріне белгілі ТМД-ның сүйікті жидектерінің бірі болвп табылады. Құрамында 5-6% қант, 1,5%-ке дейін лимон қышқылы болады. Тамаққа жаңа піскен күйінде пайдаланылады, тосап қайнатуға және шай ретінде кептіріледі.
Тасбүлдірген (Rubus saxatilis L) Үш құлақ жапырақты және ірі дұрыс емес пішінді саны аз қызыл сүйекті көпжылдық шөптектес өсімдік, тосап қайнату мақсатында қолданылады.
Таңқурай (Rubus idaeus L) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 1 м-ге дейін жететін, үш құлақ, әдетте екітүсті жапырақты және қызыл жидекті ірі бұта тектес өсімдік. Олар өте хош иісті және тәтті, әсіресе шығарылған сорттары ерекше, бірақ олардың көлемі кішірек.
Құрамында 6%-ке дейін қант, аздап лимон, алма, салицил қышқылы бар. Тамаққа жаңа піскен күйінде, тосап, сироп, тұнбалар және т.б. дайындауға қолданылады.
Қара қарақат (Rubus nigrum L) тасжарғандар тұқымдасының өкілі. Биіктігі 1-1,5 м, қалақты, иісті жапырақтары және шашақты домалақ қара жемісті өте ірі бұта тектес өсімдік.
Тамаққа жаңа піскен күйінде, бірақ көбінесе тосап дайындауға пайдаланылады. Сонымен қатар конфет начинкасын, сироп, желе, тұнба, шарап және жидек шарабын дайындайды. Қанттың жалпы 10-13%-ті және 2-3% алма және лимон қышқылы бар. Негізінен аталған түр ТМД-ның Еуропалық бөлігінде, Кавказ бен Сібірде өседі, шығыста жақын, бірақ ұқсас емес түрлер орнын басады.
Шетен (Sorbus aucaparia L) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 6-7 см, қауырсын жапырақты және қалың калқаншада қызыл немесе қызғылт дөңгелек тәрізді жидектері орналасқан аса үлкен емес ағаш. Шетеннің жидектерінде оған ащылау дәм беретін 6-8 % қант, 1-2% алма қышқылы, 0,20-0,27 % илік заттар бар. Шетеннің тұқымдарында 22% жақсы майлар кездеседі. Тосап дайындауға қолданылады.
Мойыл (Padus racemosa C.K. Schn.) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 3-10 см, бүтін жапырақты және диаметрі 3-4 мм болатын шашақта сопақша ұсақ, қара жылтыр жидектері болатын аса үлкен емес ағаш. ТМД мен Сібірдің Еуропа бөлігінің орманды жазықтарынан Камчаткаға дейін созылып жатқан кең таралған өсімдік. Жидектері күн көзінде немесе орыс пешінде кептіріледі, сосын диірмен тасында ұсаққа тартылады. Алынған мойылдың ұнынан пирогтар мен ватрушкаларға начинка, немесе балмен бірге киселге қайнатып алады.
Шырғанақ (Hippophfe rhamnoides L) жиделер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 2-3 м болатын қатты бұтақтанған тікенді бұтақтары бар бұта тектес өсімдік. Өзен аңғарларында, бұталы қопаларда және тау бөктерлерінде, әсіресе үлкен қопалармен шығыс Сібір, Байкалда, бірақ одан Алтайдың, Орта Азияның және Кавказдың батыс ына алыс жерлерге таралады.
Өсімдіктің жемістері отырыңқы, ұсақ, диаметрі 0,5-0,6 см, жидектері көбінесе қызғылт түсті, сирек қоңырқай немесе қызылдау, қалыңқабыршақты болып келеді. Жидектерінде 2,5-3 % қант, 2-3%-тей боа алма және лимон қышқылы, және одан басқа 8%-ке дейін май бар.
Шырғанақтың жемістері-құнды заттардың нағыз қоймасы деуге де болады. Көлемі бойынша олар мүкжидегінен үлкен емес. Піскен жемістерінің жұмсақ бөлігі ащылау, бірақта бірінші үсіктермен үскенде ащы дәмін жоғалтады және өзіне тән ананас тәрізді иісі бар, жағымды қышқыл-тәтті дәмді болады.
Сібірде олар бұрыннан халықтың сүйікті тамағы ретінде белгілі. Техникалық және тамақтық шикізат ретінде олар біздің елімізде, және шет елдерінде де үлкен сұранысқа ие. Оларды тұтынушылар-тамақ, кондитер және шарап-арақ өнеркәсібі.
Шырғанақтың жидегінен тосап, пастила, басқа да кондитер тағамдарын дайындауға, тіпті нанның ерекше сортын пісіргенде де ұнға қосып араластырады. Осымен орман аймағының жидек ресурсының сипаттамасын аяқтауға болады.
Тамақтық жемісті өсімдіктер (Алыс Шығыстың).
Уссурий алмұрты (Pirus ussuriensis Max.) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 8-10 м болатын ағаш. Тығыз, өткірара тәрізді жапырақты және диаметрі 4-6 смқысқа алмұрттәріздес немесе шар тәрізді жемістері бар. Әсіресе Қиыр Шығыстың маньчжур флоралық облысы аймағында таралған.
Манчжур алмасы (М. manschurica Max.) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Қиыр Шығыстың Уссурий облысында, ТМД елдерінің шекараларында Манчжурия мен Кореяның аралас аудандарында таралған. Ормандарда, өзен алқаптарында, тау аңғарлары мен кең жапырақты ормандарда өседі.
Жапон шиесі (Cerasus japonica) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 1-1,5 м болатын бұта тектес өсімдік.
Үш түсті қараөрік (Prunus trijlora Roxb. Var. Koreana Kom.) Қиыр Шығыстың оңтүстігінде кездеседі.
Сібір өрігі (Armeniaca sibirica L) раушангүлділер тұқымдасының өкілі. Биіктігі 3-4 м-ге болатын бұта тектес өсімдік немесе ағаш. Оңтүстік Байал және Қиыр Шығыстың құрғақ далалы және тасты баурайларында кездеседі.
Жүзімдерден: Амур жүзімі (V. amurensis Rupr.) жүзімдер тұқымдасының өкілі. Сабақтары 12-15 см-ге жететін ірі лиана.
Өткір актинидия (Аctinidia arguata Planch) Қиыр Шығыстың ормандарындағы ең ірі лиана. Оның ұзындығы 30-40 м-ге жетеді.
Сермене (Schizandra chinensis Baill) магнолия тұқымдасының өкілі. Ұзындығы 12-15 м-ге жететін лиана. Жидектері шырынды, хош иісті, жұмсақ, абайламаса шырыны сыртқа оңай шығады. Спецификалық, ауыз қуыратын дәміне байланысты жаңадан піскен күйінде тамаққа пайдаланылмайды. Серменені тек аңшылар сергітетін дәмдеуіш ретінде шайға қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |