Жаңа материалды зерделеу алгоритмі. Ривин А. Ж. әдістемесі
бойынша (мәтінді абзац бойынша оқу)
Оқушыларға (студенттер немесе курс тыңдаушылары) мәтін беріледі
(мазмұны әртүрлі оқулықтан немесе оқу құралдарынан алынған). Барлығы
жұп болып жұмыс істейді, мәтіндерді абзацтарға жіктеп талдайды. Бір
абзацты өңдегеннен кейін жұптағы серіктесі ауысады.
I. Бірінші жұптағы жұмыс
1. Бірінші оқушы мәтінінің бірінші абзацын жай дауыспен оқиды,
екіншісі мұқият тыңдайды.
2.
Жаңа ұғымдар мен бейтаныс сөздерді бірлесіп талдайды.
3.
Абзацтың мазмұнын талқылайды, бұл абзацта не айтылғандығын және
осы арқылы автордың не айтқысы келгенін анықтайды.
4.
Абзацқа тақырып қояды (бұл шамамен 5-12 жолдан тұратын мәтін).
5.
Тақырыпты "қожайынының" дәптеріне серіктесі жазады.
6.
Осындай жұмысты екінші оқушының мақаласы бойынша жасайды.
7.
Бұл жұп тарқайды, оқушылар басқа жұпқа бірігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |