Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Органикалық және бейорганикалық



бет37/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

7.2 Органикалық және бейорганикалық заттар
Материалдардың алуан түрлілігі. Адамдар өмір сүру барысын- да әртүрлі (азық-түлік, бұйым) көптеген материалдарды пайдала- нады. Кейбір материалдарды өсімдіктер мен жануарлардан алатын болсақ, біреулерін жер қойнауынан аламыз. Бұларды табиғи ма- териалдар дейміз.
Көптеген заттар мен бұйымдарды өнеркәсіптер шығарады. Оларды жасанды (синтетикалық) материалдар дейміз.
Күнделікті тұрмыста және техникада жыл сайын жасанды материалдардың түрлері пайда болуда. Сондықтан да қазіргі кезең- ді жасанды материалдар (әсіресе полимер (пластмасса)) ғасырыт деп атасақ, қателеспейміз.
Табиғи және жасанды материалдардың артықшылығы мен кемшілігі. Әртүрлі материалдың өзіне тән әртүрлі қасиеті болады. Мысалы, ағаш әртүрлі жиһаз жасауға қолайлы болғанымен, одан автомобиль жасай алмаймыз.
Барлық табиғи материалдар күнделікті өмірде өте қажет. Со- нымен бірге ғалымдардың ойлап шығарған жасанды материалдары да өте қажет нәрсе (61-сурет). Жасанды заттардың тиімділігі, оған қажетті деген қасиетті бере алуымызда
Мақта матаның ішінде кеңінен танымалдары: шыт, фланель, сәтин және тағы басқалар. Мақтаның артықшылығы көп: жаз- да ыстықты қатты тартпайды, қыста – суық емес, ауаны жақсы өткізеді және денеге жұмсақ. Мақта матаның кемшілігі – тез оңып кетеді және жиырылғыш. Тез оңып және жиырыла бермеу үшін, оны арнайы химиялық затпен өңдейді. Бұл қоспалар кей жағдайда тері аллергиясын туғызуы мүмкін.
Бізді қоршаған дүниенің барлығы заттардан тұратынын біз білеміз. Заттардың саны өте көп. Біреулері табиғатта кездессе (алтын, тұз, су, мыс, темір, саз, ағаш, ауа), кейбіреулерін адамдар ойлап шығарған (пластмасса, резина, фарфор, шөлмек).
Табиғи заттар дегеніміз, табиғаттан алынған заттар. Айналамыздағы барлық жануарлар мен өсімдіктер табиғи жолмен пайда болған органикалық заттар. Көмір, мұнай, шымтезекте табиғи органикалық зат.
Пластмасса сияқты жасанды заттан, жасанды (шелек, стақан, ойыншық) денелерді жасап шығаруға болады.
Сендер оқып отырған кітапта жасанды зат, адамдар қағазды жасанды жолмен қатты дене целлюлозадан алады.
Синтетика дегеніміз, адамдардың зертханада жасанды жолмен шығарған заттары. Өздерің киіп отырған синтетикалық киімдер, пластмасса мен резинаның барлық түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет