7.4 Табиғи және жасанды материалдар
Материалдардың алуан түрлілігі. Адамдар өмір сүру барысын- да әртүрлі (азық-түлік, бұйым) көптеген материалдарды пайдала- нады. Кейбір материалдарды өсімдіктер мен жануарлардан алатын болсақ, біреулерін жер қойнауынан аламыз. Бұларды табиғи ма- териалдар дейміз.
Көптеген заттар мен бұйымдарды өнеркәсіптер шығарады. Оларды жасанды (синтетикалық) материалдар дейміз.
Күнделікті тұрмыста және техникада жыл сайын жасанды материалдардың түрлері пайда болуда. Сондықтан да қазіргі кезең- ді жасанды материалдар (әсіресе полимер (пластмасса)) ғасыры деп атасақ, қателеспейміз.
Табиғи және жасанды материалдардың артықшылығы мен кемшілігі. Әртүрлі материалдың өзіне тән әртүрлі қасиеті болады. Мысалы, ағаш әртүрлі жиһаз жасауға қолайлы болғанымен, одан автомобиль жасай алмаймыз.
Барлық табиғи материалдар күнделікті өмірде өте қажет. Со- нымен бірге ғалымдардың ойлап шығарған жасанды материалдары да өте қажет нәрсе. Жасанды заттардың тиімділігі, оған қажетті деген қасиетті бере алуымызда.
3-модуль Тірі және өлі табиғаттағы үрдістер, энергия және қозғалыс бөлімдерін оқыту
8-дәріс. Өлі табиғаттағы үрдістер тақырыбын оқыту әдістері
8.1 Табиңаттағы үрдістер мен құбылыстарды үлгілеу
8.2 Табиғаттағы зат айналымы.Табиғаттағы заттардың бір түрден екінші түрге химиялық жолмен айналуы
8.3 Заттардың бір түрден екінші түрге табиғаттағы айналымы
Өлі табиғаттағы үрдістер тақырыбын оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттырып, тау түзілу, жанартау атқылау, Күн мен түннің ауысуы, Жердің өз білігінен және Күнді айнала қозғалуының салдары, мұхит ағыстары, ауа массаларының қозғалысы сияқты күрделі түсініктерді жеңіл меңгерту үшін бйне фильмдерді көрсетіп нәтижелерін талдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |