Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет16/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Төбе бөлігі 
жарты шарының жоғарғы-бүйір бетін алып жатады. Оның 
шекаралары: алдында роланд саласы, төменгі жағында сильвий саласы, артқы 
жағында тұрақсыз алдыңғы желке саласы. Төбе аймағының қыртысы маңдай 
бөлігімен салыстырғанда жұқарақ болады – 1,5-2,5 мм. Роланд саласына 
параллель артқы орталық қатпар орналасады, ол төбе бөлігінің біріншілік 
алаңдары болып табылатын 3-ші, 2-ші, 1-ші алаңдарға бөлінеді; бұл алаңдарда 
беткей және терең сезгіштіктің жолдары аяқталады. Төбе бөлігінің төменгі 
шетінде 40-шы үлкен алаң (екіншілік алаң) орналасады, онда беткей және терең 
сезгіштіктің (кинестезия) қабылдау негізінде үйреншікті қимылдар бекітіледі – 
праксис. Артикуляциялық бұлшық еттер үшін бұл 40-шы алаңның төменгі 
бөліктері – оральды праксис. Төбе аймағының үшіншілік алаңы (39-шы алаң) 
төбе, желке және самай аймақтарының түйіскен жерінде орналасады және 
көрукеңістік синтезді қалыптастыру (конструктивті праксис) – кеңістікте және 
дене жобасында бағдарлану сияқты күрделі қызметті орындайды. Төбе 
аймағының осы бөлігінің қалыптасуы әлдеқайда кеш және мидың көру, есту 
бөліктерімен тығыз байланыста өтеді.
Желке немесе шүйде бөлігі 
ми жарты шарларының артқы жағында 
орналасады, мидың төбе және самай бөліктерімен тығыз байланыста және 
айқын шекарасы жоқ. Бұл ең кеш пайда болған құрылым, оның қалыңдығы 1,5- 
2,5 мм. Қыртыстың микроскопиялық құрылысы бірдей емес, соған байланысты 
барлығы үш алаңды ажыратады – 17-ші,18-ші,19-ші. Цито- және 
миелоархитектоника жағынан талшықтардың горизонтальды түрі басым болып 
келген төртінші (дәнді) қабат әсіресе дамыған.
Желке аймағының біріншілік алаңы 17-ші алаң болып табылады, онда көру 
жолы аяқталады. Бұл алаң ең ескі құрылым болғандықтан, ол мидың ішкі бетіне 
толығымен ығысқан. 17-ші алаңда көру анализі мен синтезінің қарапайым емес, 
кешенді түрлері бекітіледі. Екіншілік 18-ші алаң біріншілік алаңның үстіне 
орнатылған және басқа бөліктермен бірге көру импульстарын қабылдау 
қызметін атқарады. Құрылымы жағынан ең күрделі 19-шы үшіншілік алаң 
болып табылады, ол қыртыстың сыртқы бетінде орналасқан (самай және төбе 
бөліктерімен қиылысқан аймақтар) және сөйлеумен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет