әртүрлі өткізгіш жолдар өтеді, олар қыртысты төмен орналасқан аймақтармен
және тікелей қыртыс асты түйіндерімен байланыстырады. Жеке алғанда,
қыртыстың ми мен жұлынның әртүрлі қабаттарымен
байланысын қамтамасыз
ететін пирамидалық жол ішкі дорба арқылы өтеді. Қызметтік жағынан қыртыс
асты түйіндері еріксіз қимылдардың негізі болып, күрделі қозғалыс актілеріне
қатысады. Олар сонымен қатар жоғарғы нерв қызметінің іргетасын қалайтын
күрделі шартсыз рефлекстердің –тамақтану, қорғану, бағдарлау,
жыныстық
және т.б. – негізгі болып табылады. Бұл рефлекстердің әрқайсысы қаңқа
бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Алайда бұл рефлекстердің барлығы тек
қыртыс асты түйіндерінде ғана анық орын алады деп ойлау қате болар еді (Е. К.
Cenn). Оның орналасуының құрылымы кеңірек болады, өйткені оған аралық
және ортаңғы мидың басқа деңгейлері де қосылады.
Қыртыс асты
құрылымдарының вегетативті орталықтармен тығыз байланысы олардың
вегетативтік қызметтердің реттеушісі болып табылатынын, эмоционалдық-
көрнектілік, қорғаныш қозғалыстарын және автоматтық қимылдарды
орындайтынын, бұлшық ет тонусын реттейтінін, дене қалпының өзгеруі кезінде
көмекші қозғалыстарды анықтайтынын көрсетеді.
Қыртыс асты түйіндерінің қызметін зерттеуге И. П.
Павлов зор көңіл
аударған. Ол қыртыс астын қыртыстың аккумуляторы, қыртысқа нерв
энергиясының қуатын беріп отыратын күшті энергетикалық негіз ретінде
қарастырды. Сонымен бірге ол қыртыс асты түзілістері тек қана дөрекі нерв
қызметін орындай алады және өте сезімтал ажырату
мен жіктеуді орындауға
қабілетті қыртыс тарапынан ылғи үздіксіз реттелуді қажет етеді деп санады.
Қыртыс пен қыртыс астының қарым-қатынасын сипаттай отырып, И. П.
Павлов былай деп жазды: «Менің қыртыс қызметіне қатысты айтқанымның
бәрін қорыта келе, айтуға болатын нәрсе, қыртыс асты бүкіл
жоғарғы нерв
қызметінің энергия көзі болып табылады, ал қыртыс осы соқыр күшке бағыт
беріп, тоқтататын реттегіш қызметін атқарады».
Достарыңызбен бөлісу: