Жұқтыру бацилла тасымалдаушының мұрын шырышы онымен қатынас
жасаған басқа балалардың терісіне немесе шырышты қабаттарына түскен кезде
болады (ойнау кезінде, сүйіскенде, бацилла тасымалдаушы
қолданған ортақ
сүлгі, беторамал және т.б. заттар арқылы).
Аурудың жедел кезеңіне өзіндік сипаттағы көрінісі тән болады. Әдетте
ауру дене қызуының жоғарылауынан басталады, сонымен қатар құсу, терінің
бөртуі, қатты бас ауыру ұстамасы, кейде естен тану байқалады.
Науқас адамның айрықша дене қалпында болуы осы ауруға тән белгі болып
табылады: Желке бұлшық еттерінің патологиялық
керілуіне байланысты басы
артқа қарай шалқаяды (желкенің тартылуы), науқас тізе буындарында жартылай
бүгілген қалыптағы аяқтарын ішіне жинап алып жатады (Керниг симптомы),
тері сезімталдығы жоғарылаған болады (гиперестезия), жарыққа шыдамсыздық
байқалады.
Жедел кезеңнің ұзақтығы, аса жедел және созылмалы түрлерін есепке
алмағанда, әдетте 1-2 аптаны құрайды, одан кейін науқастың жазылуы немесе
өлуі мүмкін. Бұрынғы кезде менингиттен қайтыс болу көрсеткіші 25%-дан 50%-
ға дейін еді. Антибиотиктердің және
сульфаниламидтік дәрілердің
қолданылуына байланысты аурудың ұзақтығы едәуір азайып, өлім көрсеткіші
күрт төмендеді. Енді резидуальдық (қалдықтық) құбылыстардың көрінісі
жеңілірек дәрежеде білінетін болды.
Менингитке әртүрлі асқынулардың дамитындығы тән. Ол асқынулар
аурудың жедел ағым кезеңінде пайда болуы мүмкін
немесе ауру біткеннен
кейін қалдықтық құбылыс түрінде анықталуы мүмкін. Мысалы, ауру
барысында балаларда тырысу ұстамасы пайда болуы мүмкін, бұл патологиялық
процесстің тікелей ми затын зақымдағандығын көрсетеді. Қабыну процесі ми
қабықтарынан шеткі нервтерге (есту және көру нервтеріне, сирек жағдайда
сыртқа әкеткіш және үштік нервтерге) таралып, сәйкес клиникалық көрініс
береді. Өте ерте кезеңде – жедел сипмтоматика шыңында –
гидроцефалдық
синдром дамиды. Ол кейіннен науқастың жасына және сырқаттың ауырлық
деңгейіне қарай әртүрлі дәрежеде сақталып қалады.
Соңғы жылдары цереброспиналдық менингиттен соң ақыл-ойдың төмендеуі
сиректеу кездеседі; жиірек көңілкүй-жігер саласының және мінездің
бұзылыстары анықталады. Сонда да, ерте жаста
болған менингиттен кейін
ақыл-ойдың жетіспеушілігі әлі күнге дейін кездеседі, бұл қабыну процесінің
мидың дамуын тежеуіне байланысты болады. Көңілкүй-жігер саласы мен мінез
тарапынан байқалатын ауыр өзгерістер кейде психопатия тәрізді мінез-құлық
сипатын алатын жоғары қозғыштықпен, күйіп-піскіштікпен (аффекттерге, яғни
ашуға бейімділік) білінеді. Аталған ерекшеліктер ерте жастағы менингиттің
ауыр салдарының бірі – су ми – (гидроцефалия) кезінде әсіресе ауыр түрінде
көрінеді.
Одан кейінірек жастағы менингиттен кейін дамитын жоғарғы жүйке
қызметінің бұзылыстары да бірқатар патологиялық
ерекшеліктермен
сипатталады. Алайда олар әлсіздеу білінеді. Бұл уақытша сипаттағы және
өзіндік астения түрінде өтетін ақыл-ой бұзылыстары: балалар өте алаңғасар
болады, басының ауырғандығына шағым жасайды, тез шаршайды,
кейде есте
сақтау қабілеті төмендейді.
Менингит құлақтығы іріңді қабыну процесінің нәтижесінде де дамуы
мүмкін (отогендік менингит). Менингиттің туберкулездік және мерездік түрлері
де кездеседі. Бірқатар жағдайларда менингит тек қана ми қабықтарының
қабынуымен шектелмей, ми затына да таралып, ол жерде әртүрлі патологиялық
процестерді шақырады
Достарыңызбен бөлісу: