емес (шашыранды орналасу), жұлынды да қамтиды. Сондықтан бұл аурулар
менингоэнцефалиттер мен энцефаломиелиттер түрінде өтеді.
Қазіргі кезде кез келген инфекция сәйкес жағдай болған кезде энцефалит
шақыра алатындығы белгілі. Бірақ энцефалит көбінесе кәдімгі балалық шақтың
инфекцияларынан кейін дамиды (қызылша, көкжөтел және т.б.). Энцефалит ең
жиі қызылша инфекциясынан кейін кездеседі. Егер инфекциялық
энцефалиттердің жедел кезеңінің де, қалдықтық
кезеңінің де клиникасы
жеткілікті дәрежеде зерттелген болса, бұл аурудың пайда болу механизмі әлі
толық түсінікті емес және ол әртүрлі пайымдалады. Бір зерттеушілер
инфекциялық энцефалит миға негізгі инфекцияның қоздырғышының өтуінен
болады дейді; басқа авторлар негізгі инфекция тек қана организмді және мидың
қорғаныс құрылымдарын әлсіретеді де, бұл орталық жүйке жүйесіне арнайы
вирустың өтуіне жағдай жасайды деп санайды.
Инфекциялық энцефалиттің жедел кезеңі әртүрлі сипатта өтеді.
Кейде
негізгі инфекцияның ауыр ағымы кезінде жалпы жағдайының нашарлауы
байқалады. Бұл дене қызуының көтерілуімен, естен танумен, тырысулармен,
менингеальдық симптомдардың пайда болуымен (желке бұлшық еттерінің
тартылуы, Керниг симптомы және т.б.) білінеді. Бұл жағдайлар кейде дұрыс
танылмай, негізгі инфекцияның ауыр ағымы деп бағаланады.
Басқа
жағдайларда жеңіл түрде өтіп жатқан инфекцияның ағымы кенеттен
ауырлайды: дене қызуы көтеріледі, жалпы жағдайы нашарлайды,
менингеальдық белгілер пайда болады.
Инфекциялық энцефалит жалпы ми және ошақты симптомдармен
сипатталады. Кейбір ошақты симптомдар жедел кезеңнің өзінде-ақ пайда болса
(парездер, тырысулар, афазия), басқалары кейін көрінуі мүмкін.
Екіншілік
энцефалиттің
қалдықтық
кезеңі
кейде
патологиялық
симптомдардың көптігімен сипатталады. Мұнда қимыл-қоғалыс бұзылыстары
(сал, парез, гиперкинездер), сенсорлық және моторлық афазия түріндегі сөйлеу
бұзылыстары, дизартриялар (псевдобульбарлық дизартрия) және т.б. кездесуі
мүмкін. Бұл кемістіктер эпидемиялық энцефалиттермен салыстырғанда жиірек
кездеседі және көрінісі ауқымды болады.
Психикалық қызметтер тарапындағы өзгерістердің
ішінде әсіресе ақыл-ой
қабілеті зардап шегеді. Ал, жоғарыда айтып кеткендей, эпидемиялық энцефалит
кезінде ақыл-ой бұзылыстары әлдеқайда әлсіз білінеді немесе тіпті болмайды.
Екіншілік энцефалиттен кейін дамитын психикалық өзгерістердің сипаты да
айтарлықтай дәрежеде ауырған кездегі жас мерзіміне байланысты болады.
Осылай, жайылмалы орналасуға бейімділікпен сипатталатын, ерте жаста болған
энцефалиттер кезінде (ерте жастағы бала миының анатомо-физиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты) кемақылдылық түріндегі ақыл-ойдың төмендеуі
жиірек байқалады. Сонымен қатар басқа себепті кемақылдыларға қарағанда
осындай себептілерде кейбір жергілікті бұзылыстар жиі болатындығын атап өту
керек. Мұндай балалар да, эпидемиялық энцефалитпен науқастанған кемақыл
балалардағыдай көңілкүй-ерік және мінез тарапындағы
ауыр бұзылыстармен
сипатталады.
Аталған
бұзылыстардың
физиологиялық
механизмі
нейродинамиканың кенет бұзылуында және ішкі қыртыстық тежелудің
әлсіреуінде болады. Осыған байланысты қыртыс астының әсері күшейеді
(қыртыс асты аймағының тежеусіздігі). Инфекциялық энцефалитке шалдыққан
балалардың да тәртібінде эпидемиялық энцефалиттің резидуальдық кезеңіне
ұқсас болатын бірқатар патологиялық ерекшеліктер пайда болады. Бұл
негізінен ашу-ыза ұстамасына, көңіл күйдің тұрақсыздығына, нашар физикалық
әуестіктерге бейімділік болып табылады, сондықтан оларды тәрбиелеу
жұмысында үлкен қиындықтар кездеседі.
Алайда біріншілік және екіншілік энцефалитпен науқастанған балалардың
тәртібіндегі бірқатар ұқсастықтарға қарамастан,
бұл жерде айтарлықтай
білінетін айырмашылықтардың да бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы,
бақылаулар көрсеткендей, осындай балаларда мектеп пен жанұясындағы ауыр
түсініспеушіліктерге әкеп соғатын көңіл-күй, ерік және мінез тарапындағы
ауыр бұзылыстар көбінесе эпидемиялық энцефалиттің қалдықтық кезеңіне тән.
Инфекциялық энцефалиттерде мұндай бұзылыстар едәуір әлсіз білінеді. Көбіне
ақыл-ойдың, сөйлеудің және қозғалыстың әртүрлі дәрежедегі түрлері тән
болады.
Көмекші мектептердің оқушыларын тексеру көрсеткендей, осындай
балалардың өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл жағдайларда ауру процесінің
орналасу ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойдың
біркелкі емес төмендеуі,
яғни бір қабілеттердің бұзылуы, ал басқаларының белгілі дәрежеде сақталуы
байқалады. Әсіресе өзіндік парафизикалық бұзылыстар түріндегі синдром тән,
ол фонематикалық анализдің төмендеуіне байланысты болады. Нәтижесінде
мұндай балаларда жазу мен оқудың ауыр бұзылыстары (дислексия, дисграфия)
пайда болады. Осы аталған бұзылыстарды, бұрын болжағандай,
тек қыртыс
затының морфологиялық құрылымының өзгеруіне байланысты ошақты
зақымдануымен ғана түсіндіруге болмайды. Олардың айтарлықтай бөлігінің
негізінде нейродинамикалық бұзылыстар, іркілі тежелуі, жіктеудің бұзылуы
жатады, бұл мидың анализдік-синтездік қызметін реттеуде басты орын алатын
ішкі тежелудің әлсіреуімен байланысты.
Менингиттер мен энцефалиттер кезіндегі емдік шаралар алуан түрлі. Әдетте
антибиотиктер, уротропин,
сульфаниламидтік
дәрі-дәрмектер,
сарысулар қолданылады. Қалдықтық кезеңде физиотерапия, емдік гимнастика,
логотерапия қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: