Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Гиперiнкинетикалық түрiні



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Гиперiнкинетикалық түрiні
Ол негізінен мидың стриопаллидарлық 
ядроларының зақымдануымен сипатталады және ана мен ұрық қанының 
иммундық сәйкессіздігі кезіндегі нәрестенің гемолитикалық ауруына 
байланысты дамиды. Бұлшық ет тонусы өзгеріп тұрады: гипотониядан соң 
бірден тонустың жоғарылау ұстамалары пайда болады. Баланың қимылдары 


епсіз, артық қимыл реакциялары байқалады. Бұлар ұйықтап жатқанда 
білінбейді, ал ерікті қимыл жасағанда және эмоциялық қозу кезінде күшейеді. 
Гиперкинездер атетоз, хореоатетоз, хорея және кеуделік дистония түрінде 
кездеседі. Олар аяқ-қолдың жоғарғы не төменгі бөліктерінде, бет немесе мойын 
бұлшық еттерінде басымырақ болуы мүмкін. БЦСА бұл түрінде сөйлеу 
бұзылыстары жиі кездеседі де, психикалық дамуы азырақ зардап шегеді. 
Сөйлеу бұзылыстары көбінесе экстрапирамидалық дизартрия және есту 
бұзылысы түрінде болады.
Атониялық-астатикалық түрiні
Оны БЦСА «салбыр» түрі деп те 
атайды. Клиникасында негізінен бұлшық еттер гипотониясы байқалады, бірақ 
сіңір рефлекстері жоғарылаған болады. Балалар ұзақ уақыт басын ұстай, отыра, 
тұра және жүре алмайды. Тік тұру және тепе-теңдік рефлекстері 3 жасқа дейін 
дамымауы мүмкін. Психикалық дамуы мен сөйлеуі қатты тежеледі. Көбінесе 
мидың маңдай бөлігі мен мишық зардап шегеді.
Гемиплегиялық түрiні. 
Бұл түрі дененің бір жағындағы (оң не сол) 
қозғалыс бұзылыстарымен сипатталады, соның ішінде аяқтарында азырақ 
білінеді (36- сурет). Қолы барлық буындарында бүгіліп, денесіне жабысып 
тұрады. Көбінесе бір жасқа таман білінеді. Ақыл-ойы зардап шекпейді. Бұл 
БЦСА жеңіл түрі болып табылады.
БЦСА науқас балалардың 65-85%-да сөйлеу бұзылыстары болады. Соның 
ішінде тіл дамуының тежелуі мен дизартриялар ең жиі кездеседі. Тіл дамуының 
тежелуі моторлық сөйлеудің кеш қалыптасуымен сипатталады. Алғашқы сөздер 
кеш пайда болады, белсенді сөз қоры баяу ұлғаяды, сөз тіркестерінің 
қалыптасуы кешеуілдейді. Дизартрияларда сөйлеу аппаратының иннервациясы 
бұзылғандықтан дыбыстарды айтуы бұзалады. Көбінесе дизартрияның 
псевдобульбарлы түрі анықталады.
Қазіргі кезде ерте диагноз қою мен диспансерлік бақылау психомоторлық 
даму тежелуін дер кезінде анықтап, баланы емдеуге жіберуге мүмкіндік 
жасайды. Ерте басталған емдеу (дәрі-дәрмекпен, массажбен, гимнастикамен) 
салдану құбылыстарын азайтып, жалпы моториканы жақсартуға, баланың әрі 
қарайғы моторлық, сөйлеу және ақыл-ес дамуына жағдай жасайды. БЦСА 
науқас балалардың реабилитациясы (қалпына-келтіру) бойынша медико- 
педагогикалық кешендерінің арнайы әдістемелері ойластырып дайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет