Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Байланысты:
невро лекция

2.
 
Бас миы құрылысының зақымдалуының патогенетикалық тізбегі
клиникасы, салдары. 
Балалық шақтағы орталық жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдануы 
әртүрлі жас кезеңінде болуы мүмкін. Осыған қарай 
пренаталдық 
(құрсақішілік), наталдық (босанулық) және постнаталдық (бала туылғаннан 
кейінгі) 
жарақаттарды ажыратады.


Құрсақ ішілік жарақаттар 
анасының жарақаттануы кезінде пайда болуы 
мүмкін (іш және бел аймақтарының қысылуы немесе жаншылуы кезінде). 
Ұрықтың жарақаттануы оның кейінгі дамуына әсер етеді: мидың дамуы 
тежеледі, қимыл-қозғалыс белсенділігі төмендейді, мерзімінен ерте босануы 
мүмкін. Кейбір жарақаттан кейінгі симптомдар бала туылғаннан кейін 
қозғалыс, сөйлеу және ақыл-ес қызметтерінің бұзылуы түрінде білінуі мүмкін.
Босану кезіндегі жарақаттар 
босанудың қолайсыз өтуімен байланысты. 
Ұрық үшін әсіресе босанудың күрделі бұзылыстары болғанда және босанудың 
созылмалы түрі кезінде қолданылған баланың басын қысқыштармен шығару 
әдісі ең күшті жарақаттаушы әсер ететін. Бұл барлық жағдайда жарақаттушы 
операция болып есептеледі, өйткені одан кейін субарахноидалдық кеңістікке, 
ми қыртысына, қыртыс асты құрылымдарына, мидың ақ затына (ішкі капсула) 
және ми бағанасына майда және ірі қан құйылулар болады. Мұндай 
жарақаттардың салдарынан ұзақ және терең асфиксия дамуы мүмкін. Мидың 
осындай ауыр зақымдануынан кейін психоневрологиялық және сөйлеу 
бұзылыстарының күрделі түрлері қалыптасады. Сондықтан да бұрын бұл 
операция жиі кездесіп жататын болса, қазіргі кезде оған тыйым салынған.
Бала туылғаннан кейін пайда болатын ми жарақаттары 
кез келген жаста 
болуы мүмкін. Бұл жарақаттар әртүрлі дәрежеде білінуі мүмкін: 
сілкіну, соғылу 
және жаншылу (мыжылу)
. Бас-ми сауытының 
ашық 
және 
жабық 
жарақаттарын ажыратыды.
Ми сілкінісі 
негізінен жабық ми жарақатында кездеседі. Бұл кезде ми 
жасушаларының арасындағы өзара байланыстар жоғалады да, нәтижесінде 
функционалдық бұзылыстар дамиды. Ми сілкінісі әртүрлі ұзақтықтағы естен 
танумен білінеді. Есін жинағанда бас ауыруы, жүрек айнуы, кейде құсу 
байқалады. Ми сілкінісінен кейінгі салдар жалпы әлсіздік, бас ауыруы, 
қантамырлардың 
өзгергіштігі, 
көңіл-күй 
тарапындағы 
тұрақсыздық 
(жылауықтық), айтарлықтай астения түрінде көрінуі мүмкін. Мұндай балаларға 
біраз уақыт жеңілдетілген бағдарламамен оқыту және арнайы мамандардың 
бақылауы қажет болады.
Мидың соғылуы 
деп ми затының жергілікті зақымдануы аталады. Аздап 
соғылу кезінде зақымданған жерде майда қан құйылу ошақтары мен ісіну пайда 
болады, ал қатты соғылған жерде қантамырлар үзіліп, ми заты бүлінеді. Мидың 
соғылуы ашық жарақатта да, жабық жарақатта да пайда болуы мүмкін. 
Клиникалық көрінісі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін есін жоғалту 
түрінде білінеді. Мидағы жергілікті зақымданудың белгісі ошақты симптомдар 
болып табылады: дененің ми соғылған жеріне қарама-қарсы жағындағы 
қозғалыс пен сезгіштік бұзылыстары, сөйлеу бұзылыстары. Жеңіл соғылу 
кезінде кейбір симптомдар 2-3 апта ішінде өшуі мүмкін. Соғылудан кейінгі 
қалдықтық іздер зардап шеккен жақтағы аяқ-қолдың әлсіздігі, сіңір 


рефлекстерінің бұзылуы, бас ауыруы, анда-санда пайда болатын бас айналу 
ұстамасы түрінде көрініс табады. Ал одан ауыр соғылудан кейінгі салдар 
тұрақты болады: парездер мен салданулар, сөйлеу бұзылыстары. Тыртық 
түзілген жерде жүйке ұлпасының әртүрлі өзгерістері пайда болып, кейіннен 
едәуір білінетін неврологиялық белгілер дамиды.
Ми затының жаншылуы (мыжылуы) 
әрқашан да мидың ең ауыр жарақаты 
болып табылады. Ол ашық жарақатта да, жабық жарақатта да пайда болуы 
мүмкін. Мидың жаншылуын бас ішіне қан құйылу, бас сүйегі сынғанда 
сүйектің ішке кіріп, ми затына батуы, ми ісінуі мен ми ісіктері шақыруы 
мүмкін.
Естен тану кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін және зақымдану 
ерекшеліктеріне байланысты. Ашық бас-ми жарақаттарының ішінде ең жиі 
кездесетіні – бас сауытының негізінің сынықтары. Ол кезде мұрыннан, 
құлақтан қан кету мен ми сұйықтығының ағуы байқалады. Әсіресе ішке енетін, 
мидың қатты қабығының және ми затының жыртылуымен сипатталатын 
жарақаттар аса қауіпті болып табылады, өйткені ол кезде міндетті түрде ми мен 
оның қабықтарының тікелей біріншілік инфекциямен жұқтырылуы болады. 
Ашық 
бас-ми 
жарақатының 
клиникалық 
көріністеріне 
жалпы 
ми 
симптомдарынан басқа (есінен тану, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу), айқын 
білінетін жергілікті ошақты симптомдар жатады. Ошақты симптомдардың 
сипаты ми жарақаттану аймағының функционалдық ерекшеліктеріне 
байланысты 
(парездер, 
параличтер, 
сезгіштік 
бұзылыстары, 
сөйлеу 
бұзылыстары және т.б.). Ашық ми жарақатының асқынуларына ми 
қабықтарының қабынуы (менингиттер), ми затының қабынуы (энцефалиттер), 
қабыну ошақтары (абсцесстер) және т.с.с. Зардап шеккен адамдар ұзақ уақыт 
стационар, яғни аурухана жағдайында емделуі тиіс.
Орталық жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдануы нәтижесінде негізгі 
жүйке процестерінің (қозу мен тежелу) өзара қатынасын бұзатын күрделі 
патофизиологиялық тетіктердің дамуы мүмкін. Бұған ми қанайналымының 
және ми сұйықтығы айналымының бұзылуы, мидың ісінуі және басқалары 
септігін тигізеді.
Бірден жарақаттан кейін орталық жүйке жүйесінің жасушаларында 
жайылмалы қорғаныстық тежелу дамиды, оның ұзақтығы жарақат ауырлығына 
байланысты бірталай мерзімге созылады. Бұл тежелу ми қыртысында пайда 
болып, сосын мидың одан төмен орналасқан бөлімдеріне де таралады. 
Объективті түрде бұл есін жоғалтумен, жүрек және тыныс алу қызметтерінің 
бұзылыстарымен білінеді.
Әрі қарай қыртыстың жасушалары бүлінбеген аймақтары және қыртыс асты 
құрылымдары тежелуден айырылады. Қорғаныстық тежелу зақымданған жерге 
жақынырақ жинақталады. Ауру есін жинайды, жалпы ми симптомдары 


жоғалады да, сонда ошақты симптомдар біліне бастайды. Аурудың жедел 
кезеңінен кейін сауығу кезеңі басталады, ол бұзылған қызметтердің қалпына 
келуімен сипатталады. Балалық шақтағы бас жарақаттары үнемі ауыр нәтижеге 
әкеп соқпайды, көбінесе қолайлы болжаммен аяқталады. Бұл балалардың 
орталық жүйке жүйесінің өте икемделгіш екендігіне байланысты, сондықтан 
компенсаторлық тетіктердің дамуына жағдай жасап, бұзылған қызметтерді 
қалпына келтіреді. Алайда, кебір жағдайда жарақат салдарынан әртүрлі 
патологиялық симптомдар дамып, олар бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін.
Г. Е. Сухарева жарақаттан кейін балаларда ұзақ уақыт сақталатын, 
медициналық және педагогикалық түзету шараларын талап ететін 
бес түрлі 
синдромды 
бөліп шығарып, сипаттаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет