Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Энцефалоастения (цереброастения)



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Энцефалоастения (цереброастения). 
Бұл синдром ми сілкінісі түріндегі 
жеңіл ми жарақатынан кейін байқалады. Оған кешкісін, ойлау жүктемесінен 
кейін пайда болатын бас ауыруы тән. Сабақ кезінде балалар тез шаршайды, 
белсенді зейінінің тұрақсыздығы анықталады, жазбаша және ауызша 
жауаптарындағы қателесу саны артады, есте сақтау процесі әлсірейді. 
Балаларға ақыл-ес дамуының тежелуін болдырмау үшін емдеу шараларын 
өткізу және педагогикалық көмек көрсету қажет. Бұзылыстар функционалдық 
сипатта болады.
Энцефалопатия (церебропатия). 
Ол бастың айтарлықтай жарақатының 
нәтижесінде (соғылудың) пайда болады. Оған қимыл-қозғалыс бұзылыстары 
(парездер, салданулар), вестибулярлық (бас айналуы, көлікте жүрген кездегі 
лоқсу, координация бұзылыстары), сөйлеу (фазиялар, алалиялар, дизартриялар, 
кекештену) бұзылыстары, гиперкинетикалық және сенсорлық бұзылыстар тән. 
Барлық бұзылыстар органикалық сипатта болады. Гипертензиялық синдромды 
тоқтату үшін және парездік құбылыстарды әлсірету үшін балаларға жүйелі 
емдеу шараларын өткізіп тұру қажет.
Жүріс-тұрыс синдромы. 
Бұл синдром жүріс-тұрыс пен өзін-өзі ұстау 
ерекшеліктері түрінде білінеді. Кейбір балалар селқос, адинамиялық, баяу, 
белсенді емес, енжар болып, балалар ұжымында кедергі келтірмей және өзіне 
назар аудармай жүретін болады. Мұндай жағдай апатико-адинамиялық синдром 
деп аталады. Балалар дамуында жиі тежеледі де, бұл мектепке баруға 
дайындалу кезеңінде білінеді. Ал басқа балалар гипердинамикалық синдроммен 
ерекшеленеді. Олардың қимыл-қозғалыстары бейберекет болады, жиі тәртіпсіз, 
жыбырлақ, шулағыш, ашуланшақ, ұстамсыз екендігі білінеді. Көп жағдайда 
мұндай балалардың өзін-өзі бағалауы жоғары болып, олар өз әрекетіне сын 
көзбен қарамайды. Зейіні тұрақсыз, жұмысқа қызығушылығы тез тарқайды. 
Балаларда ақыл-ой қызметінің аздап төмендегендігі байқалады, олар жаңа 
мәліметтерді нашар меңгереді, мектептегі оқуында қиындықтар пайда болады. 
Оларға емдік шаралар және мұғалім мен ата-ананың көмегі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет