Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет20/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Аралық ми. 
Аралық ми екінші ми көпіршігінен пайда болған, жарты шарлардың ішкі 
бетінде, сүйелді дене мен күмбездің астында орналасады, құрамына екі көру 
төмпешігі кіреді (әр жарты шарда). Олардың арасында үшінші қарынша деп 
аталатын жіңішке саңылау сақталған (бұрынғы ми көпіршігінің ізі). Үшінші 
қарыншаның түбінен төмен төмпешік асты (гипоталамикалық) аймағы 
орналасқан, ол гипофизбен (ішкі секреция безі) екі жақты байланыстармен 
тығыз байланысып, нейроэндокринді жүйе түзеді.
Көру төмпешігі (таламус) әр жарты шарда бар. Екі көру төмпешігі 
бірбірімен сұр дәнекер арқылы байланысқан. Сұр дәнекерде екі көру төмпешігі 
ядроларын біріктіретін жолдар өтеді. Көру төмпешігі үш негізгі ядролардан 
тұрады: алдыңғы, ішкі және сыртқы. Сыртқы және ішкі ядролардың түйіскен 


жерінде ортаңғы ядро, немесе Льюис денесі, орналасады. Гистологиялық 
тұрғыдан көру төмпешігі ядролары ганглиозды көпполюсті жасушалардан 
тұрады. Сыртқы ядролар жасушаларында хроматофильді дәндер болады. Көру 
төмпешігі жоғарғы жағынан миелинді талшықтар қабатымен жабылған. Көру 
төмпешігінің ядролары екі жақты кең байланыстары арқылы ми қыртысымен 
және қыртыс асты құрылымдарымен қатынасып жатады. Көру төмпешігіне 
төмен жатқан бөліктерден, ортаңғы, артқы мидан және жұлыннан жүйке 
жолдары келеді; өз кезегінде көру төмпешігінен де сол бөліктерге кері қарай 
жүйке жолдары кетеді.
Көру төмпешігіне төменгі бөліктерден келетін жүйке талшықтары 
сезімталдықтың әртүрлі импульстарын әкеледі. Солай көру төмпешігінің 
сыртқы ядросына ішкі (медиальды) ілмектің және де жұлын-мишық жолының 
талшықтары, үштік жүйкенің сезімталдық жолы, кезбе және шығыр нервтерінің 
талшықтары келеді.
Көру төмпешігінің ядролары көптеген байланыстар арқылы аралық мидың 
басқа да бөліктерімен қосылады. Осылайша, көру төмпешіктерінде барлық 
түрлі сезімталдық жолдарының аяқталуы шоғырланады.
Көру төмпешігіне ерекше құрылым тығыз жанасып жатады – тізе тәрізді 
денелер. Әр жарты шарда ішкі және сыртқы тізе тәрізді денені ажыратады. Тізе 
тәрізді денеде көру сезімталдығының бірінші нейроны мен есту жолдарының 
екінші нейроны аяқталады, және де есту жолы ішкі, ал көру жолы – сыртқы тізе 
тәрізді денеге келеді. Тізе тәрізді денелерде осы денелердің ядроларын түзетін 
сұр заттың жинақталған жерлері болады.
Көру төмпешігінің артында (кішкене төменірек) ерекше құрылым – эпифиз 
(ішкі секреция безі) орналасқан.
Зерттеулер көрсеткендей, эпифиз организмнің бірқатар маңызды 
функцияларын басқаруда ерекше роль атқарады. Эпифизден басқа да 
эндокриндік бездердің қызметін реттеп отыратын гормондық белсенділігі бар 
заттар бөлінген. Эпифиз организмнің күн мен түннің ауысуына бейімделуі мен 
бағдарлануына мүмкіндік беретін мүше қызметін атқарады деп болжанған. 
Оның гормоны организмнің бірқатар жүйесінің жұмыс істеу ырғақтылығына
соның ішінде жыныстық циклға, әсер етеді. Эпифиз қызметінің тежелуі 
балаларда ерте жыныстық жетілуге әкеледі. Эпифиз функциясының бұзылысы 
балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы кезінде жиі 
байқалады.
Төмпешік асты (гипоталамус) көру төмпешігінің астында орналасқан және 
үшінші қарыншаның түбі болып табылады. Бұл жерде төбесі төмен қараған сұр 
дөңес ажыратылады. Сұр дөңес жұқа сұр табақшадан құрылған; ол бірте-бірте 
жұқарып, ұшында төменгі ми қосындысы – гипофиз – орналасқан түтікшеге 
ауысады. Сұр дөңес артында екі томпақ құрылымдар – емізік тәрізді денелер 


орналасқан, олардың иіс сезу жүйесіне қатысы бар. Сұр дөңестің алдында көру 
нервтерінің қиысуы орналасқан (хиазма). Гипоталамуста сонымен қатар 
бірнеше ядролар болады. Сұр дөңестің ядролары домалақ және полигональды 
пішіндегі ұсақ биполярлы жасушалардан құрылған. Көру арқаншасының 
үстінде супраоптикалық ядро бар, одан жоғарырақ, үшінші қарынша 
қабырғасының ішінде паравентрикулярық ядро жатады. Гипофиз ішкі секреция 
безі бола отырып, үш бөлікке бөлінеді – алдыңғы, ортаңғы және артқы. Артқы 
бөлігі гистологиялық тұрғыдан нейроглиялық құрылымды болады, ал қалған 
екеуі гормон бөліп шығаратын безді жасушалардан тұрады. Төмпешік астының, 
әсіресе сұр дөңестің, гипофизді жүйкелендіретін ядролары вегетативті 
функциялардың қыртыс астылық реттеушісі маңызына ие болады.
Эмбриология мәліметі бойынша, алғашқы алдыңғы ми көпіршігі әрі қарай 
дами келе ақырғы және аралық болып екіге бөлінеді. Осыдан, қыртыс, қыртыс 
асты және аралық ми қызметтері тығыз байланысты болады. Бұл 
құрылымдардың барлығы сыртқы ортаға бейімделудің (адаптация) өте күрделі 
қызметтерін атқарады. Мұнда басты рольді ми қыртысы және қыртыс асты 
құрылымдары атқарады.
Аралық ми қызметі мен ортаңғы мидан жоғары орналасқан мидың басқа да 
бөліктерінің қызметі рефлекстерді түрлендіру мен бірігуге, рефлекторлы 
қызметтің жаңа түрлерін орнатуға сайып келеді.
Аралық мидың күрделі құрылысы, нерв жүйесінің әртүрлі бөлімдерімен 
көптеген екі жақты байланыстары оның үлкен жарты шарлар қыртысының 
жалпы бақылауымен ылғи өзгеріп тұратын сыртқы ортада организмнің 
бірқалыптылығын сақтауға және организмнің өзінің ішкі қызметін реттеуге 
бағытталған әр үлгідегі және күрдел функцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет