Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет18/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова

Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық диагностика, міндеттерін атаңыз.
2. Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен нысандарының жіктеліміне тоқталыңыз.
3. Мектепішілік бақылау түрлеріне тоқталыңыз.

15 -16 дәрістің тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау

  1. Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде.

  2. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны мен мектептің жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын принцип түрлері.

1. Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең негізгісі болып саналады. Жоспарлау дегеніміз – алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен амалдары. Жоспар туындаған жағдайларға байланысты өзгертуге ыңғайлы болу керек.
Жоспарлау қызметі төмендегідей үш сұраққа жауап береді:
1) Қазір біз қандай жағдайда тұрмыз?
2) Қандай бағытта дамығымыз келеді?
3) Мұны қалай іске асыруға болады?
Жоспарлау қызметінің мерзіміне байланысты жіктелуі:
1) Стратегиялық жоспарлау.
2) Орта мерзімді жоспарлау.
3) Тактикалық жоспарлау – барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады. өйткені мұың өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап, алуға байланысты.
4) Индикативті жоспарлау – ұзақ мерзімге құрылған жоспарға өзгерістер немесе жаңалықтар енгізу.
5) Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе, жол. Бизнес-жоспар субъект ұйымдастырып отырған өндірістің қызмет көрсету, т.б. мақсаттары мен оған жету жолдарын баяндау.
Жоспарлау қызметі шаруашылық мазмұнына байланысты ажыратылады: қаржылық; өндірістік; өткізу-сату; нарық сиымдылығын жоспарлау. Жоспарлау білім беру мекемесінің іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтайды. Бизнес-жоспар – жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар.
Мекеме дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты – басқарушыларға мекеменің жағдайы туралы толық мәлімдеме беру. Бизнес-жоспар 3-5 жылға жасалады. Ол төмендегідей бөлімдерден тұрады: - нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия; - өнімдік стратегия; - өндірістік стратегия; - фирманы басқару жүйесінің дамуы; - қаржылық (экономикалық) стратегия. Ұйымдастыруга фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің озара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады. Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады. Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және мекеме қызметеріне түзету енгізу жатады. Стратегия (ағылшын тілінен strategy) – таңдап алған критерий негізінде алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет және ресурстарды тиімді үлестіру үшін әрекеттің жалпылама моделі. Стратегиялық менеджмент 5 элементтің (біліктілік) болуын болжайды: ситуация үлгісін жасап шығару (мәселені айқындау); қажетті өзгерістерді айқындау (базалық стратегиялар); әсер етудің түрлі тәсілдерін қолдану (стратегияны ендіру және жүзеге асыру); стратегияға өзгерістер енгізу (өзгерістерді басқару).
ХХІ ғасырда білім беру мекемелеріндегі стратегияларды әзірлеу қажеттігі бірнеше объективті алғышарттармен анықталады:
1) «артық өндіру» – білім беру қызметтері туралы ұсыныстармен нарықты қанықтыру;
2) «талап қоюшылық» – білім беру мекемелерін таңдау еркіндігінен және табыстың өсуі салдарынан азаматтардың білім беру сапасына талап деңгейінің өсуі;
3) инновациялық – білім беру қызметін ұсынудың техникалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің айтарлықтай жақсарғаны (мультимедиа, Интернет, қашықтық білім алу);
4) динамикалық – тауардың өмірлік циклының қысқаруымен байланысты жаңа білім беру қызметтерін ендіру мерзімін қысқартуға бағдарлану;
5) диверсификация – білім беру қызметінің деңгейі мен түрлеріне сұраныстың артуы, білім берудегі ілеспелі және қызмет ететін іс-әрекет сферасының дамуы (көлік мектебі, жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету, өндіріс және т.б.);
6) дифференциация – нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың әр түрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту шарты;
7) бәсекелестік – білім беру мекемелерінің нарықтағы өз сегменттері ұшін күрес, оқушылардың понтенциалды контингенті, бәсекелестіктің белсендірілуіне байланысты жарнамалық шығынның өсуі және қызмет көлемінің өсуі;
8) сұраныстың ауытқуы – білім беру мекемелерінің тұрақты жағдайына қауіп төндіретін білім беру қызметі нарығында сұраныстың өзгерісі (мысалы, кейбір мамандыққа деген сұраныстың күрт төмендеуі);
9) сұраныстың азаюы – оқушы санының азаюынан білім беру қызметін жасаушылыр үшін елеулі түрде ұсыныстардың азаюы;
10) люмпенизация – халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс;
11) интервенция – шет елде білім алуға деген шектеудің алынып тасталуымен байланысты ірі шет елдік университетерің халықаралық бәсекелестігі және дәулетті адамдар үшін ақылы сапалы қызметтің жаңа нарығының ашылуы.
Стратегиялық менеджмент теориясында стратегиялық басқарудың 8 жүйе бөлігін көрсетеді: Стратегиялық менеджмент тарауларына стратегиялық басқаруды құрайтын негізгі теорияларынан тұрады: стратегиялық менеджмент негіздері, стратегиялық жоспарлау және стратегияны жүзеге асыруды басқару.
Әр тарау басқару теориясында әлі толық тұрақтанбаған параграфтардан (бөлімдер) тұрады. Зерттеу әдіснамасы – стратегиялық менеджментте қолданылатын жалпы және арнайы зерттеу әдістерінің жиынтығы: жүйелі анализ, STEP және SWOT талдаулары, мақсатты басқару және т.б. Стратегиялық басқару кезеңдері – бұл зерттеу процесінің құраушы элементтері ұйымның жағдайын диагностикалық талдаудан басталатын стратегияны құру және жүзеге асыру, макрожүйе бойынша стратегиялық жоспар бөлімдерін құру және ұйымдағы өзгерістерді басқарумен аяқталады. Ұйымның макрожүйе бөлігі – басқарудың өзара байланысты бірнеше функциясын біріктіретін ұйымның ірі құрамдас бөлігі. Ұйымның өмірлік цикл кезеңдері ұйым дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейді: пайда болуы, өсуі, жетілуі, төмендеуі. Бұл кезеңдердің бөлінуін білім беру қызметінің (тауар) өмірлік циклінің кезеңдерімен шатыстыруға болмайды. Даму стратегияларының түрлері – жуырдағы келешекке деген ұйым мінез-құлқын жалпылайтын модель түрлері (эталонды, функционалды, салалы т.б.) Керекті өзгерістерді айқындау біліктілігі (мақсатты тұжырымдау) басшылықтың білім беру мекемесін басқаруда дамудың бағыты мен миссиясы туралы стратегиялық мақсатқа қайта қараудан тұрады, бұл ұйымның прогресін қамтамасыз етеді. Егер басшы белгілеген міндеттер ұзақ мерзімді мақсатқа жетуді көздесе тамаша болады. Ұзақ мерзімді мақсат басшылыққа оқу орны ұзақ уақыт бойы жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жағдайды көрсетеді. Қысқа мерзімді мақсат тікелей жетілдіруді анықтайды және басшылықтың таяуда ала алатын нәтижелерін анықтайды. Өзгеруші стратегияларды жасап шығару біліктілігі (базалық стратегиялар) басты басқару мәселесін шешуді болжайды: ұйымның жағдайын ескере отырып, қажетті нәтижеге қалай жетуді және оның келешегін шешу. Мақсат – бұл нәтиже, ал стратегия оған жету әдісі. Стратегия – бұл стратегиялық және қаржылық мақсатқа жету үшін басшыларға қажет әрекеттер. Қайта жасау міндетін шешу оқу орнының ішкі және сыртқы жағдайына диагноз қоюдан басталады. Осыдан кейін басшылар өмір сүру ортасының толық бейнесін алады, сосын қаржылық және стратегиялық нәтижелерге жетуге негізделген стратегияны жасауға дайын болады. Дұрыс емес диагноз немесе оның жоқ болуы мұқият ойланбаған стратегиялық әрекеттің қаупін жоғарылатады. Білім беру мекемесінің стратегиясы оқиғаның күтпеген дамуы кезінде немесе жаңа бәсекелестік қысымның пайда болу кезінде мақсатқа бағытталған алдын ала ойластырылған әрекеттердің үйлесімділігін көрсетеді. Әсер етудің түрлі әдістерін қолдану біліктілігі (стратегияны ендіру және жүзеге асыру) жоспарланған уақытта стратегияны енгізу және қажетті нәтижелерді алудан тұрады. Стратегияны ендіру және дұрыс жүзеге асыру үшін, жақсы нәтиже алу үшін жоғары біліктілік қажет. Стратегияға түзету енгізі біліктілігі. Өзгерістерді басқару жаңа жағдайлардың пайда болуымен және түзету әрекеттерін талап етуімен шартталған. Критерийлер жиналған тәжірибеге және болашақтағы мақсаттарға сәйкес жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін. Дамудың ұзақ мерзімді бағытына түзетулер енгізілуінен, жаңа мақсаттың пайда болуынан және сыртқы орта жағдайларының өзгерісінен стратегия өзгеріске ұшырауы мүмкін. Стратегиялық басқару кезеңдері. Қазіргі заманғы менеджмент және жүйелі бағыт ірі макрожүйе бойынша білім беру мекемелерін басқару жүйесін декомпозициялауға және іс-әрекет бағыты бойынша стратегияны жобалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары қолданады.Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі. Оқушыларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата – анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата – аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл – кеңес беруді ұйымдастыру, ата – аналар жиналыстарын өткізу, ата – аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата – аналарды мектептегі тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен қорытындылау жұмыстары қарастырылады.“Педагогикалық кадрлармен жұмыс” тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай – ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың құрамды бөлігі болып табылады.Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәсіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар – графикпен толыќтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар – график түрінде де қарастырылады). Жоспар – графиктің ең қарапайым түрі 3 графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа – шаралары тізімі, екінші графа – осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады. Жоспар – графиктік басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу бағытын бақылау графасы, тараудың орындалғаны турлы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.Мектеп жұмысын барлық түрін жоспарлау үшін педагогикалық процесс туралы ақпаратты пайдалану.Болашақ және жылдық жоспар. Мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуына бақылау жасаудың формаларының мазмұндық бірлігі (жалпы мекткптік жоспарлау, тақырыптық және сабан жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыстарының жоспарлары және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет