Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: А. Х. Қазетова п.ғ. к., аға оқытушы



бет19/50
Дата08.09.2023
өлшемі3,86 Mb.
#180503
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент Қазетова
123771970757 Дәріс 2, 14 нед, 7 нед
Өзін – өзі бақылау сұрақтары:
1. Жоспарлау, жоспарлау қызметіне анықтама беріңіз.
2.Стратегиялық жоспарлау дегеніміз не?
3. Стратегиялық менеджмент теориясында стратегиялық басқарудың сегіз жүйесіне тоқталыңыз.

17-18 дәрістің тақырыбы: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау


Дәріс мазмұны:
1. Педагогикалық кадрларды аттестациялау технологиялары
2. Ұстаз еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар және оны бағалау көрсеткіштері
3. Педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және өздігінен білім алуын жетілдіру
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация шешулерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы қол жеткізуге болады, яғни барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды және ол педагогика қызметкерлерінен жаңа кәсіптік құзырлықты талап етеді.
Кәсіптік педагог сапалы біліммен қамтамасыз ететін қозғаушы күш. Осыған байланысты мұғалімдер мен басқарушы кадрларды аттестациялау ұстаз кәсібін ынталандырып, еңбегін нәтижелендіреді. Аттестация барысында мұғалімнің кәсіптік құзырлығына ғана диагностика жасалып қоймай, келешекте белгілі бағыттары анықталады.

Кесте 2 Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мен даму кезеңдері
Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгертіліп, толықтырылды.
Аттестацияның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды аттестациялаудың міндеті – педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік санатын беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Педагогтарды аттестациялау принциптері – еркіндік, жариялылық, жүйелік, тұтастық еріктілік және оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жасақтауда қатаң сақталады.
Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Ал білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педагогикалық кеңестің құзырында болады.
Құрылған әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялау комиссиясының негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген, олар жоғарғы санатты алу үшін республикалық, облыстық деңгейдегі аттестациялық комиссия, бірінші санатты алу үшін аудандық, қалалық деңгейіндегі аттестациялық комиссиясы, ал екінші санаттыалу үшін мұғалім мектеп аттестациялау комиссиясына өтініш береді.
Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіштермен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі – практикалық қызметті эксперттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұсына алады. Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық сараптаудан (экспертизадан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялау комиссия нақтылап, түзету енгізіп отырады.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Біліктілікті көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орны базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.
Шағын комплектілі мектептерде аттестация өткізуді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ондай мектеп мұғалімнің аттестациялауды аудандық білімінің немесе ірі мектеп базасында құрылған комиссия атқарады.
Мектеп тәжірибесі көрсетіп отырғандай, аттестациялаудың табысты болуы оны ұйымдастыруға, қорғау мен бағалаудың дұрыс жолға қойылуына, ұжымда іскер тілеулестік көңіл-күйдің қалыптасуына байланысты. Жалпы айтқанда, мұғалімдерді аттестациялау мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының стратегиясы мен тактикасын анықтаудың негізі болып табылады.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап жүргізіледі, олар:
1) Бірінші саты – білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес шешімімен аттестациялық комиссияны құру және оны берілген мекеме басшысының бекітуі, аттестацияны ұйымдастыруға жауапты адамдардың тағайындалуы.
Аттестацияны өту үшін педагогикалық қызметкердің жеке ісінен келесідей құжаттар тізімі ұсынылады: аттестация өтуге өтініш, біліктілікті жоғарылату нәтижесі бойынша құжаттың көшірмесі, бақылау және басқа да білікті жұмыстарды орындау нәтижесі бойынша эксперттік қорытынды, аттестациялық парақ, білім беру мекемесі басшысының берген хаттамадан көшірмесі.
2) Екінші саты – мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби әрекетінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.
3) Үшінші саты – бұл мұғалімнің кәсіби әрекетін және біліктілік деңгейін бағалау.
4) Төртінші саты – аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы және оның нәтижесі бойынша бұйрық шығаруы. Содан кейін аттестациялық комиссия шешімінің негізінде білім беру мекемесінің басшысы педагогикалық қызметкерге біліктілік санатын иеленуі туралы бұйрық шығарады. Соған байланысты педагогикалық қызметкердің санатына сәйкес еңбек ақы деңгейі көтеріледі. 
2. Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.
Аттестация мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Аттестацияны өтуге ықыласы бар педагогикалық қызметкерлер жалпы және дифференцияланған талаптарымен таныс болулары тиіс.
Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:
1) Нәтиже көрсеткіші. Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы:
- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры;
- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді шешу);
- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну;
- оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі;
- маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық және экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру);
- жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті.
2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады:
- мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы (біліктілігін арттыру курстары);
- сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы;
- оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыру әскерлігі;
- балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары.
Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет