Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі


Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу



бет36/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)

Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу.


Мінез бітістерінің алғашқы нышандары мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. Олардың мазмұнды, рольдік ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық, ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегесіне еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешілер мен оқытушылар жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдыратындай, үлгілі болулары өте қажет.
Эксперименттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.Бала мінезінің жақсы жақтарын жүйелі түрде дамытып отыратын негізгі орын – мектеп болып табылады.Мектептік өмір балалардың мінез – құлқының қалыптасуында шешуші роль атқарады.
Оқушылардың мінезін тәрбиелеудегі басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын кездестіру.
Мінез тәрбие – жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.(М.Жұмабаев)
Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді.Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету , яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы оқушылардың дүниетанымын, сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оған қоса көркем әдебиет, газет- журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен пайдаланып отыру – мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар.Бала мінезін тәрбиелеуде жанұяның, ұжымның, ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны да ерекше.Осы әдістердің ішіндегі негізгілері мыналар:

  1. Халқымыздың әр заманда өмір сүрген ірі ғұламалары мен ардагер перзенттерінің үлгі-өнегелеріне тәрбиелеу (Әл-Фараби,Асан- Қайғы,Қабанбай,Бөгенбай батыр, Абылай,Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би, Амангелді батыр т.б.).

Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы – жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылықтың,ұстамдылықтың, халық ісіне берілгендіктің өнегелері.
Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім – тәрбие жұмысынан ерекше орын алуы қажет.

  1. Балалар ұжымы оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. («Атамекен» т.б. ). Ұжым адамның алдына мақсат қоя білуді, сондай-ақ ол мақсатты қалай орындау керектігін көрсетеді. Ұжым

адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі.
А.С.Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші – қоғамдық пікір тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды.
А.С.Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегі шебер әдістерін пайдалана білу әр мұғалімнен шығармашылықты талап етеді. Ұжымшылдық сезім 7-8 жасар балада онша дами қоймайды. Бұлар «біз» деудің орнына «мен» деп айтқанды жақсы көреді.Мыс: Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған бала мұғалімнің бүкіл класқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жоқ деп қабылдайды. Балаларға «біздікі» деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің үлкен шеберлігін қажет етеді.Бұндай жағдайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртқа ортақтығына баса назар аударады.

  1. Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеудегі еңбек әрекетінің орны.

Адам еңбек үстінде өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне-өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.Адам тек еңбек ету арқылы ғана өзінің алдына қойған мақсатын айқын сезіне алады және оған жете алатындығына сенімі мол болады.

  1. Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау.

Адамға тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, өзінің борышын түсіне білуге тәрбиелейді.
Талап қоюдың түрлі әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрі балаға өз міндеті туралй жайлап түсіндіру,ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар , оның іс-әрекетін қадағалап отыру қажет. Бақылау жүргізу оқушының жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін арттырады.Мінезді тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі – мақұлдау( «жақсы», «дұрыс»). Егер адамның ісі мақұлданып тұрса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі.
Баланың мінезін қалыптастыруда оның теріс істері мен қылықтарын кезінде көре біліп,ретіне қарай оған түрлі жаза қолданып отырған да жөн. Жазалауды да мадақтау сияқты ептілікпен, ерекшк байсалдықпен қолдану қажет. Әділ жазалау баланы қатты ойландырып, мінез-құлқын өзгерте бастауға себепші болады. Орынсыз жаза баланы ашулы, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, селсоқ күйге түсіруі мүмкін.

  1. Оқушының мінез бітістерінің қалыптасуында дене шынықтыру жаттығулары мен тұрақты күндік режимінің тигізетін әсері.

Дене шынықтыру жаттығулары адамдарды ерлік пен батылдыққа, табандылық пен өз күштеріне сене білуге тәрбиелейді.
Оқытушылар дене шынықтыру сабақтарында оқушыларды түрлі кедергілерді жеңе білуге сенімін арттырып, жаттығу сабақтарын методикалық шеберлілікпен өткізіп отыруы тиіс. Оқушыны үнемі жеңіске жету рухында тәрбиелеу, бастаған істі аяғына дейін апаруға машақтандыру, оның дене бітімі мен спортқа деген сүіспеншілігін арттыру – бұл бір жағынан баланы күшті ерік пен жақсы мінезге тәрбиелеп отырудың жолы екенін естен шығармауымыз тиіс.
Осы айтылған әдістерін әр мектептің, әр баланың, әр сыныптың өзіндік ерекшеліктеріне қарай лайықтап пайдалану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет