Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі



бет38/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)

Дәріс тақырыбы: Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.
Жоспары:

  1. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар.

  2. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары.

  3. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.

  4. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар.

  5. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары.

  6. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.

Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен оның төрт негізгі аумағын және олардың параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды төмендегідей көрсетуге болады.



        1. Тұлғаның мотивациялық аумағы: мінез-құлықтың және іс-әрекеттің мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер.

        2. Белсенділік аумағы: интерналдылық, инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі таныту.

        3. Тұлғаның құндылықтық-мағыналық аумағы: құндылықтық бағдарлар, өмірдің мағынасы мен мақсаттары.

        4. Тұлғаның этникалық өзіндік санасының аумағы – этникалық жаңсақ нанымдардың негізінде қалыптасатын этномәдени сәйкестілік [1, б. 90 Абульханова К.А. Психология и самосознания личности].

Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы [2, б. 45 Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии.].
Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

  1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

  2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

  3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.[3, б. 9-19 Немов. Р.С. Практическая психология].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет