Байланысты: Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»
35.Күнделікті өзін-өзі бағамдау нысаны.(М.Шошақ 63 бет) Оқыту үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бақылау өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалымен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпаратты алумен қамтамасыз етеді. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабаққа тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар игеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн. Бақылаудың дербес формасы əрбір оқушының білімін, іскерлігін жəне ынтасын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалы жəне саралап оқыту барысында жақсы нəтиже береді.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нəтижесінде бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нəтижесін білімнің, іскерліктің жəне дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру жəне тəрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады. Үлгерімді бағалаудың нəтижесінде жақсы білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тəрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбекқорлық, қайырымдылық, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті жəне дағдыны тексеру жəне бағалау танымдық ісəрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін жəне кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет: а) оқушы білімінің жақсы жақтарын жəне кемшіліктерін дəлелдеу; баға əділетті болуы қажет, оқушының бағасын əдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға жəне ымырашылыққа салынуға болмайды; ə) əрбір баға – бұл тек білімге есепке алу емес, ол шын тəрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды. Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған: «5» бағасы – оқу материалын толық, дəл логикалық ізділікпен айтылған жауапқа қойылады; «4» бағасы – материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады; «3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; «2» бағасы – оқушы жауабынан оқу қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар; «1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білім жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады. Есеп беру – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді есепке алуда мынадай мəселелерді еске алған жөн: Оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты жəне тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін жəне дағдысын жан-жақты бақылау керек; əрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың оқу жылындағы статистикалық үлгерім мəліметтеріне талдау жасау қажет. Дидактикада бұл (үрдіс) алған білімді меңгеру деңгейін оқыту бағдарламасында жазылған этолондық деңгейлерді салыстыру үрдісі.