Инклюзивті білім берудің басты ұстанымдарының бірі ведомствоаралық интеграция және әлеуметтік серіктестік. Инклюзивті білім беру өз мақсатына тек жалпы мектепте білім беретін педагогтардың, медицина мамандарының, психологтың және дефектологтың тұрақты өзара әлеуметтік серіктестігінің және өзара қарым-қатынасының нәтижесінде ғана жететіні сөзсіз.
Педагогтар мен мамандардың өзара әрекет етуі нәтижесінде даму тапсырмаларын шешу, оқыту, тәрбие және балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру, баланың мәселелерін комплексті шешуге бағытталғандығы түсіндіріледі. Мұндай жолмен әртүрлі мамандар мен педагогтардың баланы сүйемелдеуі психолого-педагогикалық әдебиеттерде психолого-педагогикалық сүйемелдеудің динамикасын, тактикасын, стратегиясын жасай алатын әртүрлі мамандардың жүйелік әсер етуі, мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуы және отбасы жүйелік және әсерлі түрде қарастырылады.
Инклюзия мақсаттарын жүзеге асыру үшін мекемеде әртүрлі мамандар: психологтар, дефектологтар, логопедтер, тәрбиешілер, қосымша білімді педагогтар, медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Инклюзивті топта жұмыс тиімділігін арттыру үшін мамандардың өзара әрекет етуінің сызбасы жасалуы қажет. Инклюзивті топтың қызметін басқару үшін пәнаралық топтар құрылады.
Пәнаралық топтар нақты топтың (сыныптың) немесе балабақшаның негізінде жасақталады және құрамына: педагог-тәрбиеші, мұғалім, логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, қосымша білімді педагог, ата-ана кіреді.
Пәнаралық топ жұмысы мақсаты:инклюзивті топ немесе сынып жұмысының жоспарлануы және ұйымдастырылуы.
Пәнаралық топтар жұмысының негізгі бағыттары:
балаларға пәнаралық диагностика жүргізу;
пәнаралық мағлұматтарын есепке ала отырып, жеке жоспарлар құру;
типтік бағдарлама негізінде сынып немесе топтың жоспарын жасау;
топ мүшелерінің рөлдерін нақтылау, нақты педагогикалық тапсырма туындаған шақта басымдылық беру.
Психолого-медико-педагогикалық консилиумның білім беру мекемелеріндегі қызметтерінің мүмкін болатын қызметтерін мынадай кезеңдермен қарастыруға болады:
Бастапқы кезең. Алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізетін маманға жіберілетін бала мен оның отбасы жайлы ақпаратты бағалау.
Бірінші кезең. Консилиумдық топ мүшелерінің бастапқы тексеруі, бұл кезең консилиум мамандарының жекеленген қорытындыларымен аяқталады.
Екінші кезең. Баланың мәселелері туралы ортақ тұжырымға келу, дамуындағы ерекшеліктерді айқындау, кейінгі дамуындағы жалпылама болжамдар мен даму-түзету іс-шараларының анализін мамандардан ала отырып, ұжымдық талқылау. Мүмкіндігі шектеулі баланың бейімделу мәселесі сөз болғанда тек қана психолого-педагогикалық сүйемелдеу стратегиясы ғана емес, балаға қол ұшын соза алатын кез келген маманның, бірақ ол қандай күшпен жекелеген оқу бағдарламасын іске асыру жайы да сөз болады. Бұл кезеңде консилиум жұмысының қорытындысы ретінде оның мектеп ішіндегі немесе балабақшадағы ерекшеліктері мен қабілеттеріне қарай білім маршрутын жасақтау болып табылады. Бұл жерде мамандардың өзара қатынас бірізділігін және координациясын міндетті түрде талқылау қажет.
Үшінші кезең. Түзету іс-шаралардың білім беру мекемелерінде пәнаралық топ мектептері мен балабақша мамандарының көмегімен іске асыру.
Шешуші кезең ретінде динамикалық тексеру және баланың алдағы білім алу маршрутын нақтылау қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру мекемелерінде озық сүйемелдеу олардың қоршаған ортадағы барлық адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатуының нәтежисінде орын алады.