Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика


Барлық нысандарын жан-жақты жүзеге асыру ұстанымы



бет6/42
Дата07.10.2023
өлшемі7,47 Mb.
#184086
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы (коды, атауы) Білім беру ба дарлама (код

7.Барлық нысандарын жан-жақты жүзеге асыру ұстанымы. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үшін инклюзивті білім беру түрлері тұлғааралық қарым-қатынас, олардың мақсатқа жету мүмкіндіктерін анықтау үшін енгізу.
8. Көп салалы білім беру ұйымдары ұстанымы. Бұл принцип ең алдымен білім беру мекемелерінде әлеуметтік және психологиялық, медициналық қызметтерді қамтамасыз ету үшін орталықтар құру.
9.Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені толықтырушы ұстанымы. Инклюзивті білім беруде табысқа жетуде құндылықтар, наным, ұстанымдар мен көрсеткіштер жүйесін қолдау керек. Бұл жүйе инклюзивті білім беру өсіп


Дәріс 3. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың топтары:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
Дисграфия, дислексия, дискалькулия, гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы ар балалар
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар.

Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдер-де кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.


Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты ар-найы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады .


ЭЫҰД елдерінде «ерекше білімді қажет ету » термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл тер-мин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.


Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:




1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.


2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.

Зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дис-калькулия және т.б.). Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлар-дан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отба-сы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін.




3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.

ЕБҚ бар балаларды мұндай топтарға бөлу мектепте білім алуында қиындығы бар бірде-бір оқушының назардан тыс қалуына жол бермейді.


ҚР инклюзивті білім беру принциптерін енгізіп отырған жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушы





  • психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсінулері маңызды.

Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеске жүгінбейді және ол арқылы анықталмайды. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет