Модуль 4. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі – Процесті сипаттау
Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:
жергілікті шағын өнеркәсіп салалары, кіші инженер-технологқа арналған техникалық жобаны көрсете отырып, бірден бірге қызмет етеді. Берілген жоба студентті кәсіптік тәжірибемен қамтиды
100/ 6.0
Техникалық жобалар.
Модуль 1. Өндірістік мәндегі техникалық жоба
Білім алушы пәнді оқу нәтижесінде төмендегілерді білуі және үйренуі керек:
кері байланыспен басқарудың тұйықталған жүйесі қалай құралғынын білу, оның басты компоненттерін анықтау және Халықаралық Стандарттар Қауымдастығы сызбасының белгісін пайдаланған дұрыс;
өнеркәсіптегі өлшегіштер осал келетін қатерлерді талқылау;
пневматикалық және электрондық қадаға жұмысының негізгі принциптерін талқылау;
қалтқылық барботаждық жүйелердің, диафрагмалық рамаларды және деңгейді өлшеумен және басқарумен байланысты деңгейлер релесін қолдануды және орнатуды талқылау;
электр сыйымдылық, өткізгіштік, масса, сәулелену, ультрадыбыс әдістері және термиялық әдістер арқылы деңгей өлшегішті қолдануды талқылау;
өлшегіш диафрагмалар мақсатын талқылау және ең көп таралған пайдаланылатын түрлерін сипаттау;
шығын өлшегіш диафрагмасын орнатуды сипаттау;
дәл және жөндеуді талап етпейтін жұмысты қамтамасыз ету үшін екіншілік элементтерді орнату бойынша талаптарды көрсету;
өлшегіш диафрагмалардан айырмасы қысымның құбылуын өлшейтін шығын өлшегіштің негізгі жұмысын сипаттау;
камералық шығын өлшегіштер мен түрлі ротаметрлер әрекетін қысқаша түсіндіру;
түрлі стандартты шығын өлшегіштер әрекетінің негізгі принципін талқылау;
температураны өлшеу үшін кең таралған құрылғылардың негізгі әрекет ету принципі мен қолданылуын сипаттау;
клапандық корпустың әр түрлерін сипаттау және клапандық корпустың қай типі белгілі бір құрылғы үшін ең қолайлы екенін анықтау;
клапанның (жетектің) типтік механизмі компоненттерін сипаттау, олардың алуан түрлерін санау және белгілі бір құрылғы үшін сәйкес жетек таңдау;
клапандардың орындау механизмдері үшін қажетті қосымша аспаптарды санау, олардың функцияларын сипаттау және олардың әрекетін түсіндіру;
неге реттеуші клапанды есептеу маңызды болып табалатынын сипаттау және жеке шығын жабдығы үшін талап етілетін реттеуші клапан өлшемін анықтау;
екі позициялық басқарудың басты жүйесіне жататын принциптер мен терминдерді талқылау және пневматикалық екі позициялық реттегіш әрекетін түсіндіру;
пропорционал реттегіш принципін және үш режимді реттегішті басқарудың негізгі терминдерін түсіндіру;
автоматты – қолмен берілетін құрылғылардың принциптерін, функцияларын және жұмысын түсіндіру;
пропорционал, автоматты түрде таңдалған және екі ауқымды басқару теориясын талқылау, тұйықталған басқару жүйесіне жататын әрбір теорияның өзара әрекеттесуі және әрбір әдісті практикалық қолдану;
кері байланыстағы каскадтық басқару теориясын сипаттау, әрқайсының тұйықталған басқару жүйесі шегінде өзара әрекеттесуі және әрбір әдісті практикалық қолдану;
электрондық және пневматикалық жабдықты салыстыру, олар типтік өнеркәсіптік басқару жүйелерінде қолданылады;
түрлі өлшеу және басқару әдістерінде электроника қалай қолданылатынын талқылау;
ЭЕМ өнеркәсіптік бақылауды басқаруда қандай роль атқаратынын түсіндіру, компьютер компонентін және құрылымын түсіндіру және ЭЕМ байланысты терминологияны пайдалану;
технологиялық процестерді басқару үшін ЭЕМ жүйелерінің (консолінің) басты жұмыс компоненттерін сипаттау және компьютерді басқарудың типтік консолі үшін аппараттық және бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптарды сипаттау. Студент диспетчерлік бақылаудың және деректерді жинаудың қарапайым жүйесін, жүйенің басты компоненттерін және түйіндер арасында коммуникациялардың сәйкес түрлерін сипаттайды.