Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы



бет3/28
Дата29.03.2017
өлшемі5,72 Mb.
#12735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Мұнай газ геологиясы.

Модуль 1. Кен орыны, кен ошағы және оны жабатын жыныстар.

Модуль 2. Көмірсутектердің шығу тегі және миграциясы.

Модуль 3. Ұстау механизмі.

Модуль 4. Барлау әдістері.

Модуль 5. Ауыр мұнай және мұнай құмдары.

Модуль 6. Шекараларды зерттеу.

Модуль 7. Зертханалар.

Модуль 8. Керн үлгілері.

Модуль 9. Литологиялық разрез.

Модуль 10. Жер асты рельефінің картасы.

Модуль 11. Разрездер.

Модуль 12. Ұңғыманың орналасу орыны.





Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • тұнба кешендерінiң интерпретациясын жасағанда геологиялық заңдар мен принциптертерді қолдану.

  • тұнба кешендерінiң интерпретациясын жасағанда стандарты тұнба текстураларын қолдану.

  • стратиграф тiзбектерiн қолданып, тұнбаның жинақталуының негiзгi сыртқы шарттарын түсiндiру.

  • карталарды құрастырудың түрлi әдiстерiн, стратиграф карталарының бiрлiгiн қолданып, көмiрсутектердiң потенциалдық жинақталу орындарын айқындау.

  • көмiрсутектердiң потенциалдық жинақталу орындарын анықтау үшiн геологиялық тiлім әдiстерін пайдаланып, тұнба жыныстардың әр түрлi жиынтықтарын салыстыру.

  • тасбағанның тұнба ерекшелiктері мен физикалық сипаттамаларын қолданып, тұнбаның жинақталу жағдайын түсiндiру.

  • шығу әдісін, электрондық каротаж диаграммаларын, және/немесе тасбағанның құжаттамасын пайдаланып, карта бойынша тұнба жинау жағдайын анықтау.

60 / 3.0

Тұңбаның түзілуі және стратиграфия.

Модуль 1. Кіріспе.

Модуль 2. Алғашқы тұнбаның текстуралары.

Модуль 3. Тұнбаның жинақталуының сыртқы шарттары.

Модуль 4. Құрылымдық карталарды құрастыру.

Модуль 5. Геологиялық тiлімдер.

Модуль 6. Тасбағанды зерттеу.

Модуль 7. Фракцияларды пiшiндеу.






Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • шектерді түсіну және олардың сандық мәндерін таба білу.

  • орташа жылдамдықтың өзгерісін, қисыққа жанаманың көлбеулігін, алгебралық өрнектің туындысын туындыны іздеу тәсілмен табу. туындыны лездік жылдамдықтың өзгерісі ретінде табу.

  • дифференциациялаудың ережелері мен негізгі формулаларын қолданып, көпмүшелікті диффиренциациялау.

  • тәуелді айнымалы анық күйде көрінбей тұрған жағдай үшін функцияның дифференциалдық әдісін қолдану. математикалық қосымшалар мен қолданбалы практикалық есептер үшін туындыны қолдану.

  • туындылары арқылы қисық сызықтарды салу тәсілін қолдану. Дифференциал және оны есептер шығаруда қолдану.

  • максимум мен минимумға арналған қолданбалы есептерді шығару үшін туынды қолдану.

  • сызықтық жылдамдық пен үдеуді, сызықтық емес жылдамдық пен үдеуді және жылдамдықпен байланысты есептерді шығаруда туындыны қолдану.

  • х дәрежесіне және х функциясының дәрежесіне интегралдауды қолдану.

  • интегралдардың түрлерін танып, анықтай білулері керек: анықталмаған интеграл, анықталған интеграл және дербес интеграл. Қисықтың теңдеуін анықтау үшін интегралдау амалын қолдану.

  • орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу т.б. қолданбалы есептерді шығару. Электрлік параметрлерді өлшеулер мен тестілеуге берілген әр түрлі есептерді шығару.

  • қисық астындағы және қисықтар арасындағы ауданды интегралдау тәсілі арқылы анықтау.

  • жұмыс пен күшті есептеу үшін интегралдау әдісін қолдану.

75 / 3.0

Технологтарға арналған математика І.

Модуль 1. Шектер

Модуль 2.

Туынды негіздері

Модуль 3. Туынды формулалар

Модуль 4. Туындылар мен олардың қолданылулары

Модуль 5. Қисық сызықтарды салудағы туынды және дифференциал

Модуль 6. Минимум мен максимумға арналған қолданбалы есептер.

Модуль 7. Туындыны қолдана отырып қозғалысқа шығарылатын есептер

Модуль 8. Интеграл және интегралдау

Модуль 9. Интегралдау жайлы толығырақ

Модуль 10. Анықталмаған интегралды қолдану

Модуль 11. Аудандарды интегралдау

Модуль 12. Интегралдау






Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • интегралдау әдісі арқылы қолданбалы есептерді шығару.

  • дифференциалдау ережесін қолдану арқылы тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияларды дифференциалдау.

  • логарифмдік функцияны дифференциалдау.

  • экспоненциалдық функцияны дифференциалдау.

  • трансцендентік функцияны жалпы формула көмегімен интегралдау.

  • негiзгi логарифмдiк формулағы әкелетін формуланы табу және интегралдау үшін қолдану.

  • экспоненциалдық функцияға әкелетін өрнектерді интегралдау.

  • тригонометриялық функцияларды табу және интегралдау.

  • кері тригонометриялық функцияларға әкелетін формулаларды интегралдау.

  • өрнекті бөліктер бойынша интегралдау, тригонометриялық алмастыру әдістерімен және кестелерді қолданып интегралдау.




75 / 3.0

Технологтарға арналған математика І.

Модуль 1. Интегралдауды қолдану

Модуль 2. Тригонометриялық функцияларды және кері тригонометриялық функцияларды дифференциалдау .

Модуль 3. Логарифмдік функцияны дифференциалдау

Модуль 4. Экспоненциалдық функцияны дифференциалдау –

Модуль 5. Трансцендентік функцияны жалпы формула көмегімен интегралдау

Модуль 6. Негiзгi логарифмдiк формулаға әкелетін интегралдау

Модуль 7. Экспоненциалдық функцияларды интегралдау

Модуль 8. Тригонометриялық функцияларды интегралдау

Модуль 9. Кері тригонометриялық функцияларға әкелетін интегралдау

Модуль 10. Тригонометриялық алмастыруды, кесте қолдану арқылы бөліктер бойынша инегралдау





Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • механикалық құралдар арасындағы өзара әсерлесулерді есептеу үшін күш, белсенділік, қысым, қуат және энергияны табу.

  • сұйықтың табиғатын түсіндіру, қасиетерін анықтау, гидромеханиканы оқығанда әр түрлі есептеулер жүргізу.

  • сұйық молекулаларының салыстырмалы қозғалысына кедергі болатын сұйықтың қасиеті тұтқырлық екенін түсіндіру.

  • қысымды өлшеудің әр түрлі әдістерін сипаттау және манометрді қолданып, есептеулер жүргізу.

  • құбыржолдағы сұйықтың қозғалысын есептеу жабдықтары бар (ағынды бақылайтын, гидрожүйе, құбыржолдағы өнімді тарататын жүйе, сорғылар, турбиналар, бекіткіштер және т.б.) құбырдың ішіндегі қозғалысты анықтау.

сұйық ағынына энергияның сақталу заңын қолдану.

  • сұйық ағынының табиғаты мен режим сипаттамсын анықтау.

  • үйкеліс күшінің және тағы басқа көздер әсерінен болатын энергия шығынын есептеу.

  • сұйықтың ағын жолындағы өлшемдерiндегi өзгерiстердiң, мерзiмдi жапқыштар мен бiлтелердің жұмысынан, ағынның бағыт бойынша өзгерiстерімен пайда болатын жеңiл-желпi шығындарды есептеу.

  • сұйықтың жалғыз ұзақ жол бойымен жылжитын құбыржол жүйелерiнiң есептеулерiнiң әдiстерiн орындау.

  • құбыржолдардың параллель жүйелеріне қатысты есептеулерді жүргізу.

  • техникалық қолдануы үшін дұрыс сорғыларды таңдап алу және өлшеу.

  • жылу ағынның есептеулерін жүргізу.

  • қысымның әр түрлі мәнінде қысым мен температураны, меншікті энтальпияны қолданып, қарапайым есептеулер жүргізу

  • салқындаудың термодинамикасымен байлнысты шарттар мен принциптерін түсіндіру.

  • компрессорлық салқындау жүйесінің негізгі жұмыс принциптерін түсіндіру.

  • әр түрлі салқындатқыш агенттер, олардың қасиеттері мен классификациясы туралы түсінік беру.

105 / 3.0

Мұнай өндіру технологиясы І.

Модуль 1. Күш, белсенділік, қысым, қуат және энергия.

Модуль 2. Сұйықтың қасиеттері.

Модуль 3. Тұтқырлық.

Модуль 4. Қысым.

Модуль 5. Бернулли теңдеуі.

Модуль 6. Энергияның сақталу заңы.

Модуль 7. Рейнольдс саны.

Модуль 8. Үйкелістегі шығындар.

Модуль 9. Жеңіл –желпі шығындар.

Модуль 10. Тізбектей жалғанған құбыржолдар жүйесі.

Модуль 11. Құбыржолдардың параллель жүйелері.

Модуль 12. Сорғылар (насостар).

Модуль 13. Жылу энергиясы.

Модуль 14. Бумен жылытылатын столдар.

Модуль 15. Салқындау.

Модуль 16. Тоңазытқыш жүйелері.

Модуль 17. Салқындатқыш агенттер.







Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • вектор компоненттерін қолдану арқылы параллеь күштер жүйесіндегі белгісіз күшті есептеу.

  • күштер, олардың моменттері және тепе-теңдік шарттарына есептер шығару.

  • қарапайым құрылымдарда осьтік жүктеме, ауытқулар мен ығысулар тудыратын ішкі жүктемені анықтау.

  • тіреу бөліктерінде кездесетін кернеудің түрлерін анықтап, есептеу.

  • созылу диаграммасын қолдана отырып, материалдың механикалық қасиеттерін анықтау: беріктікті, морттықты, серпінділік пен пластикалықты.

  • ось бойымен әсер арқасында ұзындықтың өзгеруін (деформациясын) есептеу.

  • беріктік коэффициентін материалдық беріктігін есептеу үшін қолдану

  • тіреу элементтерінің көлденен қималарының аудандарының айырмашылық ерекшелiктерін анықтау.

  • иілдіруші кернеудің әсерінен пайда болатын иілген дененің қимасындағы кернеуді есептеу.

  • көлденен қимасы дөңгелек болып келетін іші қуыс қатты денелердегі бұралу әсерінен пайда болатын кернеуді есептеу және бұралу әсерінен пайда болатын жүктемелердің шарттарын анықтау.

  • экстремалдық температура мен циклдік жүктеудің тіреу элементтеріне әсерін сипаттау.

  • экстремалдық температура мен циклдік жүктеудің тіреу элементтеріне әсерін сипаттау.

  • кері итеруші күш ұғымын қолданып, есептер шығару.

  • зертханалық жұмыстарды орындау.




60 / 3.0

Мұнай өндіру технологиясы ІІ.

Модуль 1. Статика, тепе-теңдік, күштер мен векторлар.

Модуль 2. Күш моменттері, күштер және тепе-теңдiк.

Модуль 3. Ішкі күштер немесе реакциялар.

Модуль 4. Кернеу және деформация.

Модуль 5. Материалдардың механикалық қасиеттері.

Модуль 6. Ось бойымен әсер арқасындағы деформация.

Модуль 7. Берiктiк коэффициентi.

Модуль 8. Аудандардың айырмашылық ерекшелiктері.

Модуль 9. Иілдіруші кернеу.

Модуль 10. Бұралу әсерінен пайда болатын кернеу немесе бұралу жүктемесі.

Модуль 11. Күрделі жүктеу және кернеу.

12 Модуль. Циклдік жүктеулер мен температураның әсері.

Модуль 13. Кері итеруші күш.

Модуль 14. Зертханалық жұмыстар.





Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • технологтың кен орнын өңдеуде атқаратын жұмысы.

  • деректерді метрлік бірліктер жүйесінде, Британдық жүйеде және аралас өлшеу жүйелерінде сараптау және есептеу.

  • коллектордың кеуектік кеңістігіндегі мұнайдың шоғырланған жерлерін табу және мұнай көздерін сипаттау.

  • планиметрлік және волюметрлік (көлемдік) әдістермен мұнай мен газдың жер асты қорын анықтау.

  • идеал мұнай-газ қоспасының қысымын, көлемін және температурасын есептеу үшін газдың негізгі теңдеуін қолдану.

  • табиғи күкірттен тазартылған газ және құрамында күкірті өте көп газдан тұратын қоспаның негізгі параметрлерін қысым-көлем-температураны анықтау және бір фазалық газоконденсаттық қордың таусылуын фазалық сипаттама мен құрам тұрғысынан баяндау.

  • жер астынан алынатын газды, жер астындағы газ қорын есептеу және материалдық баланстың негізгі принциптері.

  • мұнайдың қасиеттерін диаграммалар (p,V,T) көмегімен және қысым – көлем – температура есептеулері бойынша түсіндіру.

  • флюидтер ағынының негізгі принциптерін ұңғыма дебитін, қысымдардың өзгерулерін, қарапайым «идеал» шоғырлардың өтімділігін есептеуде қолдану.

  • жер қойнауларындағы алғашқы мұнайды, қабаттағы мұнай газының бастапқы қорларын, және қажеттi су мен газдың ағу/толтыруын есептеу үшін материалдық баланстың негiзгi принциптерін қолдану.

75 / 3.0

Кен орнын өңдеу технологияларының негіздері.

Модуль 1. Кен орынын өңдеу технологиясы.

Модуль 2. Өлшеу жүйелері және конвертация.

Модуль 3. Кен орындары.

Модуль 4. Жер қойнауындағы мұнай мен газдың қоры.

Модуль 5. Идеал газ күйінің теңдеуі.

Модуль 6. Табиғи газдың қысымы, көлемі, температурасы.

Модуль 7. Газдың материалдық балансы және алынатын газ.

Модуль 8. Мұнайдың қысымы – көлемі – температурасы мұнайдың қасиеттері

Модуль 9. Идеал қазбадағы флюидтарман таныс.



Модуль 10. Кен орнының қарапайым материалдық балансымен танысу.




Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • газ ұңғымасының өнімділігін үш рет зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін және қолданылуларын түсіндіру.

  • изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып, графиктік тәсілмен максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулерін шешу.

  • изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып, сандық тәсілмен максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған теңдеулерін шешу.

  • изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып және LIT-P2 ықшамдалған теңдеуін сандық шешулер әдісі бойынша шешу.

  • үш әр түрлі әдіс арқылы газдың псевдоқысымын есептеу және оны LIT-Ψ теңдеуінде қолдану.

  • изохронды зерттеулердің өзгертілген нәтижелерін қолданып және LIT- Ψ псевдоқысым ықшамдалған теңдеуін сандық шешулер әдісі бойынша шешу.

  • жүйенің негізгі компоненттерін сипаттап, олардың әрқайсысының барлық жүйеге және өнімділікті жобалауға әсерін түсіну.

  • графиктік және сандық әдістерді қолданып, газ ұңғымасының өнімділігін анықтаудың бірнеше болжамын жасау.

  • газ жинаушы жүйелердің үш негізгі конструкцияларының артықшылықтары мен кемшіліктері және қолданылуларын түсіндіру.Сіз негізгі газ жинаушы жүйелердің біреуіне сараптама жасауыңызға болады.

  • газдың құбыржолдағы бір фазалық қозғалысының әр түрлі теңдеуін қолдана отырып, құбыржолдың горизонтал телімдеріндегі қысымның өзгерісін есептеу. Сіз тұзақ тәріздес лақтырымдар кезіндегі қысымның төмендеуін анықтай аласыз.

  • Хавлен және Одэ әдістерін еріген газ режимі үшін бастапқы мұнай қорының балансын есептеуде қолдану.

  • коллектордағы газдық шапка режимі үшін мұнай қорының бастапқы балансын есептеу және газдық шапка факторы Хавлена мен Одэ әдісі бойынша есептеу

  • ауыспалы ағынның теңдеуін қолдану және мұнай өндіруші құбырдың жанындағы коллектордағы қысымның тербелісін табу.

  • мұнай ұңғымасындағы қысымның төмендеуін белгілі тәсілмен анықтау жолында жүргізілген сынақтарды сараптау.

  • мұнай ұңғымасын қысымның қалпына келуін стандарты Хорнер әдісімен сараптау.

  • өнімділік индексінің IPR теңдеуін шешу, ұңғыманың қабат пен кездесу жеріндегі қысымның белгілі мәнінде немесе осы жердегі сәйкес массалық шығындағы дебитін анықтау.

  • ұңғыманың дебитін жобалау үшін Вогель әдісі бойынша есептеу және ұңғыманың сәйкес дебитінде ұңғыма мен қабаттың кездесу жеріндегі анықталған қысым үшін дебитті есептеу.

  • Вогель IPR жалпы теңдеуін есептеу, ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі қысымның анықталған мәнінде дебитті есептеу, немесе ұңғыманың қабатпен кездесу жеріндегі дебитке сәйкес қысымды есептеу.

  • Вогель, IPR жалпы теңдеулерінің көмегімен алынған екі сипаттаманы сараптау нәтижелерін талдау және ұңғыма коэффициентін анықтау

  • құбыржолдағы газдың бір фазалық қозғалысының әр түрлі теңдеулерін қолданып, құбыржолдың горизонтал бөліктеріндегі қысымның өзгерулерін есептеу. Сіздер тұзақ тәріздес атылымдардағы қысымның төмендеуін есептей аласыз.

  • әр түрлі үш IPR теңдеулері көмегімен аралас зона үшін IPR диаграммаларын тұрғызу.

  • мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі кіретін ағыс пен шығатын ағыстың оптимал сипаттамаларын әр түрлі үш IPR теңдеулері және НКТ ( насосно-компрессорные трубы – сорғы-компрессорлық құбырлар) көлденең қисықтары арқылы анықтау.

  • ұңғыма ауызындағы кіретін ағыс пен шығатын ағыстың оптимал сипаттамаларын IPR-дің үш теңдеуі, НКТ ( насосно-компрессорные трубы – сорғы-компрессорлық құбырлар) көлденең қисықтары көмегімен анықтау.



75 / 3.0

Коллектордың қасиеттері және түйіндік потенциалдар әдісімен жасалатын сараптама.

Модуль 1. Газ ұңғымасының өнімділігін зерттеу.

Модуль 2. Графиктік шешулер арқылы максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған талдауын жасау.

Модуль 3. Сандық шешулер арқылы максимал мүмкін дебиттің (AOF) ықшамдалған талдауын жасау.

Модуль 4. Сандық шешулердің квадраттар әдісі бойынша LIT – қысым сараптамасы.

Модуль 5. Газдың псевдоқысымын қолдана отырып, сығылатын сұйықтың радиал ағынының теңдеуі.

Модуль 6. сандық шешімдер көмегімен псведоқысымның LIT сараптамасы.

Модуль 7. Газ өндіру жүйесінің компоненттері.

Модуль 8. Газ ұңғымасының өнімділігінің болжау.

Модуль 9. Негізгі газ жинаушы жүйелер.

Модуль 10. Горизонтал газжолымен газдың қозғалысы.

Модуль 11. Хавлен және Одэ әдістерін еріген газ режимі үшін материалдық балансты есептеуде қолдану.

Модуль 12. Хавлена мен Одэ әдістерін газдық шапканың материалдық балансын есептеу.

Модуль 13. Ауыспалы ағын.

Модуль 14. Мұнай ұңғымасын қысымның төмендеу әдісімен зерттеу және сараптау.

Модуль 15. Мұнай ұңғымасын қысымның қалпына келу әдісімен зерттеу және сараптау.

Модуль 16. Өнімділік индексінің IPR (забойлық шапшыма қысымының дебитпен арақатынасы) теңдеуі.

Модуль 17. Вогель әдісі бойынша ұңғыманың максимал дебитін жобалау үшін есептеулер.

Модуль 18. Вогель IPR жалпы теңдеуі .

Модуль 19. Вогель, IPR жалпы теңдеулерінің көмегімен екі сипаттаманы анықтау.

Модуль 20. Феткович IPR теңдеуі.

Модуль 21. Аралас зона үшін IPR.

Модуль 22. Мұнай ұңғымасының қабатпен кездесу жеріндегі оптимал сипаттамаларды түйіндегі потенциалдар әдісін сараптау арқылы анықтау.

Модуль 23. Ұңғыма ауызындағы оптимал сипаттамаларды түйіндердегі потенциал әдісін сараптау көмегімен анықтау.

Модуль 24. Семинарлар.

Модуль 25. Зертханалық жұмыстар.






Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • деректер жинаудың негізгі түрлерін зерттеу.

  • деректердің систематизациясы (жүйелілігі) үшін статистикалық әдістерді қолдану.

  • деректерді, ығысу параметрлерін қолдану арқылы сараптау.

  • ықтималдыққа есептер шығару.

  • кездейсоқ дискретті шаманың ықтималдылықты есептеу.

  • кездейсоқ шаманың ықтималдылығын есептеу.

  • орта мәннің сенімді интервал жиыны бойынша минимал таңдау көлемін бағалау.

  • болжамның ресми тексеруін жүргізу

  • екі айнымалының арасындағы корреляцияны(өз ара байланысты) тұжырымдау.

  • көптік эксперименттер жайлы болжамды тексеру.

  • сапаны басқаруға арналған есептерді шығару.


60 / 3.0

Инженерлік ғылымдар мен технологиялар үшін статистикасы І.

Модуль 1. Деректер жинау.

Модуль 2. Жиіліктің үлестірілулер.

Модуль 3. Сипаттамалық статистика.

Модуль 4. Ықтималдылық.

Модуль 5. Ықтималдылықтың дискретті таралуы.

Модуль 6. Ықтималдылықтың қалыпты таралуы.

Модуль 7. Сенімді интервал мен таңдау көлемін бағалау.

Модуль 8. Болжамды тексеру.

Модуль 9. Корреляция және регрессия.

Модуль 10. Көптік эксперименттер.

Модуль 11. Сапаны басқару.






Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • жұмыс орынында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын реттейтін заң актілерін анықтау.

  • жұмыс орынын физикалық бақылауды және сол уақыттағы қауіп потенциалын бағалауды сипаттау.

  • ұжымның ішіндегі еңбек қауiпсiздiгi мен қорғау бойынша бағдарламаның негiзгi элементтерiн анықтау.

  • жұмыс орынындағы қауіп көзін бақылау неліктен осы орындағы барлық іс-әрекетті қамтитының, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бағдарламасының негізі болып саналатынын түсіндіру.

  • оқиғалар, тергеу және сараптау жайлы есептердің маңызы мен артықшылығын анықтау.

  • төтенше жағдайларда әрекет жоспарының/аварияны қадағалау бойынша негізгі жобаның қажеттілігін түсіндіру.

  • жеке қорғану құралдарының қолдануы, таңдауы және күтудi сипаттау.

  • жұмыс орынындағы қауiптi материалдардың теңестiрудi жүйесiнiң классификацияларының (WHMIS ) мәнін және олардың жұмыс бөлiмшесiндегi қолдануын түсiндiру.

  • жұмыс орынындағы қауiптi материалдардың теңестiрудi жүйесiнiң таңбалауларының (WHMIS ) мәнін және жұмыс бөлiмшесiндегi олардың қолдануын сипаттау.

  • материалдардың қауiпсiздiк төлқұжатының WHMISтiң мәнiн және жұмыс бөлiмшесiндегi оның қолдануын түсiндiру.

  • жабдықтар мен материалдардың қозғалысымен ерекшеленетiн статикалық электрлену туралы әңгiмелеу.

  • өндiрiстiк жұмыс орындарында көп тараған қайғылы жайдайларға әкелетін құлаулардан қорғану үшiн қолданылатын жабдықтарды сипаттау және ұсыныс беру.

  • бөлiмшедегi жабдықтың изоляциясы бойынша бас процедураларды сипаттау.

  • қоршаған ортадағы артық шудың ықпалын және оны бақылау әдiстерiн сипаттау.

  • тәуекел шартын, дәрежесiн бағалап, тәуекелдерi бар жұмыстардың әдiстерiн қолдану.

  • мұнай өнеркәсiбiндегi техника қауiпсiздiгiн оқып үйрену бойынша сертификацияның барлық талаптарына сай болу.

  • жұмыс орнындағы қауiптi материалдардың идентификациясының сертификацияның барлық талаптарына сәйкес келуі.

  • жеке қорғану құралдарының тағайындауын түсiндiру.

  • қауiп-қатердiң айырып тану және бақылау. Қауiп-қатердiң айырып танудың мәнін және оның бақылауын түсiндiру.

  • жұмыс орынындағы қауiп-қатердiң көздерi және оларды бақылаудың әдiстерiн белгiлеу.

  • күкiрт сутегі бар ортада жұмыс бойынша сертификацияның барлық талаптарына сәйкес келу.

30/1.5

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет