Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет61/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Мазмұндық аспектілер

Біз оқушыларды бағалау барысында барлық аспектілерді қамти алмаймыз. Сондықтан қолданылатын модельдің бізге қажетті салаға барыншы сәйкес болуы маңызды. Бұл біздің оқу мақсатын өте жақсы түсінуімізді және олардың қолданылып жүрген тапсырмалармен немесе бағалау элементтерімен байланысын көрсетуге дайын болуымызды қажет етеді.

Бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысында тапсырмалардың/сұрақтардың мазмұны мұқият қарастырылуы тиіс. Кейде бұл бағалау тапсырмалары мен элементтерін әзірлеуге немесе таңдауға дейін спецификацияны (сипаттамасын) жазу үшін біраз уақытты қажет етуі мүмкін. Стандартталған тест тапсырмалары мен жоғары деңгейлі бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысында тест құрастырушылар пән бойынша білікті мамандарға, тәжірибелі мұғалімдерге жүгінеді. Бұл спецификация мен сәйкес бағалау элементтерінің мазмұнының оқу барысында қарастырылған материалға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әріптестер мен оқушылардың талқылауын қамтуы да мүмкін. Бағалау құралдары қарастырылатын оқудың сипатын шынайы қамтамасыз ететін болса, онда осы оқу мақсаттары бойынша оқушылардың жетістіктер туралы негізделген шешім шығару мүмкіндігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет