Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата01.11.2019
өлшемі0,99 Mb.
#50969
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 Бастауыш Муғалімге арналған нускаулық (1)


3-кесте. Сыныптан сыныпқа көшу бойынша ілгерілеу 

1-сынып 


бір  таңбалы  сандарды  және  10  санын/  11-ден  20-ға  дейінгі 

сандарды оқу, жазу және салыстыру 

2-сынып 

екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 

3-сынып 

үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 

4-сынып 

көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарды 

берілген разрядқа дейін дөңгелектеу 

 

Оқушылардың  бойында  өмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыпастыру  мақсатында 



бастауыш сыныпқа арналған пәндердің  аясында мұғалімдер әрбір  оқу  жылында нені  оқыту 

керектігін және оқу сапасы қандай болу керектігін анық білгені абзал. Оқушылардың, сондай-



17 

 

ақ мұғалімдер мен мектептердің әралуандығын қамту үшін бастауыш сыныпқа арналған білім 



беру  бағдарламасы  айтарлықтай  икемді.  Оқушылар  әртүрлі  пәндердің  аясында  қолдануға 

болатын  білім  алып,  дағдылары  мен  мінез-құлқын  қалыптастырады,  бұл  оқушыларға 

мектептен  тыс  өмірде  қолдануға  болатын  дағдыларды  меңгеруге  көмектеседі.  Осындай 

дағдыларға  сауаттылық,  математикалық  ойлау  қабілеті,  сын  тұрғысынан  және 

шығармашылық ойлау кіреді, бірақ бұл тізім бұлармен шектелмейді. 

Бастауыш сыныптардағы тілдік мақсаттар 

Әр  пәннің  өзіндік  тілдік  стилі  бар,  оны  нақты  пәннің  «академиялық  тілі»  деп  атауға 

болады.  Академиялық  тіл  пән  мазмұнын  меңгеру,  ойлау  және  осы  пәнде  қолданылатын 

ұғымдармен  жұмыс  істеу  қабілетін  жақсартуға  арналған  басты  құрал  болып  табылады. 

Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың академиялық 

тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.  

Академиялық  тілді  үйренуде  тілдік  мақсаттар  маңызды  құрал  болып  табылады. 

Оқушылардың  олардан  қандай  нәтиже  күтілетінін  түсінуі  тілдік  мақсаттардың  анық 

құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға деген 

уәжін  арттырып,  оларды  бағамдауға  және  қолдауға  көмектеседі.  Пән  мұғалімдері 

оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілдерін дамытуына қолдау көрсетеді. 

Академиялық  тілді  меңгеруге  қолдау  көрсету  үшін  мұғалімдерге  сабақ  жоспарларына 

төмендегідей оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады: 

-  оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына 

жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану); 

-  сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін ұсыну 

(мысалы,  топтық  жұмыс  жүргізуге,  сұрақты  дұрыс  қоюға,  жағдайды  талдап,  пікірталас 

жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері); 

-  алдын  ала  оқыту  және  пәнді  оқуда  дұрыс  қолдана  білу  үшін  қажетті  терминология  мен 

тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану; 

-  түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт түрін 

түрлі  комбинацияда  (мысалы,  оқылым-тыңдалым,  оқылым-жазылым,  оқылым-айтылым, 

тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы

-  оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап беруге 

ынталандыру,  білу  деңгейіндегі  сұрақтармен  шектелмеу,  пікірталас  тиімді  болуы  үшін 

оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса алуы 

үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);  

-  тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды тыңдау, 

түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша тұжырымдау, 

сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 

-  тіл  туралы  сыни  ойларын  дамыту  (мысалы,  тілдерді  салыстыру,  оқушыларды  тілді 

барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау); 

-  сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол 

жеткізілген жетістіктерді талқылау. 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік 

мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың есте 

сақтап,  пайдаланулары  керектігін  ескерту  маңызды.  Бұл  құрамдас  бөліктер  төмендегі 

тақырыпшаларда ұсынылған: 

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология; 

(2)  диалог/  жазылымға  арналған  пайдалы  сөз  тіркестері.  Егер  пәннің  тілі  анық  әрі 

оқушыларға  түсінікті  болса,  бұл  олардың  пән  бойынша  оқу  мақсаттарына  ғана  емес,  тілдік 

мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі. 

Тілдік  мақсаттарды  белгілеу  үшін  келесі  етістіктерді  пайдалануға  болады:  саралау, 

санаттарға  бөлу,  таңдау,  жіктеу,  салыстыру,  байланыстыру,  қарсы  қою,  көшіру,  құрастыру, 



18 

 

сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, анықтау, 



негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау, 

қайта  ұйымдастыру,  басқа  сөзбен  айту,  мазмұндау,  қайта  қарап  шығу,  көшіріп  алу,  рөлдік 

ойын  ойнау,  қорыту,  жинақтау  және  жазу,  түрлі  мақсатта  пайдалану,  өз  сөзімен  анықтама 

жазу, безендіру. 

Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға 

болғанымен,  мазмұн  мен  тілдің  бөлінуі  оқушылардың  мазмұнға  да,  тілге  де  баса  назар 

аударуына  көмектеседі.  Сонымен  қатар,  бұл  жауап/  шешімге  назар  аударумен  қатар,  сол 

жауап/шешімді  іздеу  үшін  қолданылатын  үдерістерге  назар  аударылуын  теңдестіруге 

көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша 

нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады.  

Тілдік  емес  пән  сабақтарында  оқу  мақсаттарының  басым  бөлігі  мазмұнға 

бағытталғанымен, кемінде біреуі тілді дамытуға бағытталуы керек. 



 

Пәнаралық байланыс 

Мектептегі негізгі пәндерді оқу  арқылы  оқушылар  өз  түсінігін  кеңейте отырып,  өзінің 

оқуы  үшін  жауапты  болуға  үйренеді.  Оқушылар  өзіндік  көзқарасы  мен  пайымдауын 

қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. 

Мысалы,  олар  дәлелдерді  талдау  мен  бағамдауды  және  ойлау  дағдылары  туралы  ойлануды 

үйренеді.  Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланыс  орнату  арқылы  олар  ақпаратты тиімді 

пайдалануды үйренетін болады. 

Оқыту  үдерісінде  белгілі  бір  нақты  пәнді  зерттеу  маңызды  болғанымен,  пәнаралық 

жұмыстарды  жүргізу  пәнді  анағұрлым  сапалы  меңгеруге  оң  ықпалын  тигізеді.  Кэрридің 

(Kerry, 2007) пайымдауынша пәнаралық байланыс тәсілі білімді өзара байланысты құбылыс 

деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың 

сындарлы  тәсілімен  тығыз  байланысты,  себебі  оқушылар  бірлесіп  жұмыс  істей  отырып, 

пәндердің арасындағы мәселелерді талқылап пікірталас жүргізеді (Hayes, 2010). Оқушылар бір 

пәннің  аясында  үйренген  мәселелерін  екінші  пәнге  пайдалана  алады  немесе  бір  пәннің 

негізінде  басқа  пәнді  оқуды  жақсарта  алады.  Пәндер  бойынша  білімді  ықпалдастыру 

оқушылар үшін оқу үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға бағытталған. 

Бастауыш сынып оқушылары бастауыш сынып пәндерін өзара байланыста қарастыруы тиіс, 

себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік береді. 

 

 

 

 


19 

 

 



БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 

Оқушыларды  оқытудың  ең  жоғары  стандарттарын  қамтамасыз  етуде  мұғалімдердің 

қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011) 

білім  беру  шараларының  оқушыларға  әсерін  талдау  үшін  жүргізілген  60155  педагогикалық 

зерттеу  аясында  9000-нан  аса  метаталдау  әдісін  пайдаланды.  Олар  алдында  қол  жеткізген 

жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі 

айтарлықтай  септігін  тигізетінін  дәйекті  түрде  көрсетті.  Мұғалімдер  пайдаланатын  әдіс-

тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей 

тұрып,  оқу  бағдарламасын  өзгерту  білім  беру  стандарттарына  қатысты  реформалау 

шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді. 

Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің 

мысалын Хименес-Александренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу 

ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008,  Katchevich et al, 2011 сілтемесі): 

1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған 

қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс. 

2)  Мұғалімдер  оқушыларға  бағытталған  және  дәлелдерді  құру  мен  талдауға  арналған 

рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.  

3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 

4)  Оқушылар  мен  мұғалімдер  пікірлерді  бағалауда  білікті  болуы  керек  және 

оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды. 

5)  Оқушылар  өздерінің  алған  білімдерін  қолдана  алуы  және  білімдердің  қалай 

алынғанын талдай білуі тиіс. 

6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. 

Бастауыш  сынып  пәндерінің  оқу  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттары  оқушылардан 

тыңдалым,  айтылым,  оқылым  және  жазылым  дағдыларын  қолдануды  талап  етеді. 

Нұсқаулықта  «Критериалды  бағалау»  тарауында  қарастырылатын  бағалау  стартегиялары 

маңызды болып табылады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда: 

қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, 

дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық 

аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің 

«дәстүрлі»  әдістерімен  салыстырғанда,  оқыту  кезінде  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге 

мүмкіндік  береді  (Hattie,  2011).  Сындарлы  оқыту  тәсілдері  оқушылардың  алдыңғы 

білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл 

жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге 

үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген 

таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті 

сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері 

әсерін  тигізеді.  Оқушылар  білімді  толықтай  меңгеру  үшін  ақпаратты  енжар  қабылдамай, 

сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай 

өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса 

маңызды болып табылады. 

Бастауыш  сынып  пәндерінің  аясындағы  педагогикалық  тәсілдер  белсенді  оқуды 

көздейтін  сындарлы  оқуға  негізделеді  (Savery  &  Duffy,  1994;  Jonassen  and  Rohrer-Murphy, 

1999). Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін 

оқудың  маңызын  өздері  анықтайды.  Бұл  оқушылардың  белсенділігін  арттыратын  қуатты 

құрал  болып  табылады.  Бастауыш  сыныпта  сабақ  жүргізуде  қолданылатын  педагогикалық 

тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады. 

 


20 

 

Белсенді оқу 

Оқу  үдерісі  өзінің  табиғаты  бойынша  ойлаудан  тұруы  керек  және  ми  құрылымында 

өзгеріс  туғызуға  жетелеуге  тиіс.  Ми  неғұрлым  белсенді  жұмыс  істеген  сайын,  оқу  үдерісі 

соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (Hattie, J., 2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны 

түсінуге  мүмкіндік  беретінін,  ал  мұғалімнің  тоқтаусыз  сөйлеуі  миға  шамадан  тыс  аса  көп 

ақпарат  «жүктемелейтіні»  және  ол  оқушылардың  қызығушылығын  жоғалтуға  әкеліп 

соғатыны,  сол  сәтте  оқудың  нәтижелілігі  айтарлықтай  төмендеп  кететіні  туралы  біздің 

хабардар  екенімізді  мәлімдейді.  Ал  белсенді  оқу,  керісінше,  оқушылардың  белсенді 

қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте 

сақтап,  оны  қолдана  алуын  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Хэттидің  мидың  қызметін  талдай 

отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет 

арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді 

әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. 

Белсенді  оқу  оқушының  мұғалімді  енжар  тыңдап  қана  қоймай,  белсенді  жұмысқа 

тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі 

жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге  асырылатын құбылыс екендігін 

түсіндіреді.  Сыныпта  қолданылатын  мұндай  тәсілдерге  топтық  жұмыстар  (Brodie,  2000), 

ойын  «баламалары»  (Bergen,  2002)  және  пән  бойынша  белгілі  тақырыптағы  ойын  түрлері 

кіреді   (Peters, 1998).  Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі  бір аспектілерін 

модельдеу  және  зерттеу  үшін  ұсынылған  мүмкіндік  болып  табылады.  Домино  және  карта 

сияқты  дәстүрлі  ойындар  математика  сабақтарындағы  кездейсоқтық  пен  ықтималдық 

мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді 

жіктеу  сияқты  ойындар  –  тіл  үйренуді  қамтамасыз  етудің  және  оны  көрсетудің  бірден-бір 

қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» 

(«Go»)  деп  аталатын  ежелгі  қытай  ойыны)  тұрғындар  мен  қоғамның  өсуін  модельдеу  үшін 

пайдалануға болады. 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы аясында қолданылатын 

тағы да бірқатар тәсілдер: 

 



Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым; 

 



Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану; 

 



Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу; 

 



Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы); 

 



Ашық сұрақтарды пайдалану; 

 



Дәлел ұсынуға ынталандыру; 

 



Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу; 

 



Зерттеуге  негізделген  оқу,  оның  барысында  оқушылар  мәселені  жеке  өздері 

зерделейді. 

Белсенді оқу барысында мұғалімдер: 

-  барлық  оқушылардың  оқу  үдерісіне  қатысуын  қамтамасыз  ететін  жағымды  оқу 

ортасын қалыптастыруға; 

-  сенімді,  жауапты,  белсенді,  жаңалыққа  ұмтылатын  және  өзінің  іс-әрекетін  талдап,  

рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге

-  оқушылардың  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  тапсырмалар  мен  белсенді  әдіс-

тәсілдерлі  қолдануға; 

-  алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді 

өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл 

сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін 

ұйымдастыруға және уақытты басқаруға; 

-  оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде 

және  мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті де анық, қарапайым тілді пайдалануға; 

-  оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуы  тиіс. 



21 

 

Сыныпта  ынтымақтастық  ахуалын  қалыптастырып,  жағымды  психологиялық  орта 



қалыптастыру  үшін,  оқушылардың  арасында  өзара  қарым-қатынасты  нығайтып,  олардың 

өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін ұялату 

үшін  оқушылармен  түрлі  жаттығу  өткізуге  болады.  Ойын  түрінде  өткізілетін  жаттығулар 

оқушылардың  өзара  араласуына  және  мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы  тығыз  қарым-

қатынастың орнауына жол ашады. 

Сабақта  белсенді  оқу  әдістерін  қолдану  оқушының  өзіндік  рефлексия  жасау 

дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын  сезінуге; оқу 

үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық 

белсенділігінің  артуына  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  мұғалімнің  сабағын  қызықты 

ұйымдастыруына,  оқушыларының  танымдық  әрекетін  күшейтіп,  өзінің  кәсіби  шеберлігін 

шыңдай түсуіне ықпал етеді. 

 

Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары 

Тілді  оқытудың  тәсілдері  көп  екені  белгілі,  алайда  әлеуметтік-лингвистикалық  тәсіл 

тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда 

қандай  тіл  орынды  екенін  түсіну  маңызды  (жазбаша  және  ауызша).  Оқушылар  тиісті 

әлеуметтік  тілді,  соның  ішінде  нақты  жағдайға  сәйкес  келетін  грамматиканы,  құрылымды 

және  лексиканы  таңдай  алу  үшін  мұғалімдер  мәтіннің  мақсатын  және  оның  кімге,  қандай 

аудиторияға  арналғанын  түсінуге  көмектесу  керек  (Winch,  Johnston,  Holliday,  Ljungdahl  & 

March, 2001). Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету 

үшін  мұғалімдердің  оқушыларды  түрлі  мәнмәтіндермен  таныстыруы  маңызды  болып 

табылады. 

Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер 

үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға 

осы  дағдыларды  барынша  жетілдіруге  мүмкіндік  берудің  маңызы  зор.  Нақты  белгілі  бір 

дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін 

бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады (Wallace, 

Stariha & Walberg, 2004). Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, 

сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның 

негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп 

енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан 

кейін  пікірталас  жүргізуге  немесе  жазбаша  тапсырма  орындауға  болады.  Сонымен  қатар, 

қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты 

қамтамасыз  етеді.  Қарым-қатынас  жасаудың  мақсаты,  айталық,  бірнәрсе  туралы  белгілі  бір 

фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы 

мүмкін. 

Бастапқы кезеңдерде оқушылардың осыған дейін меңгерген білімін қазіргі кезде оқып 

жатқан  көптеген  жаңа  түсініктерімен  байланыстыру  маңызды  болып  табылады.  Білім  мен 

дағдыларды  қарапайымнан  бастап  күрделіге  қарай  және  нақтыдан  абстрактіге  қарай 

қалыптастырған  маңызды.  Алдымен  мұғалім  қажетті  түсініктерді  оқушылар  бір-бірімен 

сөйлескен кезде пайдаланатын тілдің көмегімен енгізу керек. Сонымен қатар, материалдардың 

табиғатымен  байланысты  тілді  пайдаланған  орынды  болмақ.  Оқушылар  нақты  тілді 

пайдаланып,  нақты  заттар  арасында  байланыс  орнату  үшін  материалдарды  пайдалануға 

немесе әрекеттерді іске асыруға қатыстырылуы керек. Оқушылар тақырыппен танысқаннан 

кейін  ғана  түсінікпен  байланысты  техникалық  тіл  немесе  терминология  оқытылуы  тиіс. 

Жаратылыстану және математика сияқты пәндерде оқушылар ұғымдарды нақты түсінгеннен 

кейін ғана формулаларды ұсынуға болады. 

Жаңартылған оқу бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол 

оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог 

аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән 


22 

 

немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды 



ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы 

тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған 

сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр 

болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың 

жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз 

бетінше  қалыптастыруға  еркіндік  ұсыну  керек.  Оқушылар  өзінің  жауабымен  белгілі  үлес 

қосатындығын  сезінуі  үшін  мұғалім  жауаптарды  зейін  қойып,  айқын  қызығушылықпен 

тыңдауы  керек.  Бастауыш  сыныпта  оқитын  оқушылар  анағұрлым  жан-жақты  және  күрделі 

жауап бере алады. 

 

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым 

Мұғалімнің  жетекшілігімен  жүретін  оқылым  оқудың  сындарлылық  теориясына 

негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, 

мағынасын  ұғынады,  оны  бұған  дейінгі  білімімен  байланыстырады.  Мұғалімнің 

жетекшілігімін  жүретін  оқылымдағы  мұғалімнің  рөлі  мұқият  ойластырылған  сұрақ  қойып, 

нұсқау  беріп,  пікір  таластыруға  тартып  және  бағамдай  отырып,  тапсырманы  орындардың 

алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету 

болып  табылады  (Marchand-Martella,  Martella  &  Lambert,  2014).  Мүмкіндіктері  бірдей 

оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар 

оқылым/жазылым  әдіс-тәсілдерін  пайдалануды  және  материалдарды  өз  сыныптастарымен 

және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.  

Муни  (Mooney,  M.,  1995)  мұғалімнің  жетекшілігімен  жүретін  оқылымды  былай 

сипаттайды: «сіз және балалардың шағын тобы... оқып отырған әр адамға белгілі бір деңгейде 

күрделі  болып  табылатын  мәтін  туралы  әңгімелесу,  ойлану  және  оны  оқу.  Бұл  кездегі 

мұғалімнің рөлі оқушылардың түсініп оқып жатқанына кепілдік беру үшін қолдау көрсетуге 

бағытталған. Балаларды назарда ұстау және тыңдау. Оқылымның мақсаты – мәтін мағынасын 

түсіну немесе анықтау».  

Мұғалімдер  пайдалана  алатын  аса  бір  тиімді  әдістердің  бірі  «Дауыстап  ойлану»  деп 

аталады. Мұғалім мәтінді оқиды және «дауыстап ойлайды», сол арқылы оқушыларға мәтінді 

түсінуге көмектеседі (Blair-Larsen & Vallance, 1999). 

 

 



Дәлелдеу 

Жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  және  оларды  қолдану  бастауыш 

сыныптың  оқу  бағдарламасының  өзекті  аспектісі  болып  табылады.  Осы  ойлау  дағдыларын 

қалыптастырудың маңызды тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез 

келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін 

оның  маңызы  өте  зор,  себебі  онда  бір  есептің  бір  ғана  шешімі  болғанымен,  оған  жетудің 

тәсілдері  толып  жатыр.  Бұл  сондай-ақ  Қазақстандағы  жаңартылған  оқу  бағдарламасында 

басым  болып  табылатын  бірнеше  құндылықтар  мен  дағдыларды,  мысалы,  шығармашылық 

және  сын  тұрғысынан  ойлау,  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын  дамытудың  негізгі 

тәсілдерінің бірі болып табылады. 

Бастауыш  сыныптарда  кеңінен  қолданылатын,  өзара  әрекеттесудің  түрлі 

жағдайларында  қалыптасатын  және  жүретін  оқудың  екі  саласы  бар;  бұл  монологтік  және 

диалогтік  (Alro  &  Skovsmose,  2002).  Монологтік  көзқарас  заттарды  абсолюттік  материя 

ретінде  түсінеді  және де  бұған  дейін  алынған  білімнің негізінде  қалыптасады,  ал  диалогтік 

көзқарас  болса  білімді  оқу  барысында  жүретін  үдеріс  ретінде,  дәлелдеу  барысында,  яғни 

пікірталас  пен  келіссөз  барысында  қалыптасатын  білім  ретінде  қарастырады.  Дәлелдеудің 

үлгісі мен күрделілігін сипаттау жөніндегі Тулминнің (Toulmin, 1958) жемісті жұмысы білім 


23 

 

беру  саласындағы  зерттеулерге,  соның  ішінде  зерттеуге  негізделген  оқуды  пайдалануды 



бағамдауға ықпал етті (мысалы, Simon et al., 2006; Katchevich et al, 2013). Зерттеуге негізделген 

оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, 

талқылау,  оларға  қарсы  шығу  және  өз  ойларын  қайта  қарау  арқылы  пікірталасқа  араласа 

отырып, белсенді рөл атқарады (Goos, 2004). 

Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері көріп  

зерделеген көрнекі материалды қайталап сипаттау ұсынылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы 

бойынша оқытуда  әлеуметтік-мәдени  тәсілге  басымдық  беріледі, сабақ барысында пікірталас 

пен ұжымдық дәлелдеуге барынша назар аударылады (Miller, 1987;  Brown&Renshaw,  2000). 

Осындай сабақтарда оқушылар басқа оқушыларға тұжырымдаманы өз сөзімен түсіндіру үшін 

бірқатар  сұрақтар  мен  топтық  талқылауды  пайдалана  отырып,  проблемаларды  шешу  үшін 

бірлесіп  жұмыс  істейді.  Мұғалімдер  оқушылардың  берген  түсініктемелеріне  құрметпен 

қарайды және оның құнды екенін түсінеді, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері 

басқа оқушыларға мәселені түсінуге көмектесе алатындығын мойындайды. Бірлесіп дәлелдеу 

– бірлескен тұлғааралық өзара әрекеттесуді өрбітуге көмектесетін педагогикалық құрал. 

Оқу  бағдарламаларында  оқушылардың  дәлелдеуді  қолдану  дағдылары  (ақпарат 

дереккөздерін  талдау,  өздерінің  зерттеу  нәтижелерін  таныстыру  және  талқылау)  сыныптан 

сыныпқа  көшу  шамасына  қарай  күрделеніп  отырады. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу 

тапсырмаларын  орындау  барысында  әртүрлі  ақпарат  көздерінен  деректер  іздейді.Алдағы 

уақытта  оны  пайдаланып,  қорытынды  жасайды.  4-сыныпқа  қарай  оқушылардың  дәлелдеу 

дағдылары  дами  түседі;  олар  жиналған  деректердің  негізінде  өз  көзқарасын  ортаға  салып, 

талқылауға қатысады. 

Дәлелдеумен бір қатарда тұрған дағдылардың бірі – проблемаларды шешу. Поляның (Polya, 

1945) тұжырымдауынша, проблемаларды шешу – бұл: 

-  шынайы  проблемамен  айналысу;  мәселе  туралы  болжам  жасау,  зерттеу  және 

мағынасын түсіну; 

-

  рәсімдерді есте сақтау ғана емес, сонымен қатар, шешімдерді іздеу



-  формулаларды есте сақтау ғана емес, сондай-ақ үлгілерді зерттеу; 

-  жаттығуларды орындау ғана емес, сондай-ақ болжам жасау.  

Оқушыларға өз сөзімен түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, мұғалім олар үшін тақырыпты 

білуі мен түсінуінің арасында байланыс орнатуға мүмкіндік ашады, сондай-ақ кез келген қате 

түсініктерін анықтай алады. Осыны іске асыру үшін мұғалім дәлелдеу тәсілін қолдана алады, 

оның төрт кезеңі бар; әр кезең бірнеше сабақты қамтуы мүмкін: 

-  елестету; 

-  салыстыру; 

-  түсіндіру және дәлел келтіру; 

-  мақұлдау (келісу). 

Дәлелдеу  үдерісі  зерттеуге  негізделген  оқу  тәсілін  толықтырады.  Зерттеу  тақырыбы 

белгіленгеннен  кейін, мұғалім  оқушыларға  шағын  топтарда  жұмыс  істеп,  сурет,  диаграмма, 

график  немесе  алгоритмдерді  пайдалану  арқылы  зерттеу  немесе  проблеманы  «елестетуді» 

ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» 

керек.  «Түсіндіру  және  дәлел  келтіру»  деп  аталатын  келесі  кезең  оқушыларға  өздерінің 

көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға 

мүмкіндік  береді.  Әрбір  топ  идеяларды  талқылау  және  «мақұлдау  (келісу)»  үшін  барлық 

сыныпқа өз шешімдерін ұсынады. 

Оқушыларға  бастауыш  сыныптарда  проблеманы  шешуді  ұсыну  арқылы  мұғалім 

оқушылардың Пиаже  сипаттаған  танымдық  даму  сатыларының  нақты  бір  операциялық 

кезеңінде  екенін есте сақтауы керек. Осы жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер 

абстарктілі, ойдан шығарылған нәрселермен жұмыс істегеннен гөрі, қарапайым бірақ нақты 



24 

 

мысалдарды  пайдаланғаны  абзал.  Физикалық  материалдар  мен  шынайы  өмірден  алынған 



мысалдарды жиі пайдалану оқу үдерісін тиімді етеді (Soylu, Y., 2010). 

Бастауыш  сыныптың  оқу  бағдарламалары  оқушыларға  ХХІ  ғасырдағы  қарқынды 

дамып  келе  жатқан  зияткерлік  және  техникалық  ортада  табысты  болу  үшін  қажетті 

дағдыларды  меңгертуге  бағытталған.  Олар  оқушыларды  сын  тұрғысынан  ойлау,  бірлесіп 

жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі 

көптеген  дағдыларды  өз  бетінше  меңгеруге  және  зерделеуге  дайындайды  және 

ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру 

бағдарламасында  проблемаларды  шешу,  жаратылыстану  бойынша  білім  беру 

бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар 

аударса,  дүниетану  пәні  аясында  ойлау  дағдыларын  дамытуды  көздейді.  Қазақ  тілінде 

оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы 

оқушылардың бұрын меңгерген білімдері мен дағдыларын жетілдіруге, сонымен қатар, жаңа 

түсініктерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға бағдарланған. ХХІ ғасырдың қарқынды 

ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде 

қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды 

болып табылады. 

Бастауыш  сынып  пәндері  бойынша  оқу  бағдарламалары  оқушылардың  алдыңғы 

меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  жетілдіруге,  сонымен  қатар,  жаңа  түсініктерді 

қалыптастырып,  оқу  қабілеттерін  дамытуға  бағдарланған.  Пәндердің  оқу  бағдарламасы 

оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді: 

-  зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру; 

-  кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын 

белсенді дамыту; 

-  өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 

-  қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық 

проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру. 

Бастауыш пәндерін оқу арқылы оқушылар өз  түсінігін  кеңейте отырып, өзінің  оқуы 

үшін  жауапты  болуға  үйренеді.  Оқушылар  өзіндік  көзқарасы  мен  пайымдауын 

қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. 

Мысалы,  олар  дәлелдерді  талдау  мен  бағамдауды  және  ойлау  дағдылары  туралы  ойлануды 

үйренеді.  Сонымен  қатар,  пәнаралық  байланыс  орнату  арқылы  олар  ақпаратты тиімді 

пайдалануды үйренетін болады. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет