Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар 

Тұжырым немесе сұрақты құрастыру тілі барынша қарапайым және оқушыға 
түсінікті болуы қажет. 

Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды 
оқуға көп уақыт жоғалтып, оның мазмұны бойынша Білімін көрсетуге уақыты 
жетпей қалуы мүмкін.

Оқушылардан тұжырыммен бірге жазу/жазылымды интерпретациялау кезінде қате 
жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазуды сұраудың орнына, 
кестеде белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын 
сызуды ұсыныңыз. 

Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты қарым-
қатынасты көрсетсе, онда әуелі дұрыс бөлігі жазылады, ал екінші бөлігі 
өзгертіледі.

Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзындығы шамалас болсын.

Жауабында қандай да бір заңдылық байқалмау үшін шын және жалған 
тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз. 

Кең таралған жалған пікірлер мен көзқарастарды жалған тұжырым ретінде 
қолданыңыз.

Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты 
көрінетіндей етіп құрастырыңыз. 

Тапсырма екіұштылығы жоқ нағыз шындық немесе жалған болып табылатындай 
тұжырымдарға негізделуі қажет.

Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.

Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.

Оқушының дұрыс түсінуіне жеткілікті ақпарат қосыңыз.

Мынадай сөздерден аулақ болыңыз: бәрі, әрқашан, әрбір, ешқашан, ешкім, 
көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.

Мәтіннен, дәрістен немесе басқа материалдардан алынған дәйексөздерді 
қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді. 

Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпаратты қолданудан аулақ болыңыз.

Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет