Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын құруға арналған ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет26/53
Дата07.02.2022
өлшемі0,69 Mb.
#92401
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
52d6ddf1-26f6-11e9-9199-bcaec5508c5b1 МАН Тарих

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын құруға арналған ұсыныстар 
1)
Оқу мақсаттарын зерделеп, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы 
болатынына көз жеткізіңіз.
2)
Сәйкестендіру тапсырмасындағы сұрақтарды шектеңіз. Сұрақтардың көп болуы 
тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.
3)
Оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде 
мүмкіндігінше тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.
4)
Бірінші бағанда барынша қарқынды сөздерді, ал екінші бағанда неғұрлым қысқа 
және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.
5)
Мүмкіндігінше жауаптар тізімін қандай да бір жүйемен реттеп орналастырыңыз 
(хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.). 
6)
Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда, бір 
жауап бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін). 
7)
Сәйкестендіру тапсырмасын екі бетке бөлуден аулақ болыңыз, бұл тапсырманы 
орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің 
тексеруіне де қолайсыз болады. 
8)
Тапсырманың нұсқауы (шарты) оқушыларға сәйкестікті орнатуға қатысты анық 
болғаны дұрыс. Барлық оқушылар тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырма 
жауабы жалғыз және бір мағыналы болатындай етіп құрылғаны жөн. 
9)
Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін 
сұрақтарды қолданыңыз. 
10)
Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да белгілерді 
қолданудан аулақ болыңыз.
11)
Сұрақтар бағаны нақты сұрақтардан немесе тапсырмалардан, тұжырымдардан 
және т.б. тұруы тиіс.
Қосымша кеңес

Егер сіз сәйкестендіруде сұрақтарды қолданатын болсаңыз, онда оны 
дайындаудың бір әдісі мынадай.
Оқулықты оқып отырған кезде адамдардың атына қатысты дәйектер мен 
идеяларды оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен дәйектерді бір-біріне 
қарама-қарсы ретте санамалап жазыңыз, нәтижесінде екі түрлі тік баған пайда 
болады.
Өз тізіміңізді тексеру үшін дәйектер бағанын қағазбен жауып қойыңыз. Атауы 
жазылған бағандағы әр элементке қараңыз және соған сәйкес дәйек немесе идеяны 
жазыңыз. Содан соң, материалды екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз
өзіңізге еске салу ретінде дәйектерді қолданыңыз.
Жоғары деңгей дағдыларын жетілдіріңіз. Көбіне сәйкестікті анықтауға қатысты 
тапсырмалар іс жүзінде білімді бағалайды, олар талдау және жинақтау сияқты 
жоғары деңгейде ойлау дағдыларын бағаламайды. Мұндай тапсырмалар жоғары 
деңгей дағдыларын бағалауға құрылмаған дегенді білдірмейді. 


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет