26
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс
екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар
(Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы
ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын
«баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін
ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының
өзіндік рефлексия жасау
дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу
үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына,
танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын
қызықты
ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби
шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: