(D) серпімді соқтығысу көрсетілуі мүмкін, мысалы, бір бағытта қозғалатын арбашалар немесе бильярд шарлары.
(G) Оқушылар бірқатар соқтығысуларды талқылай алады және гольф добы, бильярд шары, ракеткаға соғылатын теннис добы, ауа молекуларының басқа молекулалармен қақтығысуы, жаттығу аяқ киімінің өкшесінің жерге тиюі, Аймен қақтығысатын метеоритті қоса алғанда олардың серпімді немесе серпімсіз болып табылатындығын шеше алады.
|
Оқушылар соқтығысу кезінде кинетикалық энергияның жылулық энергияға немесе ішкі энергияға айналуын түсінулері қажет. Мұғалімдер дененің жылдамдығының өзгерісі олардың импульсінің және энергиясының өзгеруіне алып келетіндігін түсіндірулеріне болады. Денелердің әсерлескенге дейінгі импульстерінің векторлық қосындысы әсерлескеннен кейінгі импульстарының қосындысына тең.
Оқушылармен денелердің Жермен әрекеттесуі қарастырылатын жағдайларды талқылаңыз, себебі кейбір оқушылар объектінің Жермен соқтығысу кезінде импульс сақталмайды деп ойлауы мүмкін.
|
Серпімді және серпімсіз соқтығысуды көрсететін видео:
http://www.teachersdomain.org/resource/lsps07.sci.phys.maf.momentum/
немесе
http://www.teachersdomain.org/asset/lsps07_int_airtrack/
Practice: Momentum and Energy
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=5&filename=Momentum_PracticeMomentumEnergy2.xml
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=5&filename=Compilations_CPworkbook_MomentumSystems.xml
|
|
9.2.3.1 - механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік жолмен анықтау;
|
(T) Энергияның түрлерін қамтитын видеоны көрсете отырып, жұмыс, потенциалдық энергия (ПЭ), кинетикалық энергия (КЭ) формулалары мен анықтамаларын оқушылардың естеріне салу пайдалы.
(I f) Оқушылар күштердің механикалық жұмысының формуласын түсінетіндігін көрсету үшін графиктік және аналитикалық есептерді шығарады.
|
Оқушылармен орын аустыру векторына күштің қандай бұрышпен әсер етуіне байланысты күштердің жұмыстарын анықтаудың түрлі жағдайларын қарастыру қажет. Жұмыс шамасының оң, теріс және 0-ге тең болу шарттарын қарастыру қажет. Тартылыс өрісіндегі ауырлық күшінің жұмысын, серпімді деформацияланған серіппенің және үйкеліс күшінің жұмысын анықтау Одан кейін жоғарыда көрсетілген күштердің жұмыстарын графикалық әдіспен анықталуын қарастыру қажет. ( график астындағы аудан ретінде)
|
Жұмыс және энергия
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=3&filename=WorkEnergy_IntroForceWorkEnergy.xml
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=5&filename=Compilations_CPworkbook_WorkEnergy.xml
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=3&filename=WorkEnergy_WorkEnergy.xml
http://dev.physicslab.org/Document.aspx?doctype=5&filename=WorkEnergy_WorkEnergyForcesAngles.xml
|
|
9.2.3.2 - жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану;
|
|