(E) Оқушылар энергияның бір түрден екінші түрге айнауын көрсету үшін эксперимент жүргізе алады.
(G) Топтар саябақта коньки тебу мысалы негізінде энергияны модельдеуді көрсете алады және биіктік пен жылдамдықты есептей отырып, үйкеліспен және үйкеліссіз пайда болатын энергияның түрленуі туралы есеп жаза алады.
|
Экспериментті жасау кезінде энергияның сақталу заңы тек қана тұйық жүйелер үшін орындалатынын көрсету қажет.
Ұқсас тәжірибе әртүрлі биіктіктерде жылдамдықты өлшеу арқылы алынған КЭ-мен жоғалтылған ПЭ салыстыру үшін тіркеу құрал деректерін немесе жарық сызбаларын қолданып жүргізілуі тиіс.
|
|
9.2.3.8 - серпімді деформацияланған дененің энергиясын түсіну, күштің деформацияға тәуелділік графигінен серпімділік күшінің жұмысын анықтау;
9.1.1.5 -идеялар мен түсініктемелерді дайындау және сынақтан өткізу үшін әртүрлі ғылыми әдістер мен тәсілдерді пайдалану;
|
(D) Мұғалім серпімді деформация кезінде энергияның сақталатындығын көрсетуі мүмкін.
Серпімді деформациямен жүргізілетін барлық тәжірибелерде қауіпсіздік техникасының ережелерін пайдалану қажет (қорғаныш көзілдірігін кию).
(E) Эксперимент энергияның сақталу заңын тексеруге бағытталған.
Жұмыстың мақсаты: арбаның кинетикалық энергиясы мен серпімді серіппенің энергияларын салыстыру.
Құралдар: резеңке бау, арбаша, сызғыш және секундомер.
Экспериментің демонстрациясы оқу ресурстарында көрсетілген.
(G) Мұғалім келесі тәжірибені ұсына алады: оқушылардан созылған резеңкенің жүріп өткен жолы немесе оның созылу биіктігі баудың созылуына қалай тәуелді болатындығын болжамдауға тапсырма беруге болады. Одан кейін оқушылар резеңке бауды сызғыштың бір ұшына байлап, созып және ең максимал созылу биіктігін анықтайды. Олар созылу күшке тура пропорционал болады деп болжамдайды.
(I f) Оқушылар серпімді деформация кезінде сақталған энергия түсінігін көрсету үшін және ол қалайша кинетикалық немесе потенциалдық энергияға айналуы мүмкін екендігін көрсетуге арналған жұмыс парақтарында жауап береді.
|
Жұмысты анықтау үшін күштің созылуға тәуелді графигін пайдалануға блолады. Графикпен шектелген аудан серпімді деформацияланған дененің жұмысы болып табылады.
Кейбір оқушылар істелінген жұмысты фигураның ауданы арқылы есептей алады. Бұл кезеңде кез келген мысалдар күштің созылуға тіуелділігін көрсететін графиктерден тұру керек.
Қарапайым деңгейде барлық оқушылар үлкен деформация серпімді деформацияның үлкен энергиясын сақтайтындығын түсінетін болады. Содан кейін резеңке бауды жіберген кездегі биіктік максимал кинетикалық энергия максимал потенциалдық энергияға айналатынын түсінетін болады. Біршама оқушылар қорытқы потенциалдық энергияны есептей алады және оны серпімді деформацияның бастапқы сақталған энергиясымен салыстыра алады (½ күш × резенкенің созылуы). Өте қабілетті оқушылар алған қатынасты айта алады. Көбінесе ол дұрыс болмайды, мысалы һ биіктігі х керілуге пропорционалды болады деп болжамдайды, өйткені, mgh =½ Fx. Бірақ F іс жүзінде x-пен бірге көбейеді. Оқушылар өз қателіктерінен үйренетін болады.
|
Резеңке бау арқылы іске келтірілетін қайықты көрсететін видео:
http://www.youtube.com/watch?v=lp05xjEgcjw
Серпімді деформацияның энергиясы бойынша тәжірибе:
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/stretched-elastic-band-elastic-store-energy
немесе энергияны қарапайым анықтау үшін:
http://physicsplayground.webs.com/Physics%20Class/Energy/Activity%20-%20How%20Much%20Energy%20Does%20a%20Rubber%20Band%20Hold2.doc.
Сақталған энергия бойынша тәжірибе
http://www.scientificamerican.com/article.cfm?id=bring-science-home-rubber-bands-energy
тәжірибенің видеосы:
http://www.youtube.com/watch?v=zF-tcNY9qRQ
|
|
9.1.1.10 - ғылыми идеялар мен дәлелдерді пайдалана отырып қорытынды жасау;
|
(E) Оқушылар көлбеу жазықтықтың ПӘК анықтау бойынша тәжірибе жасайды.
|
Мұғалімдерге оқушылармен механизмдердің ПӘК анықтау формуласын қайталау қажет және оқушыларға көлбеу жазықтықтың ПӘК нің еңіс бұрышына тәуелділігін зерттеуді ұсыну керек.
|
Көлбеу жазықтықтың ПӘК
http://www.westminster.edu/about/community/sim/documents/stheinclinedplane.pdf
http://www.its-physics.org/physlab/stands/kpd-naklonnoy-ploskosti
https://www.youtube.com/watch?v=c2bO20DFcpA
|