Академиялық тәртіп ережелері: Курс модульдерін өту мерзімдері пәнді оқыту кестесіне сәйкес сөзсіз сақталуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Дедлайндарды сақтамау баллдардың жоғалуына әкеледі! Әрбір тапсырманың дедлайны оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесінде (кестесінде) көрсетілген. Барлық сабақтар сабақ кестесі бойынша өткізілетін болады.
Академиялық құндылықтар: Семинар / практикалық сабақтар, СӨЖ өзіндік, шығармашылық сипатта болуы керек.
Бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер 8-707-120-17-60 телефоны, kundyz2@mail.ruе-пошта бойынша консультациялық көмек ала алады.
Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Жиынтық бағалау:аудиториядағы (вебинардағы) жұмыстың белсенділігін бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.
Оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі (кестесі)
Апта
Тақырып атауы
Сағат саны
Макс. балл***
Модуль 1. Арнайы психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері
1
Д 1. Арнайы психологияға кіріспе. Ғылымдар жүйесіндегі арнайы психологияның орны
1
1
СС 1. Арнайы психология психология ғылымының бір саласы ретінде. Арнайы психологияның пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері. Арнайы психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Арнайы психологияда қолданылатын әдістер. Арнайы психологияның қағидалары. Арнайы психологияның терминологиялық аппараты.
СС 2. Арнайы психологиядағы норма және патология ұғымдары. Дизонтогенез ұғымы және оның параметрлері. Психикалық даму бұзылыстарының типтері. Дефект түсінігі. Бірінші және екінші ретті дефект. Психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларды заманауи жіктеу.