Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
«Жерге бағытталу» 1. Аяқтарыңызды иық тұсымен сәйкестендіріп тұрыңыз.
2. Оң аяқты оңға, ал сол аяқты алға қарай бағыттаймыз.
3. Қолдарымызды белге қоямыз.
4. Оң тізеңізді жай ғана бүгіп , аяққа сүйеніңіз.
Сол жақ аяқты жер жазықтығында таралып тұратындай тік
қойыңыз. Біркелкі төмен отыруда арқаңызды тік ұстаңыз.
Басыңызды бүгілген аяқ бағытына қарай бұрыңыз. Бүкіл
денені өзгеріссіз бұрмай ортада тұрады, яғни дене
бүгілген аяқ бағытына қарай қозғалмау қажет.Табанды
жерден көтермейміз!
5. Жаттығуды 3 рет қайталаймыз және аяқтар
орнын ауыстырып қайта жасаймыз, яғни тізені бүгуде сол
аяққа сүйенеміз.
Жаттығуды дұрыс жасаған жағдайда аяқ, сан
бұлшықеттерінің керілгенін, созылғанын сезінеміз. Сіздің
бұл тұру қалпыңыз садақпен оқ атқаныңыздай бейнеленеді!