Үшбірлікті ми теориясы Барлық адамдар ретикулярлық (репитилді) ми, эмоционалдық (лимбикалық) ми,
неокортекс (бас ми қабығы) құрылымынан тұратын мидың үшбірлікті жүйесіне ие.
Рептильдік ми (R-кешен) 100 млн жыл қолданылады, ол ең ежелгісі болып табылады. Біздің мінез-құлқымызға
іргелі әсер етеді. Түрдің қауіпсіздігіне жауап береді және базалық мінез-құлықты басқарады.
Оның қызметі өте қарапайым: «жүгіру – қорғану – тұрып қалу». Ол дереу реакциялар
үшін қажет. Алдымен біз жауап береміз, содан кейін ойлаймыз. Бұл мағынада ол біздің
«
автопилотымыз». Оның басты міндеті – денені қорғау, ол қорғануға бағытталған, ол
әрқашан «күзетте» болады және ағзаға төнген қауіпті іздейді. Демек, ол қоршаған әлемді
қауіп-қатер мен арандату көп кездесетін орта деп теріс қабылдайды.
Рептильдік мидың функциясы нақты қауіп туындаған жағдайындан аман қалу үшін
пайдалы. Бірақ кейде ол нақты қауіп-қатерді ойдан шығарылған қатермен шатастырады.
Мұндай жағдайларда рептильдік ми ақылды жеңеді. Тарихымыздан бұрынғы заманда ол
біздің денемізді жақсы қорғады, бірақ енді ағзаға еш қауіп төндірмейтініне көз жеткізгенге
дейін біздің трансформациялық процесстерді жиі тежейді.