39
типологиялық ерекшеліктерімен және күйзелістік жағдайларды жеңудің алдыңғы
тәжірибесімен байланысына назар аударып, оның екі құрамдас стратегиясын – когнитивті
және мінез-құлық стратегиясын атап көрсетті (Аведисова A.C., Канаева Л. C., Ибрагимов Д.
Ф., 2002).
R.S. Lazarus (1980) өз зерттеулерінің нәтижесінде «тұлғаның физикалық, жеке және
әлеуметтік әл-ауқатын сақтау мақсатында бейімделу мүмкіндіктерін белсендіру жағдайында
(қауіптілікке немесе үлкен табысқа байланысты) проблемаларды шешуге ұмтылысы» деп
қорытынды шығаруы жеңу стратегиялары ұғымының қысқаша тұжырымды анықтамасы
болды.
«Копинг-стратегиялар», «күйзелісті жеңу стратегиясы», «иелену стратегиясы»,
«қиындықты жеңу стратегиясы» ұғымдары арасында түбегейлі айырмашылық жоқ, бірақ
әдебиетте «қиындықты жеңу стратегиясы» термині кеңінен қолданылады, өйткені бұл осы
ұғымның негізіндегі мағынаны барынша толық ашады.
Қазіргі таңда қиындықты жеңу стратегияларының типологиясы J.H. Amirkhan (1990)
көзқарастарына негізделген. Автордың пікірі бойынша, жеке адамның өмір бойы белгілі бір
қиындықтарды жеңу стратегияларын таңдауы жеткілікті тұрақты сипаттамалар мен стресс
туғызушы себептер түріне тәуелді бола бермейді. Ол жеңу стратегияларын адамның мінез-
құлқының базистік стратегиясы ретінде белгілеп, оларды 3 топқа біріктірді: проблеманы
шешуге бағытталған – бұл белсенді мінез-құлық стратегиясын адам өзіндегі барлық жеке
ресурстарды проблеманы тиімді шешудің ықтимал тәсілдерін іздестіру үшін пайдалануға
тырысады (бейімделген); әлеуметтік қолдауды іздеу – бұл белсенді мінез-құлық
стратегиясына адам проблеманы тиімді шешу үшін өзін қоршаған ортасына – отбасына,
достарына, басқаларға маңызды (бейімделген) көмек және қолдау көрсету үшін жүгінеді;
қашқақтау – бұл адамның қоршаған шындық байланысынан, проблемаларды шешуден
(бейімделмеген) бас тартып жалтару стратегиясы.
Кейінірек көптеген шетелдік және отандық зерттеушілердің жұмыстарында белсенді-
қорғану нұсқаларын қосу есебінен «қорғану механизмдері» дәстүрлі ұғымының кеңейтілген
сипаттамасы пайда болған.
R.S. Lazarus (1980) қорғану механизмдерін жағдаяттың өзгеруінен бұрынғы эмоциялық
шиеленісті төмендетуге арналған стресті жеңудің интрапсихикалық нысандары ретінде
қарастырады. Автор психологиялық қорғанудың нәтижесіз әдістерін де саралап өткен.
Бірінші топқа – ол симптомдық техниканы (алкоголь, транквилизаторлар, тыныштандыратын
препараттарды және т.б. қолдану), ал екінші топқа когнитивті қорғанудың интрапсихиялық
техникасын (идентификациялау, ауыстыру, басу, терістеу, реактивті оқыту, проекция,
интеллектуализация) жатқызады.
Л.И. Вассерман басқа да авторлармен бірлесіп (1998) психологиялық қорғану
механизмдері мен өзін-өзі ұстау механизмдері өзгерген жағдайға бейімделу тәсілдері де
өзгереді деген тұжырым жасаған. Онда қиындықты жеңуші мінез-құлық психологиялық
қатерді жоюға бағытталған тұлғаның іс-қимыл стратегиясы ретінде анықталады, ал
психологиялық қорғану механизмдері интрапсихиялық бейімделу болып табылады. Ол өз
алдына психикалық жайсыздықты әлсіретуге бағытталған (Карпов А. Б.).
Достарыңызбен бөлісу: