Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Психологиялық қорғанудың тұлғааралық механизмдерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет51/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Психологиялық қорғанудың тұлғааралық механизмдерінің сипаттамасы 
Терістеу 
Проекция 
Регрессия 
Алмастыру Ығыстыру Рационализация Компенсация 
Гиперком
пенсация 
Жетекші 
танымдық
процесс 
Қабылдау Қабылдау 
Ес
Ойлау 
Ес
Ойлау 
Ойлау 
Ойлау 
Бастан 
кешіретін 
эмоциялар 
Бас тарту Қабылдамау Сенімсіздік Ашу-ыза 
Қорқыныш Фрустрация 
Қайғы, уайым, 
көңіл 
толмаушылық 
Қайғы, 
уайым, 
көңіл 
толмауш
ылық 
Бейімделу 
сипаты 
Енжар
Белсенді
Белсенді
Аралас
Енжар
Енжар
Тәуелді емес 
Тәуелді 
емес 
Сындарлылық 
дәрежесі 
Төмен 
Төмен 
Төмен 
Орта 
Орта 
Жоғары 
Жоғары 
Жоғары 
Терістеу
– 
ерте онтогенетикалық және ең қарапайым қорғану механизмдерінің бірі. 
Ақпараттық сүзгі қабылдау кезінде қызмет атқарады. Яғни тұлға ұстанымына қарама-қайшы 
келетін мәліметтер қабылданбайды. Терістеу шындықты инфантильдік алмастыру дегенді 
білдіреді, яғни кез келген ақпараттың жағымсыз тұстары адам санасына жетпей бұғатталып, 
ал жағымды тұстары санаға жіберіледі. Нәтижесінде адам басына түскен уайым қайғысын, 
жан күйзелісін кезең-кезеңмен басынан өткізуге мүмкіндік алады. Бұл тұста адамның жаңа 
жағдайларға бейімделуі енжар және сындарлылық деңгейі төмен болып келеді. 
Проекция 
– 
өзін және қоршаған ортаны қабылдамау сезімін ұстанады. Проекция 
адамның белгілі бір құбылыстарды, әрекеттерді жеке өзінің ұнатпауы немесе жақтырмауы 
негізінде қоршаған ортаны жағымсыз қасиеттермен теңеуі. Өз іс-әрекеттері үшін 
жауапкершілікті басқаларға жүктеу мақсатында қолданылады. Атрибуттық проекция (өзінің 
жағымсыз қасиеттерін бейсана деңгейінде жоққа шығарады және оларды басқаларға 
теңейді); рационалистік (өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерді, қылықтарды «бәрі осылай 
жасайды» деген ұстаныммен ақтап алып, өзін кінәсіз сезіну); комплиментті (қошеметтеу) 
(өзінің нақты немесе жалған кемшіліктерін қадір-қасиет ретінде көрсету); симилятивті 
(өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерін, қылықтарын, кемшіліктерін басқа жақындарына 
ұқсату негізінде мойындамау, мысалы, бала бойындағы өзі жақтырмайтын қылықтарын 
немесе басқалар көп сынға алатын мінез-құлқындағы кемшілігін ата-анасына ұқсату арқылы 
мойындамауы). Бұл қорғану механизмі әлеуметтік бейімделудің белсенді түрі бар жеке 
адамға тән. Сындарлылықтың төмен дәрежесі. 
Регрессия
– 
өзіне деген сенімсіздік пен сәтсіздікке ұшыраудан қорқу сезімдерін тежеу 
үшін қызмет етеді. Регрессия мінез-құлық пен қанағаттану сезімінің неғұрлым жетілмеген 
тәсілдеріне оралуды болжайды. Регрессивті мінез-құлық әдетте ересек адамдарға тән, яғни 
эмоциялық симбиоз (ата-ананың баланың барлық еркеліктерін көтеріп, қажеттіліктерін 
барынша қанағаттандыруға тырысуы, баланың өз өмірінде кездесуі мүмкін барлық 
қиындықтардың алдын алуға тырысуы) және балаға тән қылық (инфантилизация). Мұндай 
қорғану механизмі белсенді бейімделе алатын тұлғаларға тән. Сындарлылықтың төмен 
дәрежесі. 
Алмастыру
– 
ашу-ыза эмоциясын тежеуде жүзеге асады. Жеке тұлға агрессияны әлсіз, 
жансыз объектіге немесе өзіне бағыттап, қақтығыстың күшін төмендетеді. Оның екі 


41 
формасын бөліп көрсетуге болады, олар: объектіні алмастыру және қажеттілікті алмастыру. 
Сонымен қатар алмастырудың белсенді және енжар формалары болады. Алмастырудың бұл 
формаларын адамдар қақтығыс деңгейі мен әлеуметтік бейімделу түрлерінен дербес жеке 
әртүрлі қолданылуы мүмкін. Сындарлылықтың орташа дәрежесі. 
Ығыстыру
қорқыныш эмоциясын тежеу үшін қолданылады, ол өзін-өзі позитивті 
қабылдау қолайсыздығы туындауымен және агрессор тарапынан туындаған қақтығыстардан 
қорғанумен байланысты жүзеге асады. Бұл жағдайда қорқу оның туындауына түрткі болған 
және онымен ассоциациялық байланысы бар барлық объектілерді, жағдайларды ұмыттыру 
арқылы санадан ығыстырады. Механизм бейімделуі енжар тұлғаларда қолданылады. 
Сындарлылықтың орташа дәрежесі. 
Рационализация
ерте жеткіншектік шақта дамиды. Механизмнің бұл түрінің пайда 
болуы ерте жеткіншектік кезеңде құрдастарымен бәсекелестікте сәтсіздіктерге сәйкес 
туындаған фрустрациялармен байланысты. Кез келген жағдайды субъективті бақылау сезімін 
дамыту үшін оқиғаларды еркін схемалауды және түсіндіруді болжайды. Рационализация 
өзекті, өзі үшін және басқалар үшін үстемдік, постгипноздық және проективті болып 
бөлінеді; оның келесі тәсілдері бар: мақсатқа сенімділікті жою, құрбанның беделін түсіру, 
мән-жайлардың рөлін асыра көтеру, қолда бар мүлікті қайта бағалау және өзін-өзі бағалау. 
Механизм бейімделуі енжар тұлғаларда қолданылады. Сындарлылықтың жоғары дәрежесі. 
Компенсация
– 
онтогенездегі ең кеш және когнитивті күрделі қорғану механизмі. Бұл 
адам бойындағы кемшілік, жетіспеушілік, өзін толыққанды емес сезіну сияқты сезімдер мен 
уайым-қайғыны тежеуге арналған. Компенсация осы кемшілік сезімін түзету немесе 
ауыстыру әрекетін қарастырады. Сондай-ақ компенсация кластеріне гиперкомпенсация 
механизмі кіреді, оны мінсіз деңгейдегі компенсация ретінде түсінуге болады. Механизмді 
пайдалану әлеуметтік бейімделудің жеке түріне байланысты емес. Сындарлылықтың жоғары 
дәрежесі (Долгова, Кондратьева).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет