Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет53/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
 


43 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Психологиялық кеңес беру – 
бұл психологиялық көмек көрсетуге бағытталған 
психолог-консультанттың клиентпен кәсіби қарым-қатынас процесі. 
Психолог-кеңес берушінің ұстанымы: 
Эмпатия.
Мен әлемді басқалардың көзімен көремін. Мен басқаны түсінемін, себебі 
оның ішкі жан дүниесін сезінемін. Мен өзіммен әңгімелесушінің көңіл күйін жақсы 
түсінемін және оған сәйкесінше жауап қайтарамын.
 
Жылулық.
Мен адамның тұлғалық қасиеттерін өзіме деген қатынасынан бөліп қарай 
аламын. Мен басқаны құрметтейтіндігімді, оның құқығы мен пікірін ескеретіндігімді және 
қателесуі мүмкіндігін мойындайтындығымды әр түрлі тәсілдер арқылы көрсетемін. Мен 
басқаны белсенді қолдайтын адаммын.
Шынайылық, адалдық.
Мен айналамдағылармен өзара әрекеттесуде мейілінше 
адалмын. Мен басқалардың алдында өзімді жасанды рөлдермен көркемдеп жақсы көрсетуге 
тырыспаймын, себебі олар менің шынайы бет бейнемді біледі. Мен басқа адамдармен қарым-
қатынаста өз қалпымды шынайы ұстаймын.
Нақтылық.
Мен басқа адамдармен әңгімелескенде өзімді «түсініксіз адам» ретінде 
көрсетемін деп ойламаймын. Мен жалпылама сөйлеп, әңгіменің төңірегінде жүрмей, өзімді 
нақты және дәл сөйлейтін адам ретінде ұстаймын.
Бастамашылдық.
Мен басқалармен өзара қатынаста белсенді ұстанымымды 
көрсетемін: мен тек пікірімді білдіріп қана қоймай, өзімде бірге әрекет етемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет