Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Психологтің кәсіби қызметі және психологиялық қорғанудың көрінуі



Pdf көрінісі
бет52/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Есеп айырысу шоты первички
Психологтің кәсіби қызметі және психологиялық қорғанудың көрінуі
 
Психологтің кәсіби қызметіне жеке адамның немесе топтардың тиімділігін және өмір 
сүрудегі субъективтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қарым-қатынасын өзгерту 
және қалыптастыру жатады. 
Психологтің іс-әрекеті оқушының тұлғасын әлеуметтендіру процесін қамтамасыз етеді, 
сондықтан бұл оның кәсіби қызметіне өзіндік сипат береді. Психолог адамның тұлғалық 
ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар өзі де өзіндік ерекшеліктері бар тұлға ретінде 
жұмыс істейді. Ол өзінің күнделікті қызметі барысында әртүрлі жастағы, әлеуметтік және 
мәдени санаттағы адамдармен үнемі бетпе-бет келеді, оның міндетіне жеке тұлғалармен 
және адамдардың бірлестіктерімен қарым-қатынас жасау жатады. Психолог жұмысының 
ерекшелігі маманнан түрлі әлеуметтік топтармен кәсіби қарым-қатынас жасай білуді, 
сондай-ақ белгілі бір тұлғалық қасиеттер мен кәсіби білімді қажет етеді. Сонымен қатар 
психологтің дайындығы тек кәсіби білім, білік және дағды деңгейінде ғана емес, сонымен 
қатар жалпы мәдени деңгейі мен тұлғалық қасиеттерді ескере отырып жүргізілуі тиіс. 
Р.В. Овчарованың (2003) пікірінше, психолог маманның өзінің тұлғалық қасиеттері 
оның жұмысында маңызды рөл атқарады. Психологтің өз басындағы ішкі кедергілері мен 
өзінің жеке проблемаларына алаңдауы оның адамдармен нәтижелі кәсіби қарым-қатынас 
жасауға кедергі келтіреді. Р.В. Овчарова практикалық қызмет барысында психолог маман 
үшін маңызды келесі білім, білік және кәсіби қасиеттер тізімін ұсынады: 
1. 
Психолог өзінің жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін жете білуі тиіс.
2. 
Психолог өзінің эмоционалдық жағдайын реттей білуі тиіс.
3. 
Психолог кәсіби маңызды қасиеттерге дағдылануы керек, олардың ішіндегі ең 
маңыздысы – жетістіктерге ұмтылу, өзіндік «Мен» күш-жігері, өзіне сын көзбен қарай білу, 
эмоциялық тұрақтылық, ізгілік және оптимизм, өз ісіне сенімділік.
4. 
Психолог оқушылардың типологиялық және жас ерекшеліктері, тәрбие мен дамудың 


42 
арақатынасы туралы жақсы білуі тиіс.
5. 
Психологтің оқушылармен жұмысында ұйымдастырушылық, коммуникативтік, 
психодиагностикалық біліктер, даму нұсқаларын болжау қабілеті, психопрофилактика және 
психокоррекция ерекше рөл атқарады. 
В.И. Долгова мен О.А. Кондратьеваның зерттеулерінде психологтің жұмысымен 
үйлеспейтін тұлғалық көріністер аталған: жеке тұлғаның жетілмеуі, эмпатияның болмауы, 
артық тежелу, басқалардың өзіне деген қамқорлығын шамадан тыс қажет ету, «Эго» күшінің 
төмендігі, стреске төзімділіктің төмендігі, жоғары алаңдаушылық, зияттың төмендігі, жеке 
басының проблемаларын шеше алмауы, өзін кінәлі сезінуінен туындаған мазасыздық
шашыраңқылық (Долгова, Кондратьева).
Тұлғаны психологиялық қорғау копинг-мінез-құлықтың (жеке мәселелерін шешуге 
бағытталған іс-әрекеттер) қорғану механизмдерімен және стратегияларымен қамтамасыз 
етіледі. Олар бір-бірімен өзара байланысты бейімделу процестері мен жеке адамның стрестік 
жағдайларға орай әрекет етуі болып табылады. 
Психологиялық қорғану сындарлы болуы үшін, оған келесі ерекшеліктер тән болуы тиіс: 
қоғамның күтілетін нәтижелері мен ережелеріне сәйкес; оның қызметі ойлау және қиял 
процестеріне негізделеді; оның қызметі саналы түрде іске асырылып, рефлексия арқылы 
бақыланады; сындарлы психологиялық қорғану механизмдерінің біркелкі қолданылуының 
кең ауқымын болжайды; сыртқы әлеуметтік-психологиялық бейімделуді және адамның 
өмірлік міндеттерін қанағаттанатын шешімдерді қамтиды; тұлғааралық өзара әрекеттестікте 
сындарлы психологиялық қорғану механизмі тұлғаның прогрессивті дамуы мен 
әлеуметтенуін қамтамасыз етеді. 
Психологтің дайындығы тек кәсіби білім, білік және дағды деңгейінде ғана емес, 
сонымен қатар сындарлы психологиялық қорғау тәсілдерін қалыптастыруды ескере отырып 
жүргізілуі тиіс. Оның жұмыс істеуі кәсіби қызмет субъектісіне туындаған өмірлік 
қиындықтардан оңтайлы шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
В.И. Долгова мен О.А. Кондратьеваның зерттеулерінде сындарлы психологиялық 
қорғануды модельдеудің үш деңгейі анықталған. Олар – стихиялық, эмпирикалық және 
теориялық деңгейлер. 
Стихиялық деңгейде тұлғаның психологиялық қорғану жүйесінің кенеттен іске қосылуы 
байқалады. Тұлғаның стихиялық үлгінің эмпирикалық деңгейіне өтуі мынадай шарттарды 
енгізу кезінде жүзеге асырылады: жеке тұлғалық ерекшеліктерді ұғыну, оның ішінде 
психологиялық қорғануды білу. 
Эмпирикалық деңгейде тұлғаның өзінің іс-әрекеттері бойынша рефлексиялық тұрғыдан 
өзін-өзі бақылауы және тұлғалық қасиеттерін сезінуі жүзеге асырылады. Эмпирикалық 
деңгейден модельдің теориялық деңгейіне көшу белгілі бір шарттарды енгізу кезінде іске 
асырылады: тұлғалық ерекшеліктерді ұғыну, оның ішінде психологиялық қорғану
психологиялық қорғанудың жұмыс істеуі туралы білім жүйесін меңгеру. 
Теориялық деңгейде психологиялық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі тұлғалық 
ерекшеліктерді, сондай-ақ психологиялық қорғану туралы білім жүйесін және оның ықтимал 
көріністерін ескере отырып іске асырылады.
Сонымен, психологиялық қорғану механизмін пайдалану эмоциялық шиеленісті жоюға, 
мінез-құлықтың ауытқуын болдырмауға, жаңа әлеуметтік-психологиялық жағдайларға қысқа 
мерзімде бейімделуге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда қорғану механизмдері дұрыс 
бағдарды жоғалтуға, ұласпалы қақтығыстық жағдайларға әкелуі мүмкін, сондықтан 
сыңаржақ және сындарлы қорғанудың өзара айырмашылықтарын ажырата білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет