Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Өздігінен әрекет ету (спонтанность)



Pdf көрінісі
бет54/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Өздігінен әрекет ету (спонтанность).
Өзін көрсетудегі ерекше қасиет. Мен 
айналамдағылармен өзара қатынас жасау кезінде сырт көздің сынына қарамастан ойланбай 
ашық және тікелей әрекет етемін.
Талқылауға арналған сұрақтар: 
Қазіргі таңда сіздің жұмысыңызда немесе оқуыңызда қандай бағыттар маңызды? 
Сіздің жауабыңыз бір жыл бұрын да дәл осындай болды ма? 
Әр түрлі сұрақтар бойынша біліміңізді қалай толықтырасыз? 
Сіздің кәсіби даярлығыңзды жақсарту үшін тағы да не істеу қажет? 
Американдық психологиялық қауымдастық жанындағы клиникалық психология 
саласындағы дайындық комитеті тиімді кеңес берушінің немесе психотерапевтің жеке 
қасиеттерінің тізбесін құрады. Оған келесі қасиеттер кіреді (Роджерс, 1997, с. 90-91):
1.
Парасатты зияткерлік қабілет және байыптылық. 
2.
Тапқырлық, жан-жақтылық және қайталанбайды. 
3.
Қажырлық және білуге деген құмарлық; өзін-өзі оқытуға қабілеттілік. 
4.
Адамға тұлға ретінде қызығушылық таныту, басқаны тұлға ретінде құрметтеу. 


44 
5.
Өзінің тұлғалық ерекшеліктерін түсіну; әзіл-қалжыңды түсіну.
6.
Мотивацияның күрделілігіне сезімталдық. 
7.
Мақтаншақтықтың болмауы, төзімділік. 
8.
Терапевтік позицияны иелену, адамдармен икемді және конструктивті қарым-
қатынасты қолдау қабілеті. 
9.
Табандылық, жұмыста әдіскерлік; қақтығыстық жағдайларға төтеп беру 
қабілеті. 
10.
Өзіне жауапкершілік алуға деген даярлығы. 
11.
Ынтымақтастыққа қабілеттілік және әдептілік.
12.
Табиғи тұтастылық, өзін – өзі бақылау және тұрақтылық.
13.
Адами құндылықтарды ажырата білуі. 
14.
«Білімділік», мәдени ой-өрісінің кеңдігі.
15.
Психологияның, әсіресе клиникалық психологияның аспектілеріне терең 
қызығушылық таныту.
Ч. Крамер (2003, с. 67, 75-76) психотерапевтке қажетті тұлғалық қасиеттерді бөліп 
көрсетті: «Сол сәтте болып жатқанды саналы түйсіну; денені қалыпты ұстау, өзіңнің білім 
құмарлығыңды басқаны кінәлеу мен жазғыруда қолданбау. Ішкі жан дүниені бояусыз, 
ауыртпай жұмыс істеуге мүмкіндік беруде агрессиясыз қорқықпау. Енжарлықсыз араласпау. 
Мінездің әлсіз тұстарына меңземей қарапайым тілмен жеткізу қабілеті. Не болса да соған 
құрмет пен жағымды қатынас жасау. Тиімді терапевттер – шынайы оптимисттер. Олар 
қандай келеңсіз жайттарға әкелетінін нақты білсе де, барлық уақытта жақсылықтан үміт 
күтеді, сондықтан да бұл іспен айналысады. Оларда нақты сенім бар, сондықтан барлығын 
шыдамдылықпен күтеді. Олар адамдарды шынайы жақсы көреді, ең нашар жайттарда 
адамдарда жақсылыққа деген үміт отын оятады. Басқалар әлсіз деп таныған адамдардың 
бойынан терапевттер олардан күш-қуатты көреді, физикалық, психикалық, рухани 
денсаулыққа терең мән береді. Терапевттер ішкі наразылықтарына қарамастан тиімді әрекет 
етеді және психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін тұлғаға қауіп төндірмейді, 
өздерін қауіпсіздікте болатындағына сенім ұялатып, оларға қамқорлық көрсетеді.
Сонымен қатар мұндай терапевттердің бойында адалдық, сенімділік, жылулық пен 
әзіл – қалжыңды түсіну қасиеттері болады. Адам мұқият тыңдағанда оның эмпатиялық 
қасиеттері көрініс табады. Дұрыс тыңдай білу қабілеті кез келген психотерапия мектептері 
үшін маңызды: енжарлықтан гөрі белсенді; бойында бір нәрсені «әшкерелеуге» емес 
құрметпен қарауға деген ұмтылыс; болып жатқан жайтты сол қалпында қабылдау; 
жайттарды сынамай, басқамен теңемей мұқият тыңдау. Табысты терапевттер – мақсатқа 
бағыттылығымен, бірегейлігімен, ашық – жарқындылығымен, пысықтылығымен, 
сезімталдығымен, бірізділігімен, толыққанды адамгершілігімен ерекше. 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет