3-
кесте. Жеке психологиялық кеңес беруде қолданылатын техникалардың
жіктелуі
Базалық техникалар
Белсенді тыңдау
Белсенді тыңдау техникасы - бұл әңгімелесушіні тиімді түсінуге
бағытталған вербалды тәсілдер. Үнсіз тыңдау, қайталау, өзгертіп
айту, түйіндеу, нақтылау, әңгімелесушінің ойын дамыту.
Сұрақ техникасы
Бұл бір нәрсе туралы айтуға шақыру, қызықтыратын ақпаратты
жинау құралы, клиенттің тәжірибесін нақтылау немесе зерттеу.
Ашық, жабық, балама сұрақтар, сұраусыз және аралас формалар.
Эмпатиялық
тыңдау
Эмпатиялық пікірлер («сезімнің көрінісі»), «сезімді желдету»,
эмоциялық түйіндеме, эмоциялық сөздердің екпін түсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |