4 бөлім. Табиғатты қорғау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
4.1 Табиғатқа қамқорлық
|
0.4.1.1Табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау
|
0.4.1.2 Ауа, судың неден ластанатынын атау
|
0.4.1.3Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіру
|
0.4.1.4 «Қызыл кітаптың» маңыздылығын түсіндіру
|
0.4.1.5 Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру
|
Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтау қажеттілігі туралы ұғымдарын кеңейту. Балалармен бірге орман санитары - құмырсқаны қарап, құмырсқаларды қорғау туралы әңгімелеу.
4.1. Табиғатқа қамқорлық
Табиғатта өзін-өзі ұстаудың (ағаш жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяны бұзбау, қоқыс тастамау) қарапайым ережелеріне үйрету. Табиғатта қолынан келетін жұмысқа көмек көрсетуге баулу. Табиғатқа зиян келтіретін жағдайлар мен әрекеттерді атап көрсету. Саңырауқұлақ пен кейбір жидектерді жинау ережелерімен таныстыру.
Ауа мен судың ластану себептерін атап көрсету. Педагог тек хабарлап қана қоймай, сонымен қатар себеп-салдар байланысын орнатып, баланы ойлануға мәжбүрлейтін сұрақтар қояды. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіреді. Өлі табиғаттағы үдерістер жануарлар мен өсімдіктердің өзгеруіне әкеліп соқтыратыны туралы түсініктерін біртіндеп қалыптастыру.
«Қызыл кітаптың» маңыздылығын түсіндіру. Жануарлар қоршаған ортаның жағдайына бейімделетінін, мұның өзі олардың аман қалуына мүмкіндік беретінін түсіндіру. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау тәсілдерін түсіндіру. Оларға ұқыпты және қамқор қарым-қатынас жасауға баулу.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік аясының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға жағдай жасау
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақ түрлері:
Сурет;
Мүсіндеу;
Жапсыру;
Музыка.
«Шығармашылық» білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі:
«Шығармашылық» білім беру саласы
|
Апталық оқу жүктемесі
|
Сурет
|
1
|
Мүсіндеу
|
1
|
Жапсыру
|
1
|
Музыка
|
2
|
«Сурет»
Мақсаты: бейнелеу өнерінің негіздеріне, өзін көркемдік жұмыстар арқылы көрсете білуге ынталандыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-білуге деген құштарлығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, есте сақтау қабілетін дамыту;
-сурет негіздері туралы білімдерін және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру;
-эстетикалық талғамды дамыту және бейнеленген образдарды түсіну сезімін тәрбиелеу;
-ойын және көркем іс-әрекет арқылы түрленуге қажеттілікті дамыту;
-қол моторикасы мен сенсорлық қабылдауды дамыту;
заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын дамыту;
-ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
«Сурет» сабағының мазмұны
«Сурет» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Сурет негіздері
|
1.1 Сызықтар және сызық түрлері
|
1.2 Пішін және пропорция
|
1.3 Түс
|
1.4 Текстура
|
1.5 Композиция
|
Материалдар мен құралдар
|
2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
|
2.2 Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Сурет негіздері
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Сызықтар және сызық түрлері
|
1.1 Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу
|
1.2 Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салу
|
1.2 Пішін және пропорция
|
2.1 Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу
|
2.2 Үлкендігі әр түрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметриялы орналастыру
|
2.3 Өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3 элементтен кезектестіріп, ырғақты орналастыру
|
1.3 Түс
|
3.1 Негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажырату
|
1.4 Текстура
|
4.1 Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу
|
1.5 Композиция
|
5.1 Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу
|
5.2 Суреттегі бейненің көңіл-күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау
|
1.1. Сызықтар және сызық түрлері
Балалар сызықтардың алуан түрін (түзу, қисық, ирек-ирек, ирелең) қолдана отырып, затқа қарап және елестету арқылы қарапайым заттарды және күрделі емес сұлбалардың суретін салады.
Балаларды түрлі ұлттардың қолбанбалы өнеріне тән өрнектің элементтерімен және түстердің үйлесімділігімен таныстыру.
Қазақ ою-өрнегінде кездесетін киіздің өрнегінде, тоқыма заттарда, кілем тоқуда табиғаттың, гүлдің, бүршіктің сюжетін беруге үйрету.
Түзу сызықтың түрлі үйлесімділігінде құрылған қазақ өрнегінің элементтерінің суретін салуға, оларға тән элементті қолдана отырып құрастыруды, элементтерді сұлбаның, форманың ортасына және шетіне орналастыруын, қарапайым формаға түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, сақиналарды, дөңгелектерді, бояуларды, нүктелерді ырғақпен орналастыру арқылы өрнектерді құрастыру біліктерін қалыптастыруға ықпал ету.
1.2. Пішін және үйлесімділік
Заттардың бөліктерін, үйлесімділігін, негізгі формасының суретін салуды дамыту. Бірыңғай мазмұнда сурет салу үшін, біркелкі заттардың көлемі және оның бөлшектері бойынша бейнелеу іскерлігін қалыптастыру (көктемдегі табиғаттың қарапайым суреттері. Ағашқа, бұтағына, бұтаның жапырағына немесе гүліне, кейбір дала және бақша гүлдеріне қарап сурет салу, түрлі аңдардың және т.б. сипатының ерекшеліктерін беру).
Геометриялық пішіннің жеңілдетілген түрінде, пішінін құрастыру үшін, баланың бойында заттардың құрылысын көру дағдыларын қалыптастыру.
1.3. Түс. Қағаздың түсін таңдау және бояулардың үйлесімділігін беру; жылы және суық түстерді қолдану, әртүрлі түстің фонмен үйлесімділігі және тақтайшаға бояуларды араластыру арқылы көркемдік талғамын байыту және дамыту.
Балалар басты түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, күлгін, қызғылтсары, көгілдір); табиғи және жасанды жолмен алынған бояуларды, күн сәулесі спектрінің негізгі түстерін, құрамдас түстерді басты түстерден алуды; түстерді араластырудың қарапайым ережесін (қызыл және көк түсті қосқанда – күлгін түс, көк және сары түстің қоспасы – жасыл түс т.б.) біліп, ажырата алуы керек.
1.4. Текстура
Балаларды алуантүрлі көркем материалдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру; бейнелеу міндеттеріне қойылған бейнелеу материалдарын, құралдарын, жеке ойлауы бойынша бейнелеу тәсілдерін бағындыру біліктерін дамыту; алуантүрлі материалдар мен құралдарды, іс-әрекет тәсілдерін қолдануға үйрету; элементтерді кезектестіре отырып, матаға өрнек салу; көлемді пішінді безендіру – жапсырылған бұйым, қатты қағаздан жасалған жұмыс (қораптар, бокалдар және басқалар).
1.5. Композиция
Жеке заттарға қарап немесе есте сақтау қабілеті бойынша сурет композициясын құруға, өрнектер мен оюларды құрастыруға; бейнені қағаз парағына орналастыруға, суреттегі түсті үйлестіруге; бейне нысандарының негізгі бөліктерінің арақатынасын көрсете білуге, бояулармен жұмыс істеуге, қағаз бетінің өлшемі мен заттарды бір-біріне қатысы бойынша орналастыру мен көлемін анықтауға үйрету. Балаларға заттарды: қағаздағы бір жолақта төмен, қағаздың барлық бетінде кеңістікке қатысты бере білу дағдыларын: қалыптастыру.
2-бөлім. Құралдармен және материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
|
1.1 Саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу
|
1.2 Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу, нүктелерді салғанда тік ұстау
|
1.3 Жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолдану
|
1.4 Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу
|
1.5 Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау
|
2.2 Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау
|
2.1 Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, материалдарды үнемеп жұмсау
|
2.2 Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау
|
2.1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері
Балалардың түрлі материалдарды қолдануы, көркем материалдарды дұрыс таңдауы: қарындаштар (графитті және түрлі түсті), бояулар (гуашь, акварель) .
Саусаққа күш түсірмей, қарындашты көлбеу ұстап, үзік сызықтарды біркелкі етіп сызып, бір бағытта жеңіл қимылмен, жиектің сыртына шығып кетпей, қарындашпен сурет салуға үйрету. Бояумен сурет салу барысында, қылқаламды бояуға әбден малу; жалпақ сызық жүргізе отырып, қылқаламды қағазға көлбеу ұстау; жіңішке сызық салу барысында нүктені тігінен ұстап, суретті бояй отырып, оңнан солға, жоғарыдан төмен, қиғаштап бір бағытта оны көлбеу жүргізу; қағаз бетінің ортасын, бұрышын, жоғары, төмен, оң және сол жағын ажырату тәсілдерін қолдана білуге үйрету.
2.2. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Балаларды орындайтын тапсырманың бірізділігін алдын-ала жоспарлауды, қажетті материалдарды дайындауды, жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен ретке келтіруді : үшкір құралдар, қарындаш, бояу, қағаз және т.б. өз орнына қоюға үйрету.
Сабақ барысында бөлмеде жақсы табиғи жарық болу керек, егер жарық жеткіліксіз болса, қосымша жасанды жарық қолданылады. Жиһаздар баланың бойына сәйкес болу керек.
«Мүсіндеу»
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың мүсіндеу арқылы өзін көрсетуде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, кеңістіктік ойлауы мен қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Міндеттері:
мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс жасауда қарапайым білімдері мен дағдыларын қалыптастыру;
мүсіндеуге қызығушылығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, бақылағыштығын қалыптастыру;
кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру;
заттарды шынайы бейнесіне қарап, елестетіп, ойдан шығарып мүсіндеу дағдыларын дамыту;
мүсіндеудің түрлі техникаларын (конструктивтік, мүсіндік, аралас), мүсіндеуге арналған материалдармен жұмыс тәсілдерін игеру;
мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, пропорцияларының, фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын дамыту;
зат пішіндеріне, олардың кеңістіктегі орналасқан орнына қарапайым талдау жасау дағдыларын дамыту;
эстетикалық талғамды дамыту және бейнеленген образдарға жанашырлық сезімін тәрбиелеу;
қол моторикасын және сенсорлық қабылдауды дамыту;
қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін мүсіндеуде қолдану арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу.
«Мүсіндеу» сабағының мазмұны
«Мүсіндеу» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Мүсіндеу бағыты
|
1.1 Заттық мүсіндеу
|
1.2 Сюжеттік мүсіндеу
|
1.3 Сәндік мүсіндеу
|
Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау
|
2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Мүсіндеу бағыты
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Заттық мүсіндеу
|
1.1 Затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу
|
1.2 Дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру
|
1.3 Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру
|
1.4 Қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл-күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау
|
1.2 Сюжеттік мүсіндеу
|
2.1Балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісімен)
|
2.2 Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру
|
1.3 Сәндік мүсіндеу
|
3.1 Пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ мүсіндеу
|
3.2 Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтарының желісі бойынша затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу)
|
1.1. Заттық мүсіндеу.
Балалар жануарлар мен адамдардың пішінін алдымен олардың жалпы пішінін, содан кейін бөлшектерін белгілей отырып, бір кесек сазбалшықтан мүсіндеуді үйренеді. Тұтас кесектен мүсіндеу барысында артығын алып тастауы да мүмкін, сонымен қатар пішіннің сол басқа бөліктеріне жетпей тұрған сазбалшықты қосуы да мүмкін. Негізгі жұмыс саусақтардың, кейде екі қолдың саусақтарымен атқарылады. Жұмыста мүсіндеудің көптеген әдістері мен қосымша материалдар қолданылады.Балалар бейнелейтін қозғалыстар: қолын көтеріп тұрған немесе аяғы алшақ қойылған адам мүсіні, алға созылған жануардың табаны. Мүсіндеудің мәнерлі құралдарының көмегімен тірі тіршілік иелерін белгілеріне тән, айрықша ашық түрде береді, ал пішіннің қалған негізгі бөліктері жалпылама түрде қалады. Мүсінделген пішіннің бөліктерін нықтап бекіту, олардың біреуін екіншісіне қыса отырып, бекітілген жерді тегістеу, саусақ немесе кескіштің қимылымен пішіннің бетін жөндеу.
1.2. Сюжеттік мүсіндеу Композиция үшін айрықша мәнерлі заттар таңдап алынатындақтан, мазмұнды мүсіндеу жұмысы балалардың ақыл-ойына айтарлықтай күш түсіреді. Өлшемдік қатынасты, бейненің мәнерлігін беру білуді, адамның қимылына тән мәнерлікті, пішіннің бетін безендіруді; кескішті қолдана отырып, бүтін кесектен мүсіндеу тәсілдеріне үйрету; тұғырда бұйымды орналастыру техникасын жетілдіру; бір тұғырға бірнеше пішінді орналастыра отырып, біртекті заттардан мазмұн құру.
1.3. Сәндік мүсіндеу. Балаларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету: алдын-ала тақырыпты ойластыру, сурет түрінде ертерек үлгі құру және жұмыс барысында оған сүйену, заттың және әшекейдің пішінін шартты шешу (мысалы, сауыт гүл түрінде бейнеленеді, құс немесе қоңыздың қанаты өсімдік немесе геометриялық өрнектермен әшекейленген болуы мүмкін).
Сәндік мүсіндеу құралдарымен жұмыс жасауға кейбір әшекейлерді түтік, шаршы, үшбұрыш және т.б. сияқты арнайы таңбалар түрінде қондыруды үйрету.
Мүсіндеудің құрылымдық тәсілін (жеке бөліктерден және конструкторлардан) қолдану. Бір кесектен мүсіндеудің иілгіштік әдісі.Бала сипаттық ерекшеліктерін беруге тырысады – ұзын мойнын, қармауышын, айдарын, құлағын және т.б. Кескіштің көмегімен «қауырсынды», «түкті», «қабығын» үзік сызықпен кесуге, өрнек жасауға, табан, қанат үшін тілік жасауға, пішін бетінің суретін салуға болады.
2-бөлім. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс
|
1.1 Мусіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану
|
1.2 Өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасын сақтау
|
1.3 Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру
|
2.1. Мүсіндеуге арналған материал және құралдармен жұмыс істеу.
Мүсіндеудің бейнелеу және техникалық құралдарын меңгеру балалар үшін қиындық тудырады, бұл педагогтан мүсіндеуге материалдар іріктеуде, үйретудің мазмұны мен тәсілдерін таңдауда ерекше жауапкершілікпен қарауды талап етеді.
Әдетте, мүсіндеу үшін сазбалшық пен ермексаз қолданылады. Сазбалшық – түстермен жұмыс істеуге арналған бейтарап және ыңғайлы айрықша құнды материал. Ол жасыл және көгілдір реңкі бар жер сияқты қоңыр, ақ, сұр түсті болуы мүмкін. Арнайы дайындалған түрлі-түсті керамикалық сазбалшықты қолдануға болады. Сазбалшықпен жұмыс істеу қолайлы. Сазбалшық жұмысқа үнемі жарамды болу үшін, оны сулы шүберектің астында салқын, дым жерде ұстаған жөн.
Ермексаз – жұмыс алдында арнайы дайындықты қажет ететін созылмалы материал. Ол біртүсті және түрлі-түсті болуы мүмкін. Алғашқысы пішіннің тұтастығы мен заттың құрылысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Түс жұмысқа алуан түрлі сипат береді, мәнерліліктің қосымша құралы болып табылады.
Мүсіндеудің қосымша материалдарына тірек жатады.
Балаларды мүсіндеуге үйрету үшін тірек ретінде түрлі ұзындық пен жуандықтағы қарапайым таяқшаларды қолдануға болады. Тіректің көмегімен пішіндер айрықша тұрақты және ширақ болады.
Мүсіндеу барысында кескішті қолдана білу керек. Олар өздері жасап алатын ағаштан және металдан жасалған болуы мүмкін.
Қолмен жасау қиын болған жағдайда бөлшектерді жөндеу үшін кескіш қолданылады, оның көмегімен пішіннен артық сазбалшықты алып тастайды, кесік жасайды.
Балаларды мүсіндеуге ойдағыдай үйрету үшін үстелге орналастырылған шағын тақтайша керек.
Педагог балаларды орындайтын тапсырманың бірізділігін алдын-ала жоспарлауға, қажетті материалдарды дайындауға, жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен тәртіпке келтіруге үйретеді: үшкір құралдарды, сазбалшықтарды, ермексаздарды және т.б. өз орнына қою. Жеке бас гигиенасының ережесі (сабақтан соң міндетті түрде қолдарын жуу және әрқайсысы өз сүлгілерін қолдану) туралы үнемі ескертіп отыру қажет.
«Жапсыру»
Мақсаты: мәнерлі жапсырма образдарын жасау арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, қию әдістерін меңгеру кезінде композиция жасау дағдыларын, көру-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері:
халық кәсіптері, материалдар мен құралдар туралы түсініктерін қалыптастыру;
зат бейнесін бөлшектерден құрастыру, бөлшектерден шаблон арқылы, есте сақталған бейне арқылы, елестету арқылы композиция құрау дағдыларын дамыту;
геометриялық пішіндер және өсімдік элементтері бар өрнектер негізінде жырту, өру және түрлі аралас техникаларды қолданып, симметриялық, сұлбалық, көпқабатты пішіндерді қию техникасын меңгеру;
мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық қабылдауын дамыту;
қолдың ұсақ моторикасын, көз мөлшерін, байқағыштығын дамыту;
жапсыруда түс, пішін, өлшем, т.б. көркемдік мәнерлілік құралдарын пайдалану;
жапсыруда қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін қолдану арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
«Жапсыру» сабағының мазмұны
«Жапсыру» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Жапсыру бағыты
|
1.1 Заттық жапсыру
|
1.2 Сюжеттік жапсыру
|
1.3 Сәндік жапсыру
|
Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау
|
2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері
2.2 Жапсыруға арналған материалдармен, құралдармен жұмыс
|
2. Мақсаттар жүйесі
1-бөлім. Жапсыру бағыттары
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Заттық жапсыру
|
1.1 Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегілік бейнелер, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру
|
1.2 Шаблон/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану
|
1.3 Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру
|
1.2 Сюжеттік жапсыру
|
2.1 Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру
|
1.3Сәндік жапсыру
|
3.1 Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру
|
3.2 Қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашық хаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу
|
1.1. Заттық жапсыру
Балаларды шынайылыққа жақын заттарды құруға үйрету. Жеке заттарды қағаздан қиып жапсыруды, қағазды көзбен өлшеп бүктелген сызығы бойынша тегіс етіп қиюды; шаршының, тіктөртбұрыштың немесе үшбұрыштың бұрыштарын жұмырлай отырып немесе қағазды бірнеше рет бүктей отырып, дөңгелек пішін етіп қиюды меңгеру.
Қиып алудың алуан түрлі тәсілдерін қолдану: симметриялық (көбелек, инелік, қызғалдақ, Қарша қыз, зымыран) немесе ортасынан бастап қайталанатын бөлікті кезектестіру(түймедақ, қар бүршігі);ұсынылған күрделі контуры бойынша (жануарлар, құстар, балықтар).
Алған дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
1.2. Сюжеттік жапсыру
Тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес түрлі заттарды қиып алу және жапсыру. Болашақ композицияның сюжеті мен бөліктерін ойластыру, оларды негізге бірізділікпен, нысандардың көлемін, пішінін ескере отырып, түрлі заттардың бөліктерін жапсыру.
1.3. Сәндік жапсыру
Түстің ашықтығын салыстыруды қолдана отырып, ырғақ, симметрия заңдылығы бойынша түрлі элементтерді безендіруде (геометриялық, өсімдіктер пішіні, құстардың, жануарлардың, адамдардың пішіндерінің жиынтығын) қию және біріктіру білігін меңгеру. балалар стилге салуға, шынайы заттарды сәнді жасауға, олардың құрылысын жинақтауға, үлгілерді жаңа қасиеттерімен бөлісуге үйренеді. Халық өнерімен таныстыруды және тұрмыс бұйымдарын, киімдерді безендіру бойынша өрнетер құрастыруға үйрету. Ұлттық алуан түрлі өрнектерді, түстердің сәйкестігін көрсету.
Қағаздың парағын жекелеген элементтермен толықтыру, жапсырудың негізгі және қосалқы бөліктерін бөліп көрсетуге үйрету.
2-бөлім. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Қайшымен жұмыс әдістері
|
1.1 Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тік төртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тік төртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу)
|
1.2 Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию
|
1.3 Табиғи және қолдан жасалған бейнелерден , екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу
|
2.2 Материалдармен, құралдармен жұмыс
|
2.1 Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әр түрлі қағаздар)
|
2.2 Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тік төртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию
|
2.3 Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию
|
2.4 Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру
|
2.1. Қайшымен жұмыс істеу әдістері
Қиюдың техникалық тәсілдерін меңгеру. Қайшыны дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру. Арнайы қауіпсіз үлгілерді қолдану.
Балалардың жұмыс істеу қауіпсіздігі үшін ұшы дөңгеленген және тұтқасы әзірленген қайшы қажет. Олардың ұзындығының мөлшері шамамен 120 мм болуы керек.
2.2. Материалдармен, құралдармен жұмыс істеу
Құралдарды қолдануға (қайшы, желім, қылқалам, сүлгі және т.б.),материалдарды өңдеуге байланысты(бүктеу, қию, желімдеу) еңбек дағдыларын меңгеру.
Жапсыру сабағында алуан түрлі материалдарды : қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтар мен гүлдер,түрлі-түсті ұнтақ жармасы немесе уатылған жұмыртқаның қабығын қолдануға болады. Түрлі материалдардың қасиеттерімен таныстыру (қағаз, жарма, ағаш жапырақтары және гүлдер, дақылдар, сабан,мата және т.б.), геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратуға, көлемі бойынша бөліктер қатынасын орнатуға және бөлікті бүтін етіп біріктіруге, құрылымын, кеңістіктегі заттың орнын көрсетуге, қағаздың бетінде бағдарлауға үйрету.
Балаларды өздігінен жұмыс орнын және жұмыс барысында құралдарды ретке келтіруге үйрету: ұшы үшкір құралдарды орнына қою; қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін сақтау.
«Музыка»
Мақсаты: алуан түрлі музыкалық іс-әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, эмоционалдық саланы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін дамыту, ұлттық музыкаға және өзге де елдердің музыкасына тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Міндеттері:
музыкалық мәнерлілік құралдары, негізгі музыка формалары мен жанрлар туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
дыбыс жоғарылығын ажырату, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесін түсіну дағдыларын қалыптастыру;
музыка туралы өз пікірін білдіру дағдыларын қалыптастыру;
күш түсірмей мәнерлеп ән айту дағдыларын, жеңіл әрі әуезді дауысты қалыптастыру;
ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалма дағдыларын, ырғақты қозғалыстарын қалыптастыру;
аспаптық музыкаға қызығушылық пен ұрмалы-шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту;
музыка аспаптарында ойнау арқылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту;
дыбыс тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтау;
музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамыту;
балаларға арналған қазақ халық әндерін орындау, халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының музыкасын тыңдау арқылы патриотизмді тәрбиелеу.
«Музыка» сабағының мазмұны
«Музыка» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Музыкалық сауат
|
Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр)
|
1.2. Музыка жанрлары
|
1.3 Музыка формасы
|
Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау
|
2.1 Ән салу
|
2.2 Аспаптарда ойнау
|
Музыкалық шығармашылық
|
3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
|
3.2 Музыкалық суырыпсалулар
|
2. Мақсаттар жүйесі
1-бөлім. Музыкалық сауат
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр)
|
1.1 Таныс әндердің қарапайым әуендерін ажырату
|
1.2 Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы)
|
1.3 тыңдалған музыкалық шығармадағы қарқынды (жылдам, баяу), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю») анықтау
|
1.4 Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс),ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын),тембріне қарап ажырату
|
1.5 Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату
|
1.6 Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау
|
1.2 Музыка жанрлары
|
2.1 Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату
|
2.2 Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату
|
1.3 Музыка формалары
|
3.1 Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (кіріспе, қайырма) ажырату
|
1.1. Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр).Баланың рухани әлемін байытатын, мейірімділік сезімдерге, эстетикалық толғаныстарға ынталандыратын, бастапқы музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал ететін алуан түрлі әндермен таныстыру; әуенді есту дағдыларын дамытатын жаттығулар барысында бастапқы дыбыстардың жоғарылығы мен ырғақтық түсініктер туралы түсіктерін жетілдіру, қимылдырды анықтау, дыбыстарды түрлі жоғарылығы, ұзақтығы бойынша салыстыру, әннің қайырмаларын айту.Музыкалық терминдер, орындау сипаты (әуенділік, қимылды, үздік-создық, асықпай, жылдам), шығарманың түрі (әннің бастамасы, қайырма, кіріспе, фраза) туралы кейбір мәліметтерді хабарлау.
1.2. Музыка жанрлары. Музыкалық жанрларды: күй, ән, би, маршты ажыратуға үйрету.Күрделі жанрлар: балет, опера, хор музыкасымен таныстыру. Музыкалық шығармалардың сипатын ажырата білуге үйрету.
1.3. Музыка формасы. Балалардың өздері орындайтын әндерімен салыстырғанда, күрделірек музыкамен таныстыру. Түрлі дәуірдегі және стилдегі музыкалық шығарманы қабылдау тәжірибесін кеңейту. Шығарманың қарапайым түрін (әннің бастамасы және қайырмасы)ажырата білу, аспаптардың дыбысталуын ажырату, ырғақтық сипатты, әуендік айналымды байқай білу.
2-бөлім. Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Ән айту
|
1.1 Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз (a capella) таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән салу
|
1.2 Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән салу
|
1.2 Аспаптарда ойнау
|
2.1 Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау
|
2.2 Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату
|
2.1. Ән айту. Балалардың әнге, ән айтуға, әсіресе, мазмұнды ән айтуға деген қызығушылығын, ынтасын тәрбиелеу. Ән айту дағдыларын музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды қалыптастыру.
2.2. Аспаптарда ойнау. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнауға үйретуді жалғастыру: металлофонда, дабылда, сылдырмақта, үшбұрышта, электрондық ұрмалы музыкалық аспаптарда, қазақ ұлттық аспаптарында: тұяқ, асатаяқ, домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз және т.б. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда қарапайым әуендерді орындауға; жалпы динамика мен қарқынды сақтай отырып таныс әндерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету.
Ересектердің орындауында музыкалық көріністі тыңдау, аспаптардың жоғары регистрін, дыбысталу қарқынын ажырату білуді жетілдіру. Ұрмалы аспаптарда жеке және топпен әннің бастама ырғағын орындауға үйрету. Қазақ ұрмалы аспаптарда анық және қалыпты ырғаққа салып ойнауға: асатаяқ, тоқылдақ, қоңырауы бар жыланбас, фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнау, ырғақ суретін бере отырып анық, жақсы ойнау, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ән айтуға үйрету.
Фортепианоның, оркестрдің, камералы ансамбльдің орындауындағы музыкалық шығарманы тыңдауды қолдануға болады.
3-бөлім. Музыкалық шығармашылық
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар
|
1.1 Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау
|
3.2 Музыкалық импровизация
|
2.1 Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу.
|
2.2 Таныс би элементтері мен қозғалыстары негізінде, оларды араластыра отырып немесе өз қозғалыстарын ойдан шығарып орындау
|
3.1. Музыкалық-ырғақты қозғалыстар. Би - ойын шығармашылығын дамыту: театрлық қойылымдарды, әндерді сахналауда түрлі бейнелерді көркем орындау дағдыларын қалыптастыру. Ырғақты жүріспен, қимыл сипатындағы музыкаға жеңіл, ырғақты жүгіріспен марштың сипатын беруге; музыкаға сәйкестендіріп жартылай отыруды (серіппе) ырғақпен анық орындауға; би қимылын меңгеру – жарты қадам; қазақ би қимылдарының элементтерін орындауға үйрету.
Жеңіл және ырғақты жүгіру, музыка сипатына қимыл беру, тізені жоғары көтеріп жүгіруді орындау, қазақ және орыс халықтарының би элементтерін орындау, музыка сипатына қимылды бере білу.
3.2. Музыкалық импровизация. Балаларды ырғаққа сай мәнерлі қимылдауға, музыкалық ойындарды ойнауға, қол ұстаса әндетіп ойын жүруге, сабақта би қимылдарын орындауға, музыкалық бейнені дамытуды қабылдауға үйрету.
Ырғақты сезінуді дамыту: балаларды қимылды бере отырып, музыкадағы ырғақ мәнерін сезінуге үйрету, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту; би қимылдарын ойлап шығару, бұл білімдерін дербес іс-әрекеттерде қолдану.
Ойындар және хороводтар: музыка сипатына сәйкес ойын қимылдарын орындау; шеңбер бойымен қол ұстасып жүру; музыка фразасына сәйкес қимылдарды өзгерту; жылдамдық пен ептілік таныту, көріністің соңын белгілеу; халық ойының көңілді сипатын беру; дыбыстардың жоғарылығын ажырату, үлкен және кіші шеңберлерге тұру. Музыкалық-ойын бейнелерін мәнерлеп жеткізу, қимылдағы динамиканы белгілеу, қимылдағы музыканың түрлі сипаты: байсалды, салмақты, көңілді, жанданған, би сазын беру. Музыкаға сәйкес жалаулармен және ленталармен қимыл жасау, құрылымды өзгерте отырып, кеңістікті еркін бағдарлау. Сюжеттік ойындарды сахналау.
Билер: музыканың би сипатын сезіну, би қимылдарының элменттерін орындау; халық билерін үйрену арқылы кейбір көркем мұралармен таныстыру. Билерді музыкаға сәйкес қимылдарды өзгерту арқылы емін-еркін, жеңіл орындау, би бейнелерін беру, бейнелі би қимылдарын қолдану арқылы әнді сахналау.
Би шығармашылығы: таныс би қимылдарын қолдана отырып, импровизациялау білігін мадақтау, мәтінге сәйкес әнді жеке сахналау, шығармашылық тапсырмаларды орындауға түрткі болу. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолдана отырып, би ойлап табу.
Достарыңызбен бөлісу: |