Мақсаты: әлеуметтік ортаға бейімделу, кез келген ортада еркін бірлесе әрекет ету, өз Отанына сүйіспеншілік таныту біліктерін қалыптастыру, адамгершілік-рухани білім негіздерін дамыту.
«Әлеумет» білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
Өзін-өзі тану;
Қоршаған ортамен таныстыру;
Экология негіздері;
«Таным» білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақтардың оқу жүктемесі:
«Әлеумет» білім беру саласы
|
Апталық оқу жүктемесі
|
Өзін-өзі тану
|
1
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
0,5
|
Экология негіздері
|
0,5
|
Өзін-өзі тану
Сабақтардың мазмұны әрбір баланың қайталанбас даралығының мәнін түсінуге, өзінің ішкі әлемін жасау арқылы өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
Мақсаты: Балаларда өзіне және қоршаған ортаға шартталған әлеуметтік мәні зор бейімделуді қалыптастыру.
Міндеттері:
рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
басқаға бағытталған өзінің эмоциялары мен сезімдерін білдіре білуді дамыту;
адамгершілік мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, «Мен- адаммын», «Қарым-қатынас қуанышы», «Адамгершілік әліппесі», «Мен және менің әлемім» бөлімдерінің негізгі базалық мазмұны барлық білім беру салалары арқылы кіріктіру ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады.
Бөлім
|
Бөлімше
|
1.1 Мен- адаммын
|
1.1 Мен – кең байтақ Елімнің кішкентай азаматымын
|
1.2 Жақсылық жасай білеміз
|
1.3 Достаса білейік
|
1.4 Жақсылық жасай білеміз
|
1.5 Мен - бақытты баламын
|
1.2 Қарым-қатынас қуанышы
|
2.1 Жақсы қарым-қатынас жасауға үйренеміз
|
2.2 Отбасындағы сүйіспеншілік. Бәрін жақсы көремін.
|
2.3 Жүрегімде жақсылық. Жақсы сөз жанды жадыратар
|
2.4 Менің кішкентай достарым.
|
1.3 Адамгершілік әліппесі
|
3.1 Мен әдепті баламын
|
3.2 Мен елгезек баламын. Мен қайырымды баламын.
|
3.3 Біз еңбекшіл баламыз
|
3.4 Достық көмек.
|
1.4 Мен және менің әлемім
|
4.1 Мен табиғаттың бөлшегімін
|
4.2 Менің отбасым.
|
4.3 Табиғатқа қамқормын.
|
4.4 Кең байтақ Қазақстаным. Халықтар достығы.
|
«Мен- адаммын» - олардың әр қайсысының қайталанбайтын дара тұлға екендіктері есепке алына отырып әр баланың есіміне, жеке бас ерекшеліктеріне назар аударту. Балалардың психо-физиологиялық ерекшеліктеріне орай өзіндік «Менімен» қатар өзгелермен де санаса білу, жақсы көру, қамқорлық, өзгелерге қуаныш сыйлау, эмоциялық әсерлену, орынсыз қылықтарына ұялу, қапалану, ренжу сияқты сезімдерін қалыптастыру. Өзінің сезімдерін тыңдау, қылықтары мен ойларын талдауға, оларды адамгершілік бағалауды үйрету.
«Қарым-қатынас қуанышы» - балаларға мейірімділік, сүйіспеншілік, кішіпейілдік, қамқорлық, өзара көмек беруге дайындыққа үйрету. Адамзаттық қатынастың әлеуметтік кеңістігін игерту.
«Адамгершілік әліппесі» моралдық, әлеуметтік, адамгершілік сезімді дамытуды моралдық өзін-өзі реттеуді қарастырады, яғни мұнда балаға ненең жақсы, ненеің жаман екенін түсіндіру, жақсы және жаман қылықтарды ажырату, жанашырлық таныту.
«Мен және менің әлемім» балада қоршаған ортамен адамгершілік қарым-қатынастарды қалыптастыруға (отбасымен, балабақшамен, қоғамдық ортамен) бағытталған. Отанына, туған жеріне, туған халқына сүйіспеншілік ол өскен отбасына сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіру..
Достарыңызбен бөлісу: |