Мақсаты: балалардың қоршаған орта жайлы: адамдардың іс-әрекеті жайлы түсінігін кеңейту.
Міндеттері:
балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген бауырмалдық пен оның тарихына қызығушылық танысту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу.
адам еңбегіне деген құрмет сезімін, адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту.
«Қоршаған ортамен таныстыру» сабағының мазмұны
«Қоршаған ортамен таныстыру» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Мен және қоғам
|
1.1 Мен және менің отбасым
|
1.2 Менің мектебім
|
1.3 Мамандықтар
|
1.4 Көлік және байланыс құралдары
|
Туған өлкем
|
2.1 Туған өлке
|
Тарих беттерінен
|
3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
3.2 Өнер және мәдениет
|
3.3. Тәуелсіз Қазақстан
|
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Мен және қоғам
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
1.1 Мен және менің отбасым
|
0.1.1.1 Отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау
|
0.1.1.2 Отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу
|
0.1.1.2 Түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру
|
1.2 Менің мектебім
|
0.1.2.1 Мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді білу және оларды сақтау
|
0.1.2.2 Түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау
|
0.1.2.3 Қарапайым этикалаық нормаларды, этикалық нормаларды біліп, сақтау
|
0.1.2.4 Бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау
|
1.3 Мамандықтар
|
0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру
|
1.4 Көлік және байланыс құралдары
|
0.1.5.1 Байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау
|
0.1.5.2 Қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау
|
1.1. Мен және менің отбасым. Туыстық байланыс туралы, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіруге, үй тапсырмаларын орындауға, өзінің адал тілектерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуге тәрбиелеу.
Балалардың өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықтарын дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтарын (көзі, мұрны, шашының түсі, т.б.) анықтау дағдыларын жетілдіру.
Жақын туыстарына құрметпен және қамқорлықпен қарауға, өзін-өзі дұрыс бағалауға тәрбиелеу, өзіне, өз күшіне деген сенімділікті нығайтуға, дербестік пен өзіне деген құрметке үйрету, өзінің әлеуметтік маңыздылығын сезінуге, өзін-өзі танытуды дамытуға, құрдастарының алдында өз дербестігін, қайталанбас өзгешелігін сезінуге көмектесу.
Айналасындағы үлкендер мен балаларға деген қызығушылғы мен зейінін дамыту. Басқа адамға деген мейірімді, қамқорлықты білдіруге, әртүрлі іс-әрекеттерге қатысуға түрткі болу.
Өзінің және басқалардың әрекеттерін бақылау, салыстыру, бағалау, өзін-өзі және басқа адамдардың ерекшеліктерін айқындау, балаларды өз әрекеттерінің салдарын және олардың басқа адамдардың эмоциялық жағдайына әсер етуін түсіну іскерлігін тәрбиелеу.
1.2. Менің мектебім. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі). Мектеп қызметкерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
1.3. Мамандықтар. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Өз ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы білуге үйрету. Адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарын байқауды жетілдіру. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын қалыптастыру, балаларды ересектермен бірлескен еңбек әрекетіне қосу, әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын дамыту. Сипаты бойынша ұқсас еңбек үдерісін және еңбек нәтижесін жалпылау негізінде мамандықтардың алуан түрлілігі туралы түсініктерін қалыптастыру (мұғалім, ұшқыш, жаттықтырушы, дирижер, эстрада әртісі, құтқарушы, сынықшы дәрігер, банк қызметкері, кинолог, сәнгер және басқалары).
Ауыл шаруашылық саласы мамандары (ферма иесі, тракторшы, комбайншы, бақташы, қойшы, мал өсіруші, сауыншы және т.б.) туралы және олардың еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Ауыл шаруашылығына арналған көліктердің маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Нан пісіру кезеңдері туралы білімін кеңейту. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу, қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық мамандары еңбегінің маңыздылығын түсіндіру.
Жалпы (қоғамдық) игілік ұғымымен таныстыру. Қоғамдық игілікті сақтау мен ұлғайтуға ұмтылысын және қажеттілігін қалыптастыру.
1.4. Көлік, байланыс құралдары. Көлік құралдарының көп түрлілігі, олардың белгіленген жұмыс түрлерін орындау үшін жабдықталғаны туралы (суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік) түсініктерін кеңейту. Көлік құралдары, олардың атқаратын қызметінің маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің (шанақ, қозғалтқыш, дөңгелек, рөл) атқаратын қызметі туралы ұғымдарын байыту және тереңдету.
Көлікпен жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру.
Көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы, су астындағы), байланыс құралдары, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
Телефонның, компьютердің, теледидардың, радионың атқаратын қызметтері және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы білімдерін бекіту.
2-бөлім. Менің туған өлкем
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
2.1 Туған өлке
|
0.2.1.1 Өз өңірінде бағдарлану тәсілдерін және өз үйінің (тұрғылықты мекен-жайын) мекен-жайын атау
|
0.2.1.2 Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау
|
0.2.1.3 Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу
|
2.1. Туған өлке. Туған ел туралы, мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелері, Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекеттік рәміздер (Елтаңба, Ту, Әнұран), олардың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейту. Балалар Қазақстан Республикасы рәміздерін, Әнұранды орындау барысында орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қою керектігін білу қажет. Республиканың және аймақтардың өзгешеліктерін ескере отырып өнеркәсіптегі еңбек туралы ұғымдарын қалыптастыру.
3-бөлім. Тарих беттерінен
Бөлімше
|
Оқу мақсаттары
|
3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары
|
0.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау
|
0.3.1.1 Көрнекті батырлармен және тұлғалармен танысып, олар жайлы әңгімелеп айту
|
3.2 Өнер және мәдениет
|
0.3.2.1 Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіру
|
0.3.2.2 Ұлттық қолданбалы өнермен танысып, алған түсінігі мен әсерлерін түрлі жолдармен жеткізу
|
3.3 Тәуелсіз Қазақстан
|
0.3.3.1 Мемлекеттік рәміздерді атау
|
0.3.3.2 Қазақстанның астанасын атап, оның символын білу
|
3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары. Қазақстан Республикасы – үлкен көпұлтты мемлекет, байырғы тұрғындардың және басқа ұлттардың өз мәдениеті (тұрмыстық заттар, киімдер, ерекше ұлттық өзгерістер), салт-дәстүрі, табиғи байлықтары, біздің республикамыздың жетістіктері туралы ұғымдарын бекіту. Өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің атауымен таныстыру. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа ұлт өкілдеріне құрметпен және ізгі ниетпен қарау, олардың мәдениетімен, салттарымен және дәстүрлерімен таныстыру.
Жалпыадамзаттық құндылық ретінде патриоттық сезімдерді – өз отбасына, туған жеріне, еліне, Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
3.2. Өнер және мәдениет. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен таныстыруды жалғастыру. Қазақстандағы халықтардың тұрмысы (татарлар, орыстар және басқалары). Туған жердің тарихы, мәдениеті туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Біздің еліміздің бас қаласы - Астана және оның көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Океанариум және т.б.) туралы, Қазақстанның ірі қаласы – Алматымен таныстыру.
Халықтық дәстүрелерге негізделген үлкендерге және өзінен кішкентайларға құрметпен қараудың адамгершілік мінез-құлық ережесін сақтауды, ересектермен немесе құрдастарымен жанжалдасу кезінде уәделесе білуге, басқаларды тыңдап, олардың тілегін, қиындықтарын, немесе қажеттіліктерін түсінуге үйрету, өзінің тілегі немесе проблемалары туралы айтуға мүмкіндік беру, жанжалды шешу тәсілін бірге табу, балаларды «татуласуға» үйрету.
Қоршаған ортамен танысу үдерісінде әдептіліктің қарапайым дағдыларын (сәлемдесе, қоштаса, кешірім сұрай білу, өзінің көмегін ұсыну) бекіту.
Әлемдік және этникалық мәдениетке ұқыпты қарау, адамдардың кәсіби іс-әрекеті мен мінез-құлқын түсіндіруге гендерлік тәсіл негізінде әлеуметтік мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Өзара қатынастың құнды этикалық үлгілерін сақтай білу, балалардың тәртібіндегі қарапайым этикалық ережелерді бекіту: үлкендердің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтарымен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау.
3.3 Тәуелсіз Қазақстан. Табиғи байлықтар, республикамыздың жетістіктері, өз елі үшін мақтаныш сезімі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қазақстан Әскерінің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтары, олардың өз Отанын абыроймен қорғайтыны туралы ұғымдарын кеңейту. Ұлы Отан соғыс жылдарында Отанын қорғаған қазақстан жауынгерлерімен таныстыру.
Кейбір әскери қызмет сарбаздарының киім үлгісі, әскери техникасы туралы түсініктерін кеңейту.
Экология негіздері
Мақсаты: Табиғатқа қамқорлықпен қарауды және қоршаған ортаға эмоционалды жағымды қарым-қатынасты, оның қайталанбастығы мен әсемдігін түсінуді қалыптастыру.
Мақсаты:
- табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту;
- тірі және өлі табиғаттың маусымдық өзгерістері туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- табиғат құбылыстарындағы себеп-салдардың байланыстарды орната білу;
- тірі ағзаның тұтас пайда болуы мен оның маңызды қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.
«Экология негіздері» сабағының мазмұны
«Экология негіздері» сабағының мазмұны оқу мақсаттары күтілетін нәтижелер түріндегі бөлімшелерден тұратын оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім
|
Бөлімше
|
Тірі табиғат
|
1.1 Өсімдіктер әлемі
|
1.2 Жануарлар әлемі
|
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар
|
Өлі табиғат
|
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары
|
2.2 Табиғат құбылыстары
|
Табиғатты қорғау
|
3.1 Табиғатқа қамқорлық. Табиғаттағы тәртіп ережелері
|
3.2 Ауа мен суды ластаудың себептері
|
3.3 Қазақстанның «Қызыл кітабі»
|
Тірі табиғат. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылау және ажырата білуді үйрету. Халық ырымдарымен, жорамалдарымен таныстыру. Мақал, жұмбақ, жаңылпаштар арқылы балаларды қоршаған ортаға қарауды үйрету. Өсімдіктерді тірі табиғаттың бөлігі ретінде ажырату, өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды анықтау. Жануарлар мен өсімдіктерді айқын белгілеріне қарап атауға, ажыратуға және жалпылауға үйрету. Тірі табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігімен таныстыру, күнтізбе жүргізу, табиғатты бақылау. Қазақстанның жабайы аңдары туралы түсініктерін кеңейту.
Өлі табиғат. Өлі табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Судың үш қасиеті туралы білімдерін бекіту. Көмір, құм, темір кені, балшық, мұнай, гранит сияқты өлі табиғат нысандарымен және олардың қасиеттері мен қажеттіліктерімен таныстыру. Оларды ажыратып, атай білуге үйрету.
Табиғат құбылыстары: тұман, найзағай, бұршақ, шық, қырау, сүңгі, тамшы, жылымық туралы білімдерін кеңейту.
Табиғатты қорғау. Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережелерімен таныстыру. Табиғатқа зиян келтіретін жағдайлар мен әрекеттерді атау.
Ауа мен судың ластану себептерін атау, себеп-салдарлық тәуелділікті орнату. Балаларда табиғатқа белсенді және әрекетті сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Туған өлкені қорғау туралы білімді кеңейту. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау дағдыларын үйретуді жалғастыру, қыста құстарды қоректендіру. Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
Қазақстанның «Қызыл кітабы» Қызыл кітаптың маңызын, барлық жануарлар қоршаған жағдайларға бейімделетінін және бұл оларға тірі қалуға мүмкіндік беретінін түсіндіру. Оларға ұқыпты және қамқорлықпен қарауға баулу.
Достарыңызбен бөлісу: |