Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс № 13. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыру



бет12/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс

Дәріс № 13. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Сөйлесім әрекеті және оның зерттелу жайы
2. Сөйлесім әрекетінің түрлері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сөйлесім әрекеті – күрделі мәселе. Оны ғалымдар зерттеу объектісіне қарай әр қырынан қарастырады. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің арақатысын сөз етсе, психолог сөйлесім әрекетінің жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, өызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілідк тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу аппаратының ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Адамның сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз – адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен алмасуы деген пікір айтады.
Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.
Бұл – тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі процесс.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекеті төрт түрге бөлініп қарастырылып келді: сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау.
Әдіскер ғалым Ф.Ш.Оразбаева сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырады: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім.Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол – түсіну. Бір адам екінші адамның айтқаныын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды.
Оқылым – тілдік қатынаста іске асатын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Оқылым – мәтіндегі белгілі бір ойды түсініп, қабылдап алуға бағытталған қатысымдық-танымдық әрекет. Оқылымның тілдік қатынастағы атқаратын рөлі туралы шетел, орыс әдіскерлері көптеген еңбектер арнады. И.М.Берман, З.И.Клычникова, И.М.Шварц, Т.Г.Егоров оқылымның психологиялық жағын зерттеп, оқылымға психологиялық тұрғыдан анықтама берсе, С.К.Фоломкина, А.А.Леоньев, С.Ф.Шатилов, И.Л.Бим, Т.С.Серова, Е.И.Пассов т.б. сияқты әдіскерлер оқылымның тілдік қатынасталатын рөлін зерттейді.
Оқылым дегеніміз – параққа түскен қатысымдық тұлғалардың мағынасы мен мазмұнын ой мен сана арқылы қабылдай отырып, мәтіннен нақты ақпаратты табу, түсіну, оны қабылдау және дауыстап не іштей оқу арқылы тілдік қатынасты іс жүзіне асыру.
«Жазылым» термині жазу деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.
Жазылым – тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Жазылым біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазылым графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқылы адамдардың бір-бірмен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағаз бетіне түсіріп, екінші бір адамға жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам өз ойын басқаға жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Айтылым – адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі.
Айтылым, яғни сөйлеу, негізінен, бір адамға тән әрекет болғанымен, тілдік қатынаста екі жақты байланыстың болуын қажет етеді. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады, сол үшін сыртқа шығарады. Сондықтан тіл үйренушіге ойын тіл арқылы жарыққа шығаруды үйретпей тұрып, оны сөйлесуге, тілдесуге үйрету де мүмкін емес.
«Сөйлеуге үйрету немесе «айтылым» дегеніміз – адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлеуі, яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың түсінікті болып, оны қабылдау арқылы оған өзіндік реакция жасауы немесе жауап қайтаруы. Мұның өзі сөйлеуге үйретудің тек бір адамға ғана байланысты мәселе емес екенін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы іске асады. Ауызша сөйлесімнің нәтижесінде түсінісуге жол ашылады. Соныдықтан оқушыны қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету дегеніміз – ең алдымен өмірде оны екінші адаммен түсінісе білуге үйрету, ойын, ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білуге, өзара ұғынысуға, қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген сөз.
Тыңдалым, яғни аудирование – соңғы жылдары көп сөз болып жүрген және оқу үдерісінде кеңінен орын алған маңызды салалардың бірі. Бұл терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну. Яғни тыңдалым айтылған немесе техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Тілдесім – сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, соған қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл – қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет