Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс №14. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту



бет13/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс

Дәріс №14. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту
Қарастырылатын мәселелер:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлауын дамыту мәселесінің зерттелу жайы
2. Оқыту үдерісінде оқушылардың сыни ойлауын дамыту ерекшеліктері
Дәрістің қысқаша мазмұны
Білім алушылардың білімді жүйелі түрде меңгерулерінде және жеке білім алушылардың қабілет деңгейлерін дамытуда “Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасының алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – оқушыларды жоғары ойлау, сынау ойлау деңгейлеріне жеткізетін шындалған ойлау әрекеті. Гуманитарлық пәндерде қолдануға өте тиімді бұл бағдарламаның ғылыми негіздері ретінде Д.Дьюи, Л.С.Выготский еңбектері алынған. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбектерінің нәтижесі.
“Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастар мен тепе-теңдіктер ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау” деп түсіндіреді жобаның авторлары [20].
Педагогика ғылымында «оқытудағы сыни ойлау» түсінігі біршама дерексіз, жалпы болғандықтан, одан өзін-өзі бағалау және сынау, сыни талдау, ұсынылған идеяларды сынақтау, шығармашылыққа бейімділік, күдік-күмәнмен қарау тәрізді ұғымдар таралған.
«Сыни ойлау» түсінігінің бұлайша анықталу жайлы дидактикада «білімді меңгеру» және осы алынған білімді талдай алу туралы жалпы ұғымды қалыптастырады. Білімді меңгеру мұғалімнен оқушыларды ақыл-ой әрекетіне жетектеп, сыни ойлау және ізденіс жағдайына әкелетін белгілі бір оқыту-үйрету тәсілдері, әдістері мен құралдары жүйесін қолдануды қажет етеді. «Оқытудағы сыни ойлау» түсінігінің ауқымы өзімен салыстырғанда төменірек құрылымдық деңгейдегі белгілі бір ұғымдардың жиынтығын қамтиды, яғни көптеген жеке ұғымдардан құралады.
«Сын және өзіндік сын», «сынау және өзін-өзі сынау» ұғымдарының әр түрлі анықтамалары кездесіп отырады, әдетте олар бір-біріне қайшы келмей, жан-жақты айқындап өзара толықтыра түселі. Бұл анықтамалардың алуан түрлі болып келуін ұғымдардың жоғарыдағы ұғымның мазмұны бойынша күрделі болуымен, оның қызметтік жағының “көп тараптылығын” көрсететін көптеген ерекше қасиеттері бар екендігімен түсіндіруге болады.
Шындығында да, барлық сынаулардың да түп тамырында адам ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге қатысты ұнату және жирену арқылы көрінетін алғашқы қарапайым жауап қатуы жатады.
“Сыни тұрғыдан ойлау” стратегиясы дамыта оқыту принципіне негізделгендіктен, оқытудың тиімді түріне жатады. Бұл стратегиялар бойынша оқушылар өз бетінше ізденіп, шешім қабылдау біліктілігін арттырады. Сонымен бірге білім алушыларды жеке-жеке зерттеуге және бақылауға мүмкіншілік береді.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай білім алушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оларда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғыну, қоғам және тұлғалық мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. .
Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет