Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»


Дәріс № 11. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру



бет10/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс

Дәріс № 11. Тақырып: «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беруде оқушылардың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
Қарастырылатын мәселелер:
1. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру мәселесінің зерттелу жайы
2. «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім беру үдерісінде оқушылардың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру жолдары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бүгінгі күн талаптарына сай оқу үдерісінің тиімділігін арттыру, пәндерді игертуде оқушыларға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оларды жалпы дамыту, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, шығармашылыққа баулу, оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру көзделіп отыр. Ғалымдар зерттеушілік тәсілдің мектеп оқушылары үшін белгілі бір ғылым әдісіне бастайтын жол екенімен қатар, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын маңызды құрал, шығармашылық ойлауы мен танымдық дербестігін дамытатынын атап өтеді. Соған орай, өздігінен оқу әдістерінің қоршаған ортаны тануға, өзіндік ойлау машықтарына баулитын негізгі оқу әдістері ретінде терең зерделеу мен зерттеушілік тәсілдің мәнін тану және оның оқушы бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудағы мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру қажеттігін айтады.
Зерттеу – танымдық әрекеттің белсенді формасы ретінде жаңа білімді өндіру тәсілі. Леонтьев А.В. зерттеушілік іс-әрекетке мынадай анықтама береді: «Зерттеушілік іс-әрекет – алдын-ала шешімі белгісіз және ғылым саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу әдістерін таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинау, оны талдау және қорытынды шығару сияқты негізгі кезеңдерден тұруды болжайтын оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік міндетті шешумен байланысты іс-әрекеті» [4, 9]. Демек, зерттеушілік іс-әрекетоқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы. Оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті оларды танымдық үдерістегі дайын мағлұматты қанағат етпейтін шығармашыл тұлғаға айналдырады. Сонымен қатар зерттеушілік іс-әрекеті оқушыларды жаңа білімді сыни тұрғыдан қабылдауға, оған шығармашылықпен қарап, өз ойларын сол шынайы ортаның жетілдірілуіне жұмсай білуге, ұжымда, топта және жеке берілген тапсырмалармен жұмыс барысында өзіндік жұмыс жасай отырып, сол жұмыстан өзіндік қорытындысын шығара білуге үйретеді.
Зерттеудің өзара эмпиристикалық және теориялық деңгейін бөліп ажыратады Эмпиристикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталған және бақылаулар мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымның ұғымдық аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты. Оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарындағы шынайы нақтылықты жан-жақты тануға бағытталған. Зерттеудің бұл екі түрі де тығыз өзара байланыста және ғылыми танымның тұтас құрылымында бірін-бірі шамалайды. Эмпиристикалық зерттеу бақылаулар мен тәжірибенің жаңа мәліметтерін анықтай отырып, теориялық дамуға жол ашады, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Теориялық зерттеулер ғылымының теориялық мазмұнын дамыта және нақтылай отырып фактілерді түсіндіру мен алдын ала болжаудың жаңа перспективаларын ашады, эмпиристикалыққа бағдар береді және бағыттайды.
Әрекет түрі ретінде зерттеу көзі – адам табиғатына тән танымға ұмтылыс. Ғылым қоршаған дүниені зерттеу сезімінен туады. А. Энгельгард «үздіксіз ізденіс инстинкты, белгісізді кішірейту инстинкты әрбір адамның санасына салынған» деп атап көрсетті. Зерттеу іс-әрекеті адамға ғана тән, ол ақиқатты игерудің қуатты құралы бола отырып, оның қабілеті мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан онымен әрқашан қатар жүреді.
Зерттеудің жетекші құндылығы – ақиқатқа жылжу үдерісінің құндылығы болып табылады. Сондықтан да зерттеу – әлемнің мейлінше шынайы бейнесін құруға ұмтылатын ғылымды дамытудың басты құралы. Орыс және әлемдік ғылымның классигі В.И.Вернадский: «Ғылым әдебиет пен өнерге қарағанда үлкен, бірегей, ешнәрсемен салыстыруға болмайтын адамзаттың күрделі әлеуметтік туындысы, ол бүкіләлемдік сипат алып тұр Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің формаларымен әлсіз байланыста. Бұл әлеуметтік жалпы адами білім, өйткені оның негізінде барлығы үшін тең міндетті ғылыми фактілер мен жалпы қорытындысы жатыр».
Қазіргі заманғы дәуір оқушыдан тек оқу үдерісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды барынша талап етеді. Бұл талап бұрын да болған, алайда өз деңгейінде жүзеге асырылмаған.
Озық ойлы педагогтардың теориялық мұраларында оқытудың зерттеушілік тәсілі жөнінде бағалы ойлар көптеп кездеседі. Мәселен, Я.А. Коменский оқушылардың пәннің мәнін тани отырып, оқу-таным үдерісінде шынайы ғылымға етене жақын болуы – оқу нәтижелілігінің басты шарты деп есептеген. Ал Ж.Ж.Руссо өзінің жұмыс тәжірибесінде білімді игерудегі догмалық тәсілдерін аяусыз сынаумен қатар, тәрбиеленушілердің қоршаған ортаны өздігінен зерттеуін негізге ала отырып, білімді өздігінен игеруге жол ашатын жаңа оқу әдісін ұсынады.
И.Г. Песталоцци “оқудың негізгі міндеті – ойлау қабілетін дамыту” деп есептейді. Оқыту үдерісі, оның ойынша, таным үдерісіне сай жүргізілуі керек. Өз кезеңіндегі мектептің схоластикалық әдістерін сынай отырып, И.Г. Песталоцци білімнің негізін құрайтын өзіндік зерттеулердің қажеттілігін баса көрсетеді.
Оқушыларды зерттеушілік әрекетке баулу өте маңызды, бұл баланың ақыл-ойын дамытады, білімдер мен біліктіліктерді шығармашылық түрге айналдырады. Пайда болған мәселеге қатысты танымдық қызметін ұйымдастыру рақылы оқушыда өз бетінше жаңа білім іздеп табуға деген даярлықтары мен қабілеттері артады, алға қарай жылжу пайда болады. Бұл дайындықтар мен қабілеттер неғұрлым күрделі де ауқымды болса, соғұрлым өзінің қызметін ұйымдастыру және бақылау қабілеті мен пайда болған мәселеге пара-пар тұлғаның интеллектуальдық мүмкіндігі жоғары болғаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет