Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, анализдеп, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс. ( https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/44449).
Пәндік нәтиже және метапәндік нәтиже ....
12 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Білім туралы» Қазақстан 41 Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 56- бабына сәйкес әзірленуде. Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім берудің стандартында жалпы орта білім бейіндері мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) деңгейінде оқыту бойынша (түйінді құзыреттіліктер) метапәндік нәтижелер төмендегідей анықталған: Физикалық-математикалық бейін пәндердің мазмұнын меңгеру келесі метапәндік нәтижелерді: 1) ақпаратты қолдану, жинақтау және саралау қабілеттілігі, ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жағдайында мақсат қою және олардың жетістікке жету жолдарын іздеу; 2) ауызекі және жазбаша тілін логикалық дұрыс, дәлелді және түсінікті құрастыру қабілеттілігі, пікірсайыс және пікірталасты (полемика) жүргізу дағдысына ие болу қабілеттілігі; 3) информатика, математика, физика, астрономия, моделдеу, графика және жобалау және т.б. облыстарында білімдерін жүйелендіру қабілеттілігі; 4) ақпараттық қоғамның мәні мен даму мәселесін түсіну; 5) математика, физика есептерін қоя білу мен шешу, және де ақпараттықкоммуникациялық технологияны қолданып, қолданбалы есептерді жобалау; 6) қолданбалы обылыстарда талдау әдістерін концептуальды, логикалық, және физикалық-математикалық деңгейде қолдану қабілеттілігі; 7) түрлі пәндер облыстарының нысандары моделдерін және де физикалық-математикалық есептерін түрлендіру және жобалау, талдау, құрастыру; 8) математиканың, физиканың талдамалы және имитациялық есептерін және де үйлесімді жобалықтар шешімі мен оның параметрлерін таңдау мақсатында бағдарламалық-аппараттық әзірлеме тәртібі моделдеуін орындау қабілеттілігі; 9) өз құзыреттілігі аумағында жеке шешім қабылдай алуы және өз бетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігі; 10) әр уақытта жаңа білім алуға құштарлығы және жаңа технологияны меңгеру қабілеттілігі т.б.
Интеграция – тығыз байланысқан бір бүтінді жасаудың нәтижесі. Ол оқытуда бір бүтін синтезделген курсқа түрлі пәндердің элементтерін (тақырып, бөлім), ғылыми түсініктерін және таным әдістерін біріктіру, пәнаралық байланысты шешу ғылым негіздерін комплекстеу арқылы жүзеге асады. Әдебиеттерде мысал ретінде бастауыш сыныптағы табиғаттану, жоғары сыныптағы адам анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәндері келтірілген.