Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01505 Биология Пән циклы атауы және коды



бет3/68
Дата08.02.2022
өлшемі104,3 Kb.
#117447
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология
мат сауаттылықтан формула, 369 формула(1), BILETY 1 GRUPPA, BILETY 1 GRUPPA, силлабус Биологияға кіріспе 2021-2022 01-биология, Аралық бақылау парағы-1, Рефераты по русскому языку, Рефераты по русскому языку
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
9.1. Дәріс
9.1.1. Тақырыбы. Кіріспе. Биология ғылымының даму кезеңдері. Пәнің мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі.
Сағат саны : 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Биология ғылым ретінде
2. Биология ғылымының жетістіктері
3. Биология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
4. Тірі организмдердің негізгі қасиеттері
Биология – бұл тірі организмдер туралы ғылымдардың жиынтығы, бұрын өмір сүрген және қазір жер бетіндегі ағзалардың әртүрлілігі туралы, тегі, таралуы мен дамуы, бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысы туралы ғылым. Биология тіршілікке барлық жағынан қатысты оның жалпы және жеке заңдалақтарын анықтайды.
Тірі табиғатты түсінуге алғашқы рет жүйелі түрде ұмтылғандар қатарына античтік дәрігерлер Гиппократты (460-370 ж.) және Галенді (130-200 ж.), сондай-ақ ерте заманғы грек философы Аристотельді (б.э.д. 384-322 ж.) жатқызуға болады.
Қазір биология тірі табиғат туралы ғылымдардың жинағы. Оның құрылысын әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болады.
Зерттеу нысанының алуан түрлілігіне байланысты казіргі кезде биология ғылымы жүйелі түрде тармақталған: 
вирусология - вирустарды зерттейді, ботаника - өсімдіктерді зерттейді, зоология - жануарларды зерттейді, микробиология - микроорганизмдерді зерттейді, микология-саңырауқұлақтарды зерттейді, анатомия - тірі ағзалар құрылысын, цитология - клетка түрлерін зерттейді, морфология - тірі ағзалардың сырт құрылысын зерттейді, физиология - тірі ағзаларды кұрайтын мүшелер мен Жүйелердің қызметін зерттейді, бриология - мүктерді зерттейді, альгология - балдырларды зерттейді, ихтиология - балықтарды зерттейді, орнитология - кұстарды зерттейді.
Жалпы биология - тірі табиғатты, оның алуан түрлілігі мен тірі ағзалардың құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін тарихи-эволюциялық ғылым.
Дәстүрлі жалпы биология клетка жөніндегі ғылымды, организмнің жеке дамуын, молекулярлық биология, генетика, эволюциялық ілім, биоэкология, биосфера және адам жөніндегі ілімді қарастырады.
Тірі организмдердің қасиеттері бойынша биологияның ішінен тірі организмдердің құрылысы туралы ғылымды, организмдердің қызметі туралы ғылымды – физиологияны, клеткалардың микроқұрылымын зерттейтін молекулярлық биологияны, тұқым қуалаушылық пен өзергіштің заңдылықтарын зерттейтін генетиканы және экологияны көрсетуге болады.
Биологияның дамуы негізгі үш кезеңді қамтиды:
1) систематикалық (К.Линней);
2) эволюциондық (Ч.Дарвин);
3) микроәлем биологиясы (Г.Мендель).
Бұлардың әрқайсысы тірі әлемі туралы түсініктің, биология көзқарасының өзгеруімен, биологиялық парадигмнің ауысуымен байланысты. Қазіргі заманғы биология микроәлемінің дамуының арқасында, тірінің молекулярлық құрылысын түсінуге байланысты тіршіліктің өзгешелігі, табиғаттың, органикалық пен бейорганикалық әлемдердің біртұтастығы толығынан көріне бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет