Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет26/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Электрохимиялық коррозия түрлері

Электрохимиялық коррозия бұл электрөткізгіштікке ие сұйық электролиттермен электрохимиялық әрекеттесуі нәтижесінде металдардың өздік зақымдалуы. Мұндай электролиттердің қатарына су, қышқылдардың сулы ерітінділері, сілтілер, еріген тұздар жатады. Электрохимиялық коррозия кеңінен тараған және олардың көптеген түрлері кездеседі. Электрохимиялық коррозияның басты себебі – металдардың термодинамикалық төзімділіктерінің төмен болуы және олардың иондық күйге ауысуға ұмтылуы.


Электрохимиялық коррозияда металдың қоршаған ортамен әрекеттесуі, металл бетінің түрлі аймақтарында өтетін анодты және катодты үрдістермен сипатталады. Коррозия өнімдері тек анодты аймақтарда түзіледі.
Электрохимиялық механизммен келесі коррозиялық үрдістер түрі жүреді: электролиттердегі коррозия – электр тогын өткізетін сұйық ортадағы металдардың коррозиясы. Электролит түріне байланысты қышқылдық ерітінділердегі, сілтілер және тұздар (қышқылдық, сілтілік, тұзды), теңіз, өзен суларындағы коррозия деп жіктелінеді.
Электролит құрамын коррозия үрдіс механизмі анықтайды, оның кинетикасы мен жылдамдығына әсер етеді. Мысалы, егер электролит аниондар немесе тотықтырғыштар құрамынан тұрса, коррозия жылдамдығы төмендейді, олармен әрекеттесу нәтижесінде металл бетінде қиын еритін тұздар қабыршағы түзіледі.
Электролиттегі еріген оттегі металдардың коррозия үрдісін тежейді немесе жылдамдатады.
Коррозия үрдісіне электролит концентрациясы да әсер етеді. Кез келген табиғи ортада тұз концентрациясының өсуімен бірге электролиттегі коррозия жылдамдығы алдымен максимумге дейін өсе түседі, содан кейін оттегінің ерігіштіктігі төмендеуі және катодтық үрдістің күрделенуі нәтижесінде азаяды.
Электролиттің температурасы да коррозия жылдамдығына әсер етеді. Температураның жоғарылауымен бірге электролиттің электр өткізгіштігі өсе түседі. Электролит температурасының өсуімен бірге коррозия жылдамдығы да ондаған немесе жүз есеге дейін артуы мүмкін;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет