өзіндік ой құрайды... Егер сөзді сол күйінде айтушыиың ойы ретінде кабылдай берстін болса, онда олөзі болудан да калады» деп жазған болатын.
Демек, тыңдаушы айтылған сөздің мәнісін ұғып қана қоймай, одан өзіндік ой тудырып қорытуға міндетті екенін білеміз. Дегенмен, бұл көрсетілген психологиялық үрдістерді қабылдау бейімділігінің гиімділігі дидактикалық шарттарға да қатысты (Л. Зорина). Мұғалімнің өтілетін сабақты толық меңгеруі тыңдатудың басты дидактикалық шарты болып табылады. Мұндағы негізгі көрсеткіштер: ойлау қабілеттілігі мен айқындылығы, мақсаттылығы, көрнекілігі, өмірмен байланыстылығы, т.т.
Тыңдатудағы және бір дидактикалық шарт — тақырыптың мазмұн-дылығы мен жаңашылдығы. Егер дәріс мазмүндылығы жағьнан оқушылар сұранымын қанағаттандырмаса, қызығуын оятпаса, жаңашылдығымен ерекшеленбесе олар тыңдауды қояды. Осыған байланысты дидактикалық үшінші шарт — оқулықтағы тақырып мазмұнын мұғалімнің байыптап, ерекшелендіре білуі. Л. Занков оқулық тақырыбы мен мұғалім сөзінің инварианттік дидактикасын негізге ала отырып, оқушылардың сауалнама жауаптарын талдайды. Нәтижеде ол мынадай қорытындыға келеді: «оқушылар оқулықтағы үй жұмыстарын жеңілдететін дәрісті мұғалімнен тыңдауды қалайды». Мұнда тақырыпты түсіндіруде мұғалімнің сөйлеу мәнерінің ерекше орны бар. Өйткені, мұғалім сөзі оқушы үшін тақырьпты ашып беруде, оны игеруде бірден-бір әсер ететін педагогикалық күшті құрал болып саналады. Ежелгі Римнің педагогикалық ойшыл ірі өкілі Марк Фабий Квинтилианның «мұғалім дауысы әрбір оқушыға күн нұрындай әсер етеді» деуінде үлкен мән жатыр. В. Капинос, Д. Розенталь, М. Теленкова, И. Полякова, Н. Шестакова еңбектерінде де тілдік сөздің байлығы, айқындылығы, нақтылығы, қысқа да нұсқалығы, әдемілігі әрі шынайылығы тағы сол сияқты қасиеттері туралы ғылыми тұрғыдан бағалар берілген. Метафора, аллегория, риторикалық сұрақтар, салыстырмалар, сөз басындағы инверсия, градация, т.т. пайдалану тілдің көркемділігін күшейтеді және есте сақтап қалу қабілетін жетілдіреді. Ой тек сөз және оның мәнімен жеткізілмейді, дауыс ырғағына да қатысты қабылданады. Эмоцияға толы сөздер тыңдаушылардың көңіл-күйін көтереді, қызығушылықтарын тудырады, сөздің мазмұнын қабылдауға жәрдемдеседі. А. Леонтьевтің пікірінше, оқыту үрдісінде эмоцияға көңіл бөлмеу оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын өшіруі әбден мүмкін.
Оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндеттеріне байланысты дәріс кезінде сөйлеу мәнерінің түрлі жобаларын біліп, қайсысын қолдануды айқындау керек. Жаңа тақырыпты игертуде хабарлама сөйлем тиімді болса, оны нақтылау мен терең сіңіртуде мұғалімнің дәлелге толы сөздері әсерлі келеді. Сондай-ақ педагог өз монологіне сабақ өтудің декларативті және императивті формаларында пайдалануға болады, яғни мұнда ауызша сабақ үрдісінде мұғалім мен оқушы арасындағы дидактикалық міндет жүзеге асып, бүкіл сыныппен байланыс орнайды. Бұл жерде, әрине, мұғалімнің жеке басының қабілеті ерекше орын алады. Ол үшін мұғалімнің жеке сапалық қасиеттері жоғары болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушыларының ішкі жан-дүниесіне үңіле алады, бойында бар адамгершілік қасиеттерін оятады және ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, т.т. Оқушыларды өзіне тарта, қызықтыра тәрбиелеп, басқару олардың білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, ілгері қарай жылжып, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қабілеттерін ашады. Қысқасы, мұғалім сөзінің, жалпы бала тәрбиесіндегі өзіндік орны айрықша. Сондықтан бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарап, әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы, педагогикалық техникаларды толық меңгеруі шарт. Ал педагогикалық техника дегеніміз — мұғалімнің өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сезімталдығы, сөзге шешендігі. Мұның ішіндегі ең бастысы — мұғалім сөзі. Өйткені, мұғалім сөзінің оқыту-тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерттеулерді талап етеді.
Иллюстративтік және таратылым материалдар
Негізгі әдебиеттер:1-5
Қосымша әдебиеттер:1-8
5-дәріс. Педагогтардың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде
Жоспары:
1.Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз.
2. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз-мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы.
3.Педагог сөзінің тиімділігінің элеуметтік-психологиялық факторлары. Сөз мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім сөзінің логикасы. Сөз сөйлеу құралдары.
4.Сөз, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.
Педагогикалық қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат
алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас-айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.
Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді.
Шығыстың эл-Фараби, Жүсіп Баласағұн сынды ғұлама ойшылдары қарым-қатынас ұғымының біртұтастығына, адамдар арасындағы өзара әрекетке аса зор мән берген. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік ойларға толы «Қүтадғу білік (Құтты білік)» атты дастанында адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, сөз өнері, сөйлеу шеберлігі туралы өте әсерлі баяндалады. Мысалы, осы дастанында жазылған: «Сөзіңді ізгі сөй.ле, өлсең де өлгісіз», «Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз», «Қадірлісі — тіліне ұят сіңгендер, жүрек сөзін жүрегімен білгендер!» т.б. даналық сөздерінің тәрбиелік мәні кандай адамның болмасын жүрегіне жағымды, санасына сіңімді екені анық.
Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады.
Қазіргі таңда зерттеуші-ғалымдар қарым-қатынастьң түрлі аспектілерін жан-жақты қарастыруда. Бұл феноменнің философиялық негіздері ретінде B.C. Библердің, М.М. Бахтиннің, М.С. Коганның, Ж.М. Абдильдиннің, Қ.А. Абишевтің, Ш. Қасабековтың және тағы басқа ғалымдардың құнды еңбектерін атауға болады. Жеке тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктері Б.Г. Ананьев, В.Н.Мясищев, С.Л. Рубинштейн сынды белгілі ғалымдармен зерттелген.
Ал педагогикалық ғылымдар саласында қарым-қатынас мәселелері А. А. Леонтьсвтің, А. А. Бодалевтің, А.В. Мудриктің, В. А. Кан-Каликтің, Н.Е. Щуркованың, А.И. Щербакованың, В.А. Сухомлинскийдің, Ш.А. Амонашвилидің, С.Л. Соловейчиктің, А.Б. Добровичтің, И.А. Зимняяның, Я.Л. Коломинскийдің, А.А. Реанның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.
Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.
Л.И.Рувинский болашақ мұғалімдерге кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін байқату үшін мынандай тренинг ұсынады.
Сабақта отырған барлық студенттер жұптасып кез келген еркін такырыпта өзара 1-2 минут әңгімелессін. Уақыттары аякталған соң отырғандардың ішінен біреуін ғана аудитория алдына шығарып сол айтқандарын көпшіліктің алдында қайталап беруі сұралады. Сонда кәсіби қарым-қатынас пен жәй қарым-қатынастың айырмашылығы тез сезіледі. Аудитория алдына шығып сөйлеушіде мынандай сезімдер байқалуы мүмкін:
Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжудың пайда болуы.
3) Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4) Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттілігі жайлы түйсік.
Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажеттігін түсіну, бірақ не екені онша айқын еместік.
Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
Бұрын үйреншікті болып келген дене қимылының, қозғалысының, жалпы мінез құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8) Өзгерген қарым-қатынас формасында мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
9) Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған ақпаратты неғұрлымсол қалпында жеткізуге талпынушылық.
Тыңдаушыларды қызықтыруға тырысу
Ақпаратты сұрыптауға, мазмұндауға және жеткізу формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Енді әр студент кәсіби-педагогикалық карым-қатынас жасай алу үшін өз бойларында барынша нені жаттықтыру қажет екенін анықтайды. Атақты педагог А.С.Макаренконың мынандай сөздерін есте сақтаған абзал: «Біз көп жагдайларда дұрыс сөйлей алмаймыз. Мұғалім сөйлегенде оның сөзінен оның мәдениеті, еркі, саналылыгы байқалып тұруы керек. Бұган әдейі үйрену қажет».
Тағы бір ескеретін жағдай адамдардың өздеріне жақын адамдармен әңгімелесулері қызықтырақ болып, ал бейтаныс адаммен тез әңгімелесіп кетудің оңай еместігі. Ал жас мұғалім үшін өзіне таныс емес балалар сыныбына келгенде олармен қарым-қатынасты дұрыс орнату тіпті қиынырақ болуы мүмкін. Сондықтан балалар аудиториясын жақсы біліп, жақсы танып, жақсы көру арқылы ғана педагогикалық қарым-қатынастың табысты нәтижесіне қол жеткізуге болады. Осыған орай белгілі педагогВ.А.Сухомлинскийдің:«Гәрбмегй/ өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді» деген сөздерін есте сақтаған жөн. Әрине, бұндай өнерді меңгеру үшін тартынбай талаптану, ерінбей еңбектену керек.
В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммунңкативтік міндеттерді шешудің негізгі кёзеңдері анықталған:
- қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың
мандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай
оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін
анықтайды);
- өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл
арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу,
т.б.);
тыңдаушылардың қарым-қатынаСқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
вербальдық қатынасты орнату кезеңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ жүйелі түрде сөйлеу);
мазмұнды жэне эмоционалды і<ері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ацпаратты баяндаудың логикалыығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып көлемінен алшақтатпау, цызыцты проблемалъщ сүрацтар цою, оцушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады.
1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын
қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың
Достарыңызбен бөлісу: |