5. Анаэробты (газды) инфекция.
Бұл ара арқылы пайда болатын инфекция. Қоздырушылар Clastrudium perfringens. CL.Oedematicus Clastridium maligni, Clastridium hystalitisus ауасыз жерде өсіп дамитын микробтар.
Этиологиясы (себептері) Түйрелген жаралар (біз, шеге, айырмен жаралану); асептика, антисептика тәртібін сақтамай денеге инемен дәрі жіберу; жаншылған жаралар; қан тоқтатуға ұзақ уақыт байлам қолдану (жгут); көлемді гематома.
Осы жағдайлардың бірінде жарақаттанған жерде от тегі жетіспейді, жоғарыда аталған микробтардың өсіп-өнуіне мүмкіншілік туылып төменгі ауруларды тудырады: газды абсцесс, газды гангрена, газды фрегмона, қатерлі домбығу.
Бақылау сұрақтары. 1. Хирургиялық инфекция туралы түсінік.2. Хирургиялық инфекцияның жіктелуі 3. Организмнің қоздырғыштарға тосқауыл қою механизмі 4. Аэробты (іріңді) инфекция 5. Анаэробты (газды) инфекция.
№13 Дәріс
Тақырыбы: МЕХАНИКАЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ АШЫҚ ЖӘНЕ ЖАБЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАР
Сұрақтар: Жара және жара ауруы туралы түсінік. Жараның белгілері және жіктелуі. Жаралану кезіндегі жіті қан аздық. Қан тамырларындағы қанның ұюы, оның алдын алу және емдеу. Жара процесінің биологиясы. Жараларды емдеу тәсілдері мен қағидалары.
Жабық механикалық жарқаттар Соғылу, гематомалар, лимфоэкстровазаттар, гемолимфоэкстровазаттар, жаншылу, созылу, үзілу, шығу, сыну. Этиопатогензі және клиникалық беліглері, балауы, емдеу және алдын алу шаралары. Термиялық, химиялық және термохимиялық үсіктер және күйіктер. Күйік дәрежелері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі. Күйік ауруының алдын алу. Электр тоғы мен найзағайдан жарақаттану. Электр тоғы мен найзағайдың мал организміне әсері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі.
Үсіктер. Үсіктің дәрежелері. Патогенезі, клиникалық белгілері және емі. Үсіктің алдын алу.
Дәріс мақсаты: студенттерді ашық және жабық механикалық зақымдармен таныстыру. Ашық және жабық механикалық зақымдануларды, сондай-ақ химиялық және термиялық зақымдануларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін үйрету.
Жара (Nulnus) – терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы. Оның белгілері – ауырсыну, ауызының ажырауы, қанағыс және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жарылу, тырналу дейді. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы-борпылдақ дөнекер ұлпадан, шандырдан, бұлшық еттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірлерден түрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы (дейді) дамиды.
Жараның түрлері. Жаралар үш түрге бөлінеді – операциялық, кездейсоқ және соғыс жаралары. Операциялық жаралар малға әр-түрлі асептикалық операция жасағанда (пішу, жарыққа операция т.б.) және абсцесс, флогмена тағы сол сияқты инфекциялық процесстерді тіліп емдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, тістелген, жаншылған және уланған жаралар.
Түйрелген жара. Ол үшкір заттармен (шеге, ағаш бұтағы, сым темір, біз т.б.) жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып көп жарақаттамай енеді. Мұнда жараның ауызы тар болып, кейде бітеліп тұрады, көп қан ақпайды, бірақ анаробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан тамырлар жараланып гематома пайда болуы да ықтимал.
Тілінген жара. Өткір заттармен (пышақ, қылыш, скальпель, ұстара, әйнектің сынығы т.б.) жараланған болады. Мұнда жараның ауызы ашылып турады, қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналысындағы үлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептері – балта, қылыш, кұрек тағы сол сияқты заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбірек жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп кейде дененің шабылған бөлшегі салбырап тұрады.
Соғылған жара – жымыр заттардың әсерімен пайда болады, мысалы: балғамен, таспен, малдың тұяғымен т.б. заттармен. Мұнда жара пайда болуымен бірге оның айналасындағы тері, үлпалар зақымдалады, сүйек сынуы да мүмкін. Жарадан қан көп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе мұнда тері және шел жараланғандықтан жара өте терең болмай ауызының ажырауы шектеулі болады.
Жыртылған жара. Жыртқыштардың тырнағымен, темір ілгек, қармақ, бұтақ-шегелердің әсерінен пайда болады. Мұнда тері, оның астындағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады, сондықтан бұл жаралардың пішіні, тереңдігі бір келкі емес, кейде жыртылған терісі салбырап тұрады, қан көп ақпайды.
Тістелген жара. Малдардың тістерінен пайда болуы, мұнда ұлпалардың соғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседі. Тіспен жараға микробтар да енеді, басқа жараларға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусынан қауіп бар.
Жаншылған жара. Бұл жара өте ауыр жарақатта, мысалы: мал ауыр машинаның, трактор немесе құрылыс бетон қабырғаларының астында қалғанда пайда болады. Мұнда жара көлемді, еттері мыжылып жаншыған, шеттері жыртылып қан ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерге жыртылып қан ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупі бар, ұсақ мал болмаса ірі малды емдеудің нәтижесі болмайды.
Уланған жара (миксты). Жараның беті улы химиялық заттармен, радиоактивтік элементтермен ластанып организмге қосымша зақымын тигізсе олар миксты деп аталады. Уланған жаралар жыланның, қарақұрт, шаянның шаққанынан да блады. Бұл жаралар өте қаупті сондықтан бұған жан-жақты хирургиялық және арнайы ем қолдану керек.
Түйлектелген жаралар (комбинированные). Бұл жарада жоғарғыда айтылған екі-үш жараның түрлері кездеседі, мысалы: ұрылған, соғылған және жыртылған. Мұндай жараны соғылып-жыртылған жара дейді. Сол сияқты басқа да жаралардың араласқан түрлері кездеседі. Жаралардың үшінші түріне соғыста пайда болатын жаралар жатады.
Атпақару жаралары. Бытыра, оқ жарқыншақтың әсерінен пайда болатын жаралар. Мұнда қапталдан соққының әсерімен тек жара ғана пайда болып қоймай, оның айналасындағы ұлпалар да жарақаттанады. Бұл жаралардың ерекшелігі – денеге оқ және сол сияқты қарулармен бірге тереңге микробтар, әр-түрлі бөгде заттар (жаңқа, құм, жүн, т.б.) енуі мүмкін. ғылым Борстың зерттеуі бойынша бұл жарада оның өзегінен сыртқа қарай 3 зона болады. Олардың жарақаттануы әртүрлі, сондықтан ем қолданғанда осыны ескеру керек.
«Бірінші зона» жара өзегі зонасы. Бұған жараның өзегі жатады. Оның қуысында жаншылған ұлпалар, бөгде заттар, микробтар, ұйыған қан болады.
«Екінші зона» (жарақат некрозы). Бұған жара өзегін тікелей қоршап жатқан өлестенген ұлпалар жатады.
«Үшінші зона» (молекулярлық шайқалу немесе некроз резерві). Бұл екінші зонаның сыртқа қарай жалғасып болып келеді. Бұл жердегі ұлпалар некрозға ұшырамайды, бірақ торша структурасы өзгереді, ұлпааралығы қанталайды, жүйкеленуі бұзылады. Кейіннен бұл ұлпалар жартылай өліеттенуі мүмкін.
Кейбір ғалымдар «төртінші зонаны» да айырады (ареактивтік зона). Мұнда қан тамырлары салдануы, жүйкелену жағымен өзгерістер, ұлпаның зақымдалуы байқалады. Бұл зона жарақатталмаған ұлпалармен шектеседі.
Атпақару жараның айналасындағы терісі, еттері өліеттеніп ісініп тұрады. Жақын жерден атқан оқтың күйген іздері, оқ дәрінің иісі қалады. Мұнда жараның тесіп өткен түрлері кездеседі, оның кірер және шығар тесіктері болады. Кірер тесігі дөңгелек, үш бұрышты, жұлдыз тәрізді болып, айналасындағы терісі ішіне бүктеледі. Шығар тесігі жан жағы жұлынып үлкен болады. Оқ немесе жарқыншақ денеге енгенде ұлпалардың тығыздығына қарай бағытын өзгертеді. Сондықтан жара өзегі тура болмайды. Мұндай жараларда сүйек сынуы, инфекция процессі дамуы мүмкін, сондықтан жазылу мерзімі ұзаққа созылады.
Пайда болу уақытына қарай және организмнің оған реакциясына байланысты жараның үш түрін айырады: а) жаңа пайда болған - жара пайда болған уақытынан 24-36 сағатқа дейін, б) қабынып кеткен жара – қабынудың клиникалық белгілері айқын білінгенде; в) инфекциямен асқынған жара – іріңді инфекциямен немесе газды инфекциямен асқынғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |