2. Жараның белгілері
Жараға тән белгілері: ауырсыну, қан ағыс, ауызы ажырауы, қызметтің бұзылуы.Аурсыну организмнің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процесінің ары қарай дамып асқынуына кедергі болады. Әрине қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндылығын да тигізеді. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңінде қатты білінеді, кейінірек басылынқырайды, кейде кейінде солқылдап ауырсынады.
Айырсыну жараланған жердің жүйелеуіне байланысты болады, неғұрлым жүйкесі көп жер жараланса сол ғұрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Түлігіне қарай малдың сезімтал реакциясы әр-түрлі болады. Ірі қара мал жылқыға қарағанда төзімді келеді, ал иттер, шошқалар, мысықтар өте сезімді болмағандықтан, естен тануы да байқалады.
Құстардың аырсыну сезімі өте төмен. Ауырсыну организмге зиянды әсерін де тигізеді. Ол қан-лимфа айналасына, жүрек қызметіне тынысына, ішек-қарын қызметіне кері әсер етеді. Сондықтан қатты және ұзақ ауырсыну организмге өте қатерлі, мал естен танып өліп кетуі де мүмкін. Осыны ескеріп алдын ала шара қолданып ауырсынудың әсерін төмендеткен жөн.
Жараның негізгі бір белгісі – қанағыс. Оның төмендегідей түрлерін айырады; сыртқы және ішкі, жаралған тамырларына қарай артериалды; венозды, каппилярлы, аралас; уақытына қарай алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аэррозионды қан ағысты бөлек айтады. Мұнда қан тамыры қабырғасынан немесе бір мүшелердің сыртынан қан шым-шым пайда болып ағып тұрады.
Сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын білінеді, ішкі қанағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына (буын, кеуде, құрсақ т.б.) жиналады сондықтан оларды ұлпааралық немесе қуыс қан ағысы дейді. Егер қан буын қуысына жиналса оны гемартроз, кеуде (көкірек) қуысына жиналса оны гематоракс деп қуыстың атына сәйкес атай береді. Осындай қан ағыстарда мал әлсірейді, қан тамырының соғысы жиіленіп, көрінетін кілегей қабықтары бозарыңқы болады, демікпе (одышқа) байқалады, мал теңселіп айдауға жүргісі келмей, жатуға тырысады.
Алғашқы қан ағысы – жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан әлде сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін ол қайталануы мүмкін. Оның себепкері – алғашқы аққан қан жөнді тоқтатылмауында; пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі; қосымша жарақаттануы; жараны таңған дәкені өрескел шешу, ауыстыру; жараның ішінде қалып қойған сүйек сынықтарымен және басқа бөгде заттармен жарақаттану; байланған қан тамырларының басқа жерден үзілуі (ыдырауы).
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп – қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, вазоконстрикторлардың жартылай салдануы (параз), организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Қансырау (острое малокровие). Қансырау ірі қан тамырлар жарақаттанғанда кездеседі. Алғашқы кезде малдың қан тамырың соғылуы, тынысы жиіленеді, көрінетін кілегей қабықтары бозарып көкшіл тартады, ол жатып қалып, кейіннен жағдайы ауырлап өліп кетуі де мүмкін. Мал түліктерінің қансырауға төзімділігі әр-түрлі болады. Ірі қара малмен иттер төзімді келеді, мысалы ірі қара денедегі 50% қаннан айырылғанда ғана өлуі мүмкін, ал жылқы қансырауды ауыр көтереді, ауыр арық малдар қансырауға төзімсіз келеді.
Емі. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин, тынысы ауырлаған жағдайда лобелин қолдануды, мейлінше су береді. Қан тамыры арқылы 5% дейін глюкоза қосып хлор физиологиялық ерітіндісін жібереді, оны тері астына да жіберуге болады. Қан алмастырып сәйкес қан қию, немесе оның орнын босатын ерітінділер – полиглюкин, реополиглюкин, гемодез және В.Н. Петров ерітіндісін қолданады.
Жара ауызының ажырауы. Бұл белгі тері астындағы бұлшық еттердің ұзынынан немесе көлденеңінен жаралауына байланысты болады. Ұзыннан жаралғанда жараның ауызы көп ажырамайды, ал көлденеңде – ажырауы жақсы байқалады. Ауызы кең жаралардың ластануы көбірек болады, сондықтан ұзаққа созылуы мүмкін. Мұндай жараларды емдегенде жартылай тігіп шеттерін жақындату керек. Ауызы тар жағдайда (мысалы түйрелген жараларда) анаэробты инфекцияның даму қаупі бар.
Қызметінің бұзылуы жараның пайда болған жеріне және уаырлығына байланысты болады. Егер өмірге жанды жерлер – бас, жұлын әлде организмнің қимылдау мүшесіне әсер етілсе – бұлшық еттер, сіңірлер көлденеңінен шорт тілінсе мал ақсап жүре алмай қалады. Ал жнңіл-желпі және малға қатты әсерін тигізбейтін жараларда қызметінің бұзылуы айқын болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |