Білім беру бағдарламасының тобы- ветеринария Дайындық бағыты: Ветеринария Білім беру саласы Ветеринария Нур-Султан 2019



бет24/36
Дата30.03.2022
өлшемі1,25 Mb.
#137301
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
cillabus vet hir 10.09.19

4. Аэробты (іріңді) инфекция
Малда бұл инфекция жиі кездеседі, көпшілігінде бір жерде шектеліп жіті-іріңді түрде өтеді. Кей жағдайда созылмалы түріне, ал асқынған жағдайда ауру жалпы инфекцияға айналады.
Бұл инфекцияның ерекшелігі – іріндеумен өтеді.
Этиологиясы. Инфекцияның дамуына көбінесе тері мен кілегей қабығының жарақаттанып аэробты микробтар (стафилакокктар, стрептококктар, криптококктар, көк іріңді таяқшалар, ішек таяқшалары) енуімен байланысты болады.
Патогенезі. Микробтың әсерімен ұлпалар жарақаттанып, өлі өттенеді, оған организм қарсы әрекет ретінде сол жерде іріңді қабыну пайда болады.
Іріңді (аэробты) инфекция нормергиялық, гиперергиялық және гипоергиялық түрде өтеді.
Нормергиялық түрінде іріңді инфекция шектеліп жан жағына көп тарамай, іріңді –ферментативтік өлі еттену процесстері ұлпаларда шағын өтеді. Малдың дене қызуы көп көтерілмейді. Ірі қара малда, шошқаларда 0,5-10-ке , ал кей жағдайларда көтерілмеуі де мүмкін, тек тыныс және қан тамырларының соғуы жиілейді. Жылқы мен иттерде дене қызуы айтарлықтай көтеріліп, тынысымен қан тамырларының соғуы жиіленеді, жалпы жағдайы жабыраңқы болады, Инфекцияның бұл түрі асқынбай ұзаққа созылмай жеңіл түрде өтеді.
Гиперергиялық түрі. Мұнда микробтардың вируленттігі және организмнің оған қарсы әрекеті де (реактивность) жоғары болғандықтан инфекция ауыр түрде асқынып өтеді. Инфекция пайда болған жерде үлпаның некрозы үдейді, қатты ісінеді, граниляциялық кедергі дамып үлгермейді, кейде мүлде пайда болмайды, сондықтан ауру төңірекке жайылып бар денеге әсер етеді.
Жергілікті процесс жалпы процесске айналып кетуі мімкін.
Гипоергиялық түрі. Арық, көтерем, ауру малда инфекци жоғарыда айтылғандай үдейіп өтпейді. Әлсіреп тұрған организм микробтармен қарсыласуға көп күші болмайды, сондықтан ісіну, некроз процесстері ұлғаяды. Организмнің жалпы қарсыласу әрекеттері төмен болғандықтан денеқызуы көтерілмейді, лейкоцитоз байқалмайды.
Іріңді инфекцияның емі. Ем әрекеті комплексті, қоздырушылардың биологиялық ерекшеліктері мен іріңді қабынудың даму сатысы аурудың нормергиялық, гиперергиялық және гипоергиялық түрлеріне сәйкес болу керек. Іріңді инфекцияның қай даму сатысы болмасын емдеу негіздері мына шараларды қамту керек:
а) ауру малға жергілікті және жалпы антипотогенді қорғау принциптеріне негізделген шара;
б) микробтың факторға және организмге әсер ететін уытқа (организмнің улнуына қарсы) қарсы шара;
в) оперативтік және консерваивтік әдістермен жарамы өлі өттен тазарту;
г) малдың күй-жағдайын көтеру үшін оны құнарлы жем-шөппен қамтамасыз ету, витаминотерпия қолдану;
д) жазылу кезеңінде өлшемді қозғалыс пен физиотерапиялық ем қолданған жөн.
Консервативтік емі. Іріңді инфекцияның алғашқы кезеңінде 0,25% новакоин ерітіндісіне гидрокартизон немесе антибиотиктер қосып (бензилпенициллиннің натрий, калий тұзы, мономицин, қанамицин, гентомицин) қысқа тежеу жасау керек. 70% этилді спирт, ихтиол, камфорлы спиртті қолданып спирт кептіргіш немесе қыздырғыш компресстер салады. Кейде осындай емнен кейін ауру ары қарай дамымай жазылып кетеді.
Ұлпаға торша элементтерінің шоғырлану (инфильтрация) және абсцесске айналу кезеңдерінде кең спектрлі антибиотиктер қолдану, қан тамырларына 0,25% новокаин еретіндісімен антибиотиктерді, сульфаниламидтерді (терең антисептика) егу қажет. Кейбір авторлар осы кезеңдерде суық қолануды ұсынады, бірақ оны бас кезеңде қолданған жөн.
Абсцесс (бітеу жара) пайда болғанда оны жарып, ішіндегі іріңді сыртқа ағызып, қуысын антисептикалық ерітінділермен шайып, антибиотиктер қолданады.
Оперативтік емі іріңді инфекция асқынып жоғарғы айтылған емдеу тәсілдері нәтижесіз болғанда оперативтік ем қолданады. Ол мына жағдайларда қолданады:
а) абсцесс, флегмона пайда болғанда ;
б) ірің анатомиялық қуыстарға жиналып оны ине арқылы шығару мүмкін болмаған жағдайда;
в) ірің қалта мен қуыстарға жиылғанда;
г) бөгде зат (инородное тело) болғанда, үдейе түскен некроз, лимфангоит ауруларында.
Опрацияға дайындықты жалпы ереже талабын сақтап жүргізеді, терінің тілетін жерін 0,25-0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандырады, кейде миорелаксанттар қолданады. Ауыр қан көп кететін операцияларда жүрек жұмысын жақсарту және қан ұюын тездету үшін қан тамыры арқылы 10% калтций хлоридін жібереді. Бұл іріңді операция болғандықтан қолға резинке қолғап киіп асептика, антисептика ережелерін сақтаған жөн. Жарып емдегенде тілінетін жерде ірі қан тамырлары мен жүйкелерді зақымдамай, оларды мейлінше аз жарақаттауға тырысу керек. Операцияның бір мақсаты іріңді қуысынан шығару, оның еркімен ашып, керек жағдайда астыңғы жағынан қарсы тесіп жол ашады ( контрапертура). Операцияның соңында жақсылап қанды тоқтатады, іріңді қуысты антисептикалық ерітінділермен шайып, соңында йодоформды эфир, қуыс кең болса ұнтақтар (стрептоцил, йодоформ, трициллин т.б.) себеді, антибиотиктер қолданады.
Абсцесс-бітеу жара. Ұлпалар мен мүшелерде болатын шектелген іріңге толған патологиялық қуыс. Егер ірің анатомиялық қуысқа жиналса оны эмпиема дейді.
Этиологиясы. Әр түрлі жарақат қан арқылы денеге ірің тудыратын микробтардың (стафилакокк, көк іріңді таяқшалар, криптококктар, түберкулез таяқшалары) енгенде, кейбір керең құлақтар немесе әр-түрлі химия заттардың әсерімен (скипидар, керосин, кротон майы) пайда болады. Абсцесстің мына түрлері болады: ағымына байланысты жіті, жітілеу, созылмалы; пайда болу себебіне қарай асептикалық және инфекциялық; беткейлі (тері астындағы), тереңді, қатерсіз (доброкачественный), қатерлі, метастатикалық (қан арқылы тарайтын түрі), ағынды абсцесс (натечный), суық абсцесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет